Аға ұрпақ ерлікті қастерлейді

                                                                  Аға ұрпақ ерлікті қастерлейді

Жеңіс күні - ең қастерлі мереке. Өз Отанын қорғаған жауынгерлердің қаһармандық ерлігін, сол сияқты өз жерлестеріміз - солтүстікқазақстандықтар көрсеткен теңдессіз батырлықты, тылдағы жан аямас еңбекті ұмытпай қастерлеу- біздің парызымыз.

Осы мерекеге орай ардагерлердің облыстық кеңесіне хабарласып жатқан өңір тұрғындары аз емес. Олар тарихи күннің облысымызда қалай атап өтілетінін, қандай шаралар жургізілетінін сұрайды.

Көпшілігін ¥лы Отан соғысына қатысушыларының есімдерін одан әрі мәңгілік есте қалдыру, ардагерлерге, согыс мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне көмек керсету мәселелері толғандырады.

Ардагерлер кеңестеріне майдангер-жауынгерлердің балалары, немерелері хабарласып, соғыс жылдары қаза тапқан, сол сияқты майданнан тірі оралған және бейбіт күндерде еңбек еткен өз туысқандары туралы деректерді білуге тілек етті.

Мерекеге дайындық кезеңінде аға буын өкілдері еңбек ұжымдарындағы, оқу орындарындағы идеологиялық жұмысты жетілдіру мәселесіне айрықша назар аударып, жастардың бойында ел тарихына, өздерінің әкелері мен аталарының есте қалар ерлігіне құрметпен қарау көзқарасын қалыптастыруға күш салды.

Ардагерлердің облыстық кеңесінің, барлық аумақтық ұйымдарының қызметіндегі басты бағыттың Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына дайындық болып табылғаны тегін емес.

Мерекеге дайындық мәселелері облыстық, қалалық, аудандық ардагерлер кеңестерінің 16 пленумында және 50 алқа отырыстарында талқыланды. Барлығы 130-дан астам шара бекітілді.

Барлық деңгейдегі ардагерлер кеңестері атқарушы органдарға 90-ға жуық ұсыныс жіберді. Олардың 85-і мерекелік шаралар жоспарына енгізілді.
Жыл басында облыстық ардагерлер кеңесінің алқасында Айыртау және Қызылжар аудандық ардагерлер кеңестерінің 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысушылардың ескерткіштердегі есімдерін мәңгілікке қалдыру жөніндегі жұмыстары туралы мәселе қаралды.

Бүгінде облыста Ұлы Отан соғысына арналған 545 ескерткіш және мемориал бар. Олардың 33-і - аудан орталықтарында, 184-і –ауылдық окруттер ортапықтарында, ал 300-ден астамы - алыстағы ауылдарда.

Ардагерлер кеңестері атқарушы органдармен бірлесіп, мемориалдық кешендерді қалпына келтіру, сондай-ақ, ескерткіштерге майданнан аман оралған, экономиканы қалпына келтіруге қатысқан және соғыстан кейінгі жылдары көз жұмған соғысқа қатысушылардың есімдерін енгізу жөнінде улкен жұмыс жүргізді.

Бұл жұмыс мерекеге дейін толық аяқталды. Егер бұрын ескерткіштерде соғыс жылдары қаза тапқан 32822 адамның есімі жазылған болса, енді қазір оған майданнан ұйлеріне аман оралған 19698 солтүстікқазақстандық жауынгердің есімі қосылды.

Жеңіс мерекесіне дайындық барысында соғысқа қатысушылардың, тыл еңбеккерлерінің әлеуметтік-тұрмыстық, тұрғын үй жағдайлары зерттелді. Соғыс ардагерлерінің, мүгедектердің коммуналдық төлемдер бойынша, отын, малына жемшеп сатып алуға, қоғамдық келікте тегін жүруге жеңілдіктері бар.

Меншік иесі құқында тұрғын үйі жоқ 18 соғысқа қатысушыға жайлы пәтерлер белінді, сондай-ақ, 31 соғыс ардагерініңтұрғын үйі жөнделді.

Жеңістің 70 жылдығына дайындыққа байланысты осы тарихи оқиғаны жастардың патриоттық, рухани тәрбиесін жақсарту мақсатына пайдалануда ардагерлер ұйымдарының жұмыстары айтарлықтай жандана түсті.

Қоғамдық акциялар аясында 102 еске түсіру эстафетасы, 203 фестиваль мен байқау, 194 конференция және "дөңгелек үстел" өткізілді, жастармен 467 кездесу ұйымдастырылды, 59 кітап пен кітапшалар шығарылды, бейне- фильмдер дайындалды.

Ардагерлер ұйымдарының бастамасы бойынша және білім беру бөлімдерінің қолдауымен обпыс орталығының, аудандардың мектептерінде, оқу орындарында "Ерлік сабақтары" өтті, оларға соғысқа қатысушылар мен тыл еңбеккерлерінің өздері жұмыла қатысты.

Облыстық ардагерлер кеңесі жастар бастамалары орталығымен, жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармамен бірлесіп, Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында "70 жыл ашық жұлдыздар астында" деген тақырыпта жас ақындар бай-қауын өткізді.

Оған мектеп оқушылары, студент және жұмысшы жастар қатысты. Байқау жеңімпаздары дипломдармен, Алғыс хаттармен марапатталып, сыйлықтармен ынталандырылды.

Ардагерлер, насихатшылар белсенділеріне көмек ретінде облыстық кеңес 7 тақырыптық кітапша шығарды, соның ішінде үшеуі биылғы жылы жарық көрді. Олар - "Берлин үшін шай-қас", "Жеңістің ұлылығы мен құндылығы" және "1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы майдандарындағы солтүстікқазақстандық жауынгерлер" деп аталады.

"Асыл мұра" ғылыми-әдістемелік орталығы ардагерлер кеңесінің белсенді ықпал жасауымен және қолдауымен "Өшпес ерлік" атты кітап басып шығарды, оған біздің жерлестеріміздің майдандағы ерлік істері мен тылдағы жанқияр еңбектері жайлы очерктер мен мақалалар енген.

Ардагерлерімізді қамқорлыққа алуға зор көңіл белінеді. Атқарушы органдардың, еңбек ұжымдарының басшыларының қатысуымен соғысқа қатысушыларға, тыл еңбеккерлеріне Жеңістің 70 жылдығы құрметіндегі мерекелік естелік медальдар тапсырылды.

Енді, міне, ме-реке күнгі салтанатта солтустікқазақстандық ардагерлер тағатсыздана күткен Жеңіс саябағында Даңқ аллеясы ашылғалы отыр. Онда өңірімізден шыққан 55 Кеңес Одағының Батыры мен 11 "Даңқ" орденінің толық иегерлерінің есімдері жазылған.

Отты жылдарда Отан үшін жан аямай күреске түсіп, бейбіт өмір мен бостандық жолында қасық қандары қалғанша ерлікпен шайқасқан аға ұрпаққа терең алғыс сезімімді білдіре отырып, облыстық ардагерлер кеңесінің атынан соғысқа қатысушыларды, тыл еңбеккерлерін, барлық солтүстікқазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтаймын!

Ескендір ЕЛЕУСІ3ОВ, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы.


/ / Солтүстік Қазақстан . – 2015 . - 9 мамыр . – 4 бет .

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий