АЛҚАҒАШТЫҚТАР ' АРДАГЕРЛЕРІН АРДАҚТАДЫ
АЛҚАҒАШТЫҚТАР ' АРДАГЕРЛЕРІН АРДАҚТАДЫ
Екінші дүниежүзілік соғысқа Шал ақын ауданының Алқағаш ауылынан 74 азамат аттанған. 9 мамыр Ұлы Жеңіске 70 жыл толған күні ауылда осы мерекеге арналған митинг өтті.
Жеңіс күнін ауылдастарымен бірге тойлауға Астана, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Көкшетау, Петропавл қалаларында тұратын алқағаштықтар тайлы-тұяғымен жиналды.Салтанатты митингке Шал ақын ауданының әкімі Марат Омаров қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Содан кейін ауыл түрғыны Жұмабай Сыздықов баяндама жасады.
Онда айтылғандай, соғысқа ауылдан аттанған 74 азаматтың 38-і Ресей. Украина, Белоруссия, Польша, Венгрия, Чехословакия жерінде қаза тапқан. Тек 1941-
1942 жылдары ғана 25 жерлесіміз майдан даласында мерт болып, хабар-ошарсыз кетіпті.
36 жерлесіміз от пен оқтың ортасынан аман оралды. Олардың арасында Қошқарбай Жақыпов Берлинді алуға қатысты.
Осы айқаста көрсеткен ерлігі үшін ол Қызыл ту орденімен наградталды.
Тағы бір жерлесіміз Шери Сайдалин Венгрияның астанасы Будапешт қаласы үшін болған шайқаста көрсеткен ерлігі үшін Қызыл ту орденімен марапатталды.
Осы орденге тағы екі ауылдасымыз - Ғалым Сәкенов пен Серікбай Ахметов те ие болды.
Серікбай Ахметов 1945 жылы Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысқан.
Майдангерлер бейбіт еңбекке де белсене араласты. Мәселен, Жәкежан Нүркенов ауылға оралғасын тракторға отырып, зейнетке шыққанша еңбек етті.
Ап Ғаббас Әбжанов, Сағынай Бейсенов, Жанғали Бестенов кеңшардың малын бақты. Байғали Қожин мен Шери Сайдалин жылқышы болды.
Майдангер Шәрәп Әубәкіров әр-түрлі еңбекке араласып, ұжымшардың төрағасы қызметін атқарды.
Зейнеткерлікке пошта қызметінен шықты. Шәкең көп сөйлемейтін. Бөлімше партия ұйымының жиналыстарында сөз алғанда кемшіліктерді тізіп, басшыларды қатты сынайтын.
Ауылда біздің үй мен Шәкең үйінің арасында үй болған емес, көрші тұрдық. Шәкең күнде кеңшар орталығы Кривощеководан ауылға үлкен пошта сөмкесін толтырып газет-журналдар әкеледі. Ол кезде сексен үйлі Алқағаш 80 дана "Ленин туы" газетін жаздырады деп айтсам қателеспеймін. Шәкеңнің еңбегінің нәтижесі еді.
Майдангер жерлесіміз Еңсеген Жүзенов еңбекке араласып, жоғары білім алды, партия, кеңес органдарында лауазымды қызметтер , атқарды.
Тағы бір майдангер ауылдасымыз Өмірбай Ыбыраев етінің тірілігінің арқасында білім алып, қызмет жасады.
Кеңшар директоры болып, жұмысшылардың тұрмысын жақсартуға зор септігін тигізді. Балаларының барлығына білім беріп, оқытып үй қылды.
Айдархан Кәкіжановтың тағдыры тіпті қызық. Ол майданға өзі сұраныпты. Бірақ әскер жасына толмаған соң ала қоймайды.
Бірде оған комиссариат аудан орталығы Марьевка селосынан Петропавлға өскерге алынатын бір топ азаматтарды апаруды тапсырады. Ол осы жағдайды пайдаланып, қалаға келгесін өзі сұранып, ағайын-туыс-қандарын, үй-ішін ескертпестен' майданға аттанып кеткен. Өзі бұл туралы сыр шашып көрген емес, болған жайды майдандас жолдастары айтатын. Жерлесіміз соғыста жараланып, мүгедек болып оралды.
Жүрек тұсына қадалған жаудың оғы дәрігерлердің кеңесімен ота жасап алынған жоқ. Ауа райы өзгергенде сол жарақаты әсер етуші еді. Бірақ, соған қарамастан, майдангер құлшынып еңбекке араласты. Көрші Қаратал ауылында бірнеше жыл есепші болды, сосын туған ауылында отыз жылға жуық бөлімше басқарды. Кейінде Кривощеково ауыл-дық кеңесінің төрағалығына сайланды.
Мерекелік шара аясында ауылдағы Ұлы Отан соғысының құрбандарына 1975 жылы қойылған ескерткіш жаңғыртылды.
Оған Петропавл қаласында тұратын ауыл азаматтары Шортанбай Мұхамеджанов, Мұрат Қошанов, Сағат Хамзин, Азамат Жахин, Қайрат Дүйсенбин, Жұмабай Сыздықов және тағы басқалар зор үлес қосқан.
Мәрмәр тасқа соғысқа қатысқан жауынгерлердің аты жаңадан жазылды. Ескерткіштің айналасына ағаштар егілді. Ауылына жасаған елеулі көмегі үшін "Есіл су" АҚ филиалы директорының орынбасары Мұрат Қошановқа аудан әкімінің Құрмет грамотасы тапсырылды.
Жиналғандарды Жеңіс мерекесімен атақты механизатор, "Октябрь революциясы", "Құрмет Белгісі" ордендерінің иегері Жақсылық Шәкіров, майдангердің ұлы Шортанбай Мұхамеджанов, тыл еңбеккері Рахила Қожантаева, "Есіл су" АҚ филиалы директорының орынбасары Мұрат Қошанов және Алматы қаласынан келген соғыс ардагерінің ұрпағы Қуандық Қазымбетов пен оның зайыбы Гүлжамал құттықтады. Қайрат Дүйсенбин мен Бабахан Өсіпов майдангер ағаларына - арнаған туындыларын оқыды.
Ал ауыл мектебінің оқушылары мерекелік салтанатқа жиналғандар алдында өз өнерлерін көрсетті. Жеке кәсіпкер Қырым Баяндин ауылдағы тыл еңбеккерлеріне сый-сияпат жасады. Жиын соңында ¥лы Отан соғысына қатысушыларға арналып ас берілді.
Алқағаштықтар от пен оқ кешіп, опат болған жерлестеріне осылай-ша бас иіп, тағзым етті.
Сайран МОЛДАХМЕТОВ,
Солтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының адвокаты.
// Солтүстік Қазақстан . – 2015. – 14 мамыр. – 3 бет .
Нет комментариев. Ваш будет первым!
Добавить комментарий |