Әке бейнесі

                                                                                             Әке бейнесі
Қазақстан облысының "Зерде" кітабындағы мына бір Солтүстік жазуларды кәзіме жас апып, толқымай оқи алмаймын.

Онда: "Пус-тыльников Николай Кузьмич. Сергеев ауданының Коноваловка ауылы. Октябрь АӘК-ы 17.07.1941ж шақырылған.

Қатардағы жауынгер 1074-СП 314-ші атқыштар дивизиясы, атқыштар полкі. 23.04.1942 ж. жарадан далалық 2210 госпитальда қайтыс болды. Ленинград облысының Лодейное лоле ауданында, Лодейное қаласында жерленген" деп жазылған.

Фашистік басқыншылардың Ленинградқа анталаған жолындағы Лодейное поле қаласын қорғау үшін жанын қиған жауынгерлердің ұмытыл майтынын, өз қорғаушыларына қала тұрғындарының құрметі зор екенін білсек те, осы жолдарды оқу өте ауыр.

Олардың құрметіне және мәңгілік есте қалуы үшін стела тұр-ғызылып, оған "1941 жылдың қыр-күйегінде солтүстікқазақстандық 314-ші атқыштар дивизиясы Лодей-ное поле қаласын қорғауға тұрды және оны фашистік басқыншылардан қорғап қалды", - деп қашап жазылған. Қабір тұғырында автоматты солдат тұр, ал жанында -Мәңгілік апау.
Қыршын кеткен әкелерімізге көр-сетілген бұл құрметке біз ризамыз, "Ешкім де, ештеңе де ұмытылмақ емес" деген осы ғой.

Міне, 72 жылдан бері барлық қазатапқандар мен бірге онда біздің де суйікті әке-міздің суйегі жатыр. Бірақ әкемізге деген жүрек жарасы осы күнге дейін жазылар емес. Мысалы, мен өзім соғыс кезіндегі балалардың әкелерінің және ағалары мен апаларының ерлік істерін ешқашан ұмытпайтынына сенемін.

Біздің үлкен отбасымыз болды, әке-шешемізден басқа, ата-әжеміз және бес бала бір шаңырақта тұр-дық, ініміз Виктор әкеміз майданға аттанғаннан кейін үш айдан соң туған болатын. Әкемізге хат жазғанда оның кішкене саусақтарын айналдыра жүгірткен алақан суретін қоса салыл, өзі көрмеген ұлының өсіп келе жатқанын білсін деуші едік.

Әкеміз майданға бірінші шақырылым бойынша, денсаулығының ақаулығы бола тұра, тіпті, аудандағы басшылардың броньмен алып қалғысы келгеніне қарамастан аттанды. Өз шешімінен таймаған оны соғысқа өз еркімен кетті деуге болады. Бұл жайында әкемізді қатты сыйлайтын ауылдастары айтып отыратын. Ол ауылдық кеңестің төрағасы, "Трудовик" ұжымшары партия ұйымының хатшысы қызметтерін атқарды.

Оны жақсы білетіндердің айтуынша, әкеміз өте өр мінезді жан екен, өздігінен үнемі білімін көтеруге ұмтылып отыратын еді, дейді. Небәрі уш-ақ сыныптық білімі болған, бірақ көп оқиды екен. Үйімізде кітаптар, журналдар мен газеттер үзілмейтін.
Соғыстың ауыр күндері өтіп жатты. Әкеміэден бізге жиі хат келетін еді.

Осы кішкене үшбұрышты хат-тарды қолдан қолға тигізбей, тапа-са оқитынымыз есімде. Әкеміздің хаттарындағы: "Жауды соққылап жатырмыз!", "Жауды жеңеміз!" деген сөздеріне қуанушы едік.
Осылай өткен тоғыз ай отбасы-мыз үшін сенім мен үмітке толы
болды. Анамыз бен әжемізге жаз-ған хаттарында әкеміз: "Балалар-ды сақтаңыздар, оларға білім бе-руге тырысыңыздар.

Елімізге бі-лімді адамдар керек", - деп өтініш айтады екен. Кезекті бір ұрыста 1942 жылдың сәуірінде әкеміз ауыр жараланып, көз жұмыпты. Қайтейік, небәрі 34-ақ жыл ғұмыр кешті. Ол сүйікті ұл, жұбай және әке бола білді.

Біз оны ғұмыр бойы жадымыздан шығармай, әрдайым еске алып жүреміз.
Балалық кезімнің бір көрінісін осы жасқа келгенше ұмытқан жоқ-пын. Ол, сірә, 1941 жылдың мау-сым айы болар деп ойлаймын, өйткені, одан бір жыл бұрын оны есте сақтай қоярлықгай емес, кіш-кентай болатынмын...
...Ашық, шуақты, жылы күн болатын.

Әкем мені даладағы ұжым шар бригадасына өзімен бірге ала барды. Ат жеккен арбамен бардық, әкемді құшақтап отырғаным есімде. Жол ойлы-қырлы, арбаны тоңқылдатып, селкілдетіп келеді. Бірақ әкеме жабысып отырған ма-ған ол түк емес. Әкем шашымнан сипап, бауырына қыса түседі... Одан кейін дәл сондағыдай жол-сапар рахатына кенелген емеспін.

Сол сияқты, дала қосы басында қуанышпен секіріп-ойнап, гүл тер-ген және сан түрлі құстар әнін тыңдаған сол ұмытылмас шақ әлі күнге дейін көз алдымнан кетпейді.

Балалық бейбіт дәуреннің сол қайталанбас суреті әкеме деген сағыныш сезімін еселей түседі.
" Әкемізден кейін анамыздан да айрылдық, бірақ ол бізді, алтауымызды соғыстың сұрапыл жылдарынан аман алып қалып, қымбатты әкеміздің аманат еткеніндей бәрімізге шама-шарқынша білім беріп, адал еңбек етуге үйретті.

Соғыс жылдарының барлық балалары сияқты қиынға қайыспайтын төзім-ділікке үйрендік, оны алдағы үлкен өмір жолында кәдемізге жараттық.
Біздің кішкене Коноваловка ауылында соғыстан оралмаған жерлестерінің құрметіне 1985 жылы ескерткіш орнатылды.

Сондағы 85 соғыс құрбандарының тізімінде біздің суйікті әкеміздің де есімі бар.

Нина Пожарницкая , еңбек ардагері.
СУРЕТТЕ: Николай Кузьмич Пустыльников.
Сурет отбасылық мұрағаттан алынды.Петропавл қаласы.


// Солтүстік  Қазақстан  .- 2015.  -14 наурыз . - 5 бет. 

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий