Әжемнің ерлігі
Әжемнің ерлігі
Адам тагдыры кейде бір шытырман оқигаларға толы екеніне таңгалудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Әсіресе, соғыс сынды зүлматта қаншама адамдар зардап шекті. Хабар-ошарсыз кеткен, яки қыршынынан қиылған боздақтар жетерлік қой.
Менің де осы хикаяма небәрі он алты жасында Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан Бекет Қабдешулы Мейірманов деген туысқанымның тағдыры арқау болды.
Ол қазіргі Шал ақын ауданындағы Жаңажол ауылында туған екен. 1943 жылдың 2 ақпанында оны Петропавл әскери комиссариаты майданға шақыртады. 233-ші атқыштар дивизиясының құрамындағы 734-ші полктің қатардағы санитары қызметін атқарады.
Арада бар болғаны сегіз ай өткенде ұрысдаласында қаза табады. Оның майданға жасына жетпей алынуының өзі таңғалдырады. Енді осы оқиғаны баяндайын.
Бекеттің әкесі Қабдөш (Ғабдөс-салам) — менің атам. Ол ұш ағайынды.
Қази мен Ғабдөнас есімді інілері болған. Олардың өздері де, әйелдері де жастай қайтыс болып, екі шаңырақтан төрт бала: Қазидан — Жармұхамбет пен Мырзахмет, ал Ғабдөнастан Шәмшит пен Сәйпид-ден қалады.
Бұл — 1928-1930 жыл-дардыңтұсы.
Заман тәркілеуге тап келгенде оның аяғы аштыққа ұласып, Қабдөш атам малдарын сатып, сата алмағанын ағайын-туыстарына үлестіріп беріп, Ресейдің Түмен облысында бассауғалайды.
1935 жылы Петропавлға оралып, үй сатып алады да отбасын көшіріп, балаларды оқуға береді. Атам өз балаларынан бұрын інісінің тұяқтары Жармұхамбет пен Мырзахметті қамқорлыққа алып, кішісін Покровкадағы ауыл шаруашылығы техникумында оқытады.
Ал Жармұхамбет 22 жасында ауырып, қайтыс болады. Өзінің екі баласы Ескендір мен менің әкем Жұқышты (Зұлқар-найын) 25-26 жастарында біреулер көрсетіп, репрессияға ілігеді де 10 жылға сотталып, КарЛАГ-тың Долинка деген жерінде қамауда отырады.
Ал Шәмшит пен Сәйпидден соғысқа кетеді.
Атамның үлкен баласы Нұрмұхамбет денсаулығында ақауы болуына байланысты соғысқа алынбайды. Кішісі Қажымұхамбет еңбек армиясында болып, Кемерово облысының Новокузнецк кеніштерін-де жұмыс істейді.
1943 жылы он сегіз жасқа толған Мырзахмөт майданға шақырылады. Әжем Үммігулсім Мұстафа қызы, Мейірман келіні ете өжет, діни сауаты мол, жігерлі болған еді. Ол атамыздың есімін атамай, «Атасы» деп сейлейді екен. Қайын інісі Қазиды «Молда бала» дейді екен.
Оның жалғыз ұлы әскерге алынып, қаза тапса, шаңырағы жабылып қалады-ау деген оймен, Мырзахметтің орнына өзінің туған баласы Бекетті жібермек болып, отағасына тапсырады.
Қиналады, әрине. «Сүткенжем ғой. Әлі жас. Алайда, «Молда баланың шаңырағы жабылып қалады-ау» деп, ез баласын да қимай, ұзақ түндерде жанарьінан жас парлап, ұйқысыз еткізеді. Әжем -Мырзахметті де нәресте күнінен екі емшегін емізіп есіргендіктен, туған баласынан кем кермейді. Сұм тағдырдың сыйға тартқан шері мен уын жұта отырып, әжем мен атам бір Аллаға тапсырып, Бекетті май-данға жіберуді ұйғарады.
Осыған бел буған екеуі әлі он алты жасқа толмаған Бекетке құжаттар жасап, оны 1925 жылы, ал Мырзахметті 1927 жылы туған деп тіркейді. Мырзахметтің қолының сыртында инемен тесіп, «1925 жыл» деп жазылған таңбаны ұстараментіліп өшіреді.
Бекетжаным соғысқа аттанатын болды. Беліміз қайысып, бәріміз темір жол сапаржайына келдік.
Қайсарлықпен қайғышерін керсет-пей, қалтасына салып берген мейіз-ді бір-бірлеп шайнап тұрды. Дәл аттанарда екі кезіне келіп қалған жасты жанарында тұншықгырып, бәрімізге бір қарап, вагонға мініп кетті, — дейтін әжем кейін сол күндерді еске алғанда.
Әжем 1973 жылы 87 жасында дү-ние салды. Соңғы демі таусыл-ғанша: «Бекетім тірі жүрген шығар, мүмкін келіп қалар», — деп күтумен болды. Біз, яғни немерелері, хаттанығаннан бастап «Газет келді ме?» деп, «СоциалистікҚазақстан», «Лениншіл жас» басылымдарының «Іздеу саламыз!» деген айдарын дауыстатып оқытады. Іздеу салушы ағасы Нұрмұхамбет Мейірманов, енді бір газетте Мырзахмет Мейір-манов деп жазылад ы.
Әже, сіз кімді іздейсіз? Бекет деген кім?" — дел сұрақтың астына аламыз, сонда әжем үнтүнсіз, терең ойға батып отырады, қолына Құранын алып оқиды, біз ез женімізге кетеміз. Әжеміз діни сауаты мол, ете зерек, мейірімді адам болатын.
Бекеттен Өзбекстанның Термез қаласынан «Әскери жаттығуларға үйреніп жатырмыз» деген үшбұрыш хат келеді. Содан хабарсыз кетеді, қара қағаз да келмейді. «Қара қағаз келмеді, ендеше, Бекетжаным тірі шығар» деген үміттеүз ілмейді.
Біз Есілдің жағасында, Жарғайың деген ауылда тұрдық. Есіл тасыған кезде арғы жақтан келген кісілер «Қайық әкел!» — деп айғайлайды. Сондай дауыс шықса, елеңдеп, «Ойпырым-ай, Бекетім емес пе екен, кім ұйіне келіпті, кімді шақырып жатыр? Барып білсеңдерші?» деп әбігер болатын.
Басқа балалары да іздеуін тоқтатпайды.1990 жылдардың басында «Бекет ағамыздың зираты табылды» деген хабар келді. Оған Мырзахмет ағамыз көп еңбегін сіңірді. Кейін езі елгекеліп:
Бауырымды таптым, Украинаның Кировоград облысының Успенка деген селосында бауырластар зиратында жерленген екен, енді басына барып қайтуымыз керек, -деді.
Бәріміз қуанып қалдық, бапа кезімізден іздеген атамыз табылды. Әттең, әжем болса ғой, деймін іштей...
Көп ұзамай Мырзахмет ағамыз дүние салды, басына барам деген ойын іске асыра алмады.
«Аттұяғын тай басар, ата арманы жалғасар», дегендей, сол арман араға бірнеше жыл салып, 2012 жылы орындалды.
Бекет атамыздың ағалары Қажы-мұхамбет пен Жұқыштың балалары Ерік Жұқышұлы мен Абылай Қажымұхамбетұлы Есіл ауданындағы Жарғайың ауылы атам мен әжемнің жерленген жерінен топырақ алып, Украинадағы Успенка селосына барып, Бекет атамыздың қабірнің басына Құран оқып, ол жақган топырақ әкеліп, атам мен әжемнің зиратының қасынан Бекет атамызға ескерткіш тас орнатты, ас беріп, Құран оқытты.
Мырзахмет ағамыз әжеміздің ақ сүтін ақтады, сыйқұрметін аяған жоқ. Апматы ауыл шаруашылығы институтын, аспирантурасын бітірді де диссертациясын қорғап, сол институтта факультет деканы, кафедра меңгеруші қызметтерін атқарды. Үйлі баранды болды, Молда баланың шаңырағында қазір түтінін түте-тіпотырған Ермек деген ұлы бар.
Ай сайын посылка салып тұратын: үлкенді-кішілі үнді шәйі, ерікмейіз, алма, кейлек, қамзол тігетін маталар, шұлғау, мәсігедейін әперетін. Атам мен әжемді
Алматыға апарып қыдыртып, сый-сияпаттарын жасайтын.
Күннәр ҚАБДӨШЕВА, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Қызылжар ауданы, Прибрежное ауылы.
// Солтүстік Қазақстан — 2015. – 31 наурыз. – 6 бет .
Нет комментариев. Ваш будет первым!
Добавить комментарий |