Азамат еді қайратты
Азамат еді қайратты
Жер жүзін фашизм зұлматынан аман сақтап қалған Кеңес жауынгерлерінің ерлігіне қаншалықты тағзым етсек те, артық емес. Осы қатарда менің акем Қамбар Ілиясұлының болғанын мен де мақтаныш сезімімен айтқым келеді.
Ол 1905 жылы бүгінгі Шал ақын ауданындағы Балуан ауылында туыпты. Әкесі Ілияс ауыл-аймаққа ұсталығымен атағы шыққан еңбек адамы екен. Соған қоса, аңшы, балықшы болыпты.
Ал әжем марқұм жастайынан дертке шалдығып, дүние салған. Атам амалсыз төсек жаңғыртып, Айша есімді әйел алады. Оның тәрбиесін мен де көрдім. Биязы, иманжүзді, қолы ашық адам' еді.
Ілияс атамнан менің әкемнен басқа Ыбырай, Сабыр, Сапар есімді үш ұл Балу, Күлзағирасынды екі қыз өмірге келген. Олардан тараған ұрпақтары Қазақстанның, Ресейдің түкпір-түкпірлерінде өмір сүруде.
Әкем 1941 жылы Октябрь аудандық әскери комиссариатының шақыруымен бірден майданға жіберіліпті. Алғашында қатардағы атқыш болса керек. Алайда, соғысқа дейін мұғалім болған соң, қысқа мерзімді даярлық курсынан өтіп, лейтенант атағы беріледі. Ал соғысты Чехословакияда аяқтап, капитан атағын иеленеді.
Ол өзі басқарған атқыштар взводының сапында Чехословакияны азат еткені үшін "Екінші дәрежелі Отан соғысы" орденімен, "Ерлігі үшін" медалімен марапатталған.
Әкем жайында 2010 жылы жарық көрген "Жеңіс жауынгерлері" кітабында жазылды. Бейбіт еңбекте де еңбегі еленді. Сол-үшін иеленген медальдары баршылық.
Соғыстан оралған соң Ақсу ауылында муғалім болды. Кейін, зейнетке шыққанша Балуан сегізжылдық мектебінде ұстаздық етті. Оның алдынан оқып, тәлім-төрбие алған шәкірттерінің арасында әрқилы мамандықтың иелері бар. Олар осы мақаланы оқыса, өзге де майдангерлермен бірге менің әкемді де естеріне алады ғой деп ойлаимын.
Әкем майданда алған жарақаттарының зардабын біраз тартты. Соның кесірінен Ұлы Жеңістің отыз жылдығын да көре алмай, 1969жылы өмірден озды.
Артында үш ұл үш қыз қалдық. Менен өзге тұңғышы Жасұлан Мархаба, Мереке, Қамқа, кенжесі Бағылан бәріміз қырық бір жасында жесір қалған анамыз Шаризаттың бауырында өсіп-жетілдік.
Анамыз қайсарлығының арқасында ұлдарын — ұяға, қыздарын қияға қондырды. Мақкұм 2001 жылы 77-ге караған шақта мәңгілік сапарға аттанды.
Оның да өмірде көрген бейнеті аз болған жоқ. Соғыс жылдары елмен бірге тылда бел босатлай еңбек етіпті. Өгіз мініп, соқамен жер жыртып, егін салған. Ұлы Жеңіске ол да үлес қосқан.
Бейбіт өмірде де қол қусырып отырмады. Егіс басында диқандарға ас дайындап, аспаз болды. Зейнетке шыққанша осылай еңбектен қол үзбеді. Қазір ойлап отырсам, жалғыз өзінің иығына түскен ауыртпашылықтарды көтеру оңай болып па? Балаларын жетілдіру үшін атқарған жанпида еңбегі ерлікке тең емес пе?! Соның арқасында біздер жетіліп, өзіміз де балалышағалы болып отырмыз.
Ұлы Жеңістің 70 жылдығын көппен бірге тойлап, немере — шөберелері Қамбар аталары мен Шаризат әжелерін еске алады.
Мен өлең жазуда айтарлықтай аса бір өнерім болмаса да, әкеме деген ыстық перзенттік ілтипатпен мына төмендегі жыр шумақтарын ақ қағазға түсірген едім.
Шырқын бұзды соғы өрті ақтаңның,
Қырық бірде қан майданға аттандың.
Ұлы Жеңіс күні жеткен бұл сәтте
Келді жырмен сезімімді ақтарғым.
Сол күндерді алушы еді есіне,
Ұмытады ол шақтарды несіне?!
Өйткені оның қантөгісті жылдарды
Өткергені анық бастан кешіре.
Эшелонды жау бомбалап аспаннаң
Етпек болды жауынгерді тас-талқан.
Ерлер үшін Отан қорғау парыз ғой,
Ол парызды атқара ма жасқанған?
Ер капитан әкем менің қайратты,
Взводымен жауды талай жайратты.
Чехияны немістерден тазартып,
Прагада желбіретті байрақты.
Бейбіт күнін үстаздыққа арнады,
Осы еді ғой тубастағы арманы.
Әке жолы үзілген жоқ, кейін де
Балалары оның ісін жалғады.
Бейбіт күнін ұстаздыққа арнады,
Осы еді ғой тубастағы арманы.
Әке жолы үзілген жоқ, кейін де
Балалары оның ісін жалғады
Бастан өтті сондай өмір сынағы,
Жеңіс туы желбіреумен түр әлі.
Ата, әке ізін жалғап келеді
Балалары, немересі-ұланы.
Әкем менін,— өзім ушін упы есім.
Бастан кешкен елім, өмір күресін.
Мақтан етем Ұлы Жеңіс күнінде
Есіме алып оның қосқан үлесін!
Балдырған Ілиясов
// Солтүстік Қазақстан – 2015. – 9 мамыр. – 11 бет .
Нет комментариев. Ваш будет первым!
Добавить комментарий |