Өнеге тұтар тұлға

 

                                                                 Өнеге тұтар тұлға

Құдай берген ғымырын адал атқарып, бір бойына адами асыл қасиеттерді жиып өскен, өзі жүріп-турған ортаға қайырымдылық ілтипатымен жан жылуын төккен, сегіз қырлы, бір сырлы өнерімен де өзгелерді тамсандырып, еңбегімен де, ерлігімен де кейінгілерге үлгі-өнеге көрсете білген қадірменді қарияларымыздың бірі Балғожа Кенжеғозин еді.

Өмірден өтсе де, осындай сан қырлы қасиетін көрген білгендер ол кісінің есімін жиі естеріне алып, рухына тағзым етіп отырады
Балғожа Кенжеғозин Жамбыл ауданындағы Есперлі ауылында 1902 жылы дүниеге келген. Жоқшылықтың тауқыметінен еңбекке ерте араласты. Он бір жасында бай есігінде жалшы болып еңбек еті. Өмірдің ашы дәмі оны ерте есейтті, шынықтырды.

Жасынан еңбек ете журіп, еті тірлігінің арқасында еэдігінен кейін ауыл молдасынан хаттанып, білім алды. Білсем деген алғырлыгы, тындырсам дөгөн іскерлігі өмірден жаңылмай өз орнын табуға жетелей тусті.

Соның да әсері болар, ізденіп, талпынып жүріл, колхоз төрағаларын даярлайтын курсқа оқуға түсті.
Оны ойдағыдай тамамдап келген соң Төңкеріс ауданында ауылдық кеңестің, Жарқын ауылдық тұтынушылар одағының төрағалық қызметтерін атқарды.

Кейін қызметі есіп, Преснов аудандық тұтынушылар одағы төрағасының орынбасары болды. Қай қызметте болса да, шаруа біткеннің бел ортасында жүрді.

Соғыс басталғанда Балғожа Кенжеғозин қырықтан асқан ересек жаста болатын. Бұл көзде отызға дейінгі тепсе темір үзетін ер-азаматтарды әскерге алыл, Отан қорғауға аттандырып жатты.
Ал тылдағы еңбекті тоқтатпау ушін шаруашылықты басқара білетін жауапкершілігі мол білікті басшыларды, небір тажірибелі мамандарды кейінге қалдыратын болды.

Балғожа да осындай білікті басшы ретінде елдегі шаруашылықты басқаруға қалдырылды. Бірақ ол қараптан-қарап отырмай, бойын намыс буып, соғысқа жіберуді сұранып, аудандық әскери комиссариатқа барды.

Ақыры етініші қанағаттандырылып, Преснов аудандық әскери комиссариаты арқылы сол кезде ерекше маңызы бар Орал қорғаныс зауытына жұмысқа жіберіледі.

Жасыратыны жоқ, соғыс басталғанда Кеңес одағына қарағанда Германия басқыншыларының қару-жарағы да, соғыс техникасы да әлдеқайда басым болатын. Сондықтан тылдағы қорғаныс зауыттарының жұмысын бұрынғыдан да күшейте түсу үшін сенімді жүмыс күші ретінде ер-азаматтардың біраз бәлігі осындай ескери маңызы бар ендірістік орындарға тоғыстырылды.

Орал әскери қорғаныс зауыты негізінен танк шығаруға арналған болатын. Зауыттың станоктары күндіз-түні жүмыс істел, конвейерлерден жаңа танкілер шығарылып жатты. Олар бірден ұрыс даласына жіберілді.

Міне, осы шығарылып жатқан өрбір жаңа танкіде Балғожа Кенжеғозиннің де қолтаңбасы бар болатык Ол осында жүмыс істеуімен қатар өскери дайындық, жаттығу жұмыстарынан да етті. Сейтіл, соғыс шиеленіскен қиын сәтте ел қорғау үшін ез еркімен майданға сұранды.

Ақыры не керек, ол 1943 жылы Сталин атындағы Орал ерікті танк корпусының құрамында майданға аттанады, Бұл кезде соғыс барлық майдан шебінде қызу жүріп жатқан болатык Ол орталық майдан шебінде белімше командирі болыл ұрысқа кірді.

Бұл түста жау анталап алға үмтылып, басып алған жердөн шегінбеу үшін бар күшін жүмсап бақты. Құрамында Балғожа бар ротаны қоршап алып, тұтқынға түсіруді, не жойып жіберуді кездеді.

Рота жауынгерлері оңайлықпен берілсін бе, дүшпанға оқты қарша боратып, бірнеше шабуылына тойтарыс берді. Әйтсе де ротадан жеті-ақ жауынгер қалды.
Қаза тапқан рота командирінің орнына басқаруды .
ез қолына алған Балғожа ұрысты одан ері жалғастырды. Шайқаса жүріп тірі қалған жеті жауынгермен жау шебін бұзып шығып, жолғы керсеткен жауынгерлік ерлігі ушін ол бірінші дережелі Отан соғысы орденімен марапа алды.
Бірақ жараланып, госпитальда емделуіне байланысты бүл орден иесін жиырма бес жылдан кейін туған жерінде тапты.
Соғыстың ең қиын да әң қырғын шайқасы Мәскеу мен Сталинградтан кейін Курск иінінде болғаны тарихтан белгілі. 1943 жылдың 5 шілдесінде басталған шайқас бір айдан артық уақытқа созылды.
29 тамызда кеңес армиясы шешуші ұрысты жүргізе отырып, ерекше тегеурінді күшпен жаудың бетін қайтарып, жеңіске жетті. Бұл жеңістің соғыс жылдарында шешуші рөл атқарғаны тарихтан және белгілі.
Жеңілген жаудың үнжырғасы түсіп, мысы басылды. Сөйтіп, біздің жауынгерлер соғыс тізгінін қолдарына алып, жауды кейін ығыстыра бастады.

Жалпы осы Курск иініндегі сұраныл шайқаста неміс армиясының таңдаулы отыз дивизиясы, оның ішінде жеті танк дивизиясы талқандалды.
Жарты миллионға жуық жау солдаты жер жастанды. Үш мыңнан астам әуе ұшақтары отқа оранды.

Осы сұрапыл шайқасқа қатысып, жаудың қанатын қырқып, жүйкесін үзген талай солдатын жер жастандырып, қүтын қашырған, сөйтіп ежегтік пен қайсарлықтың, қүдіреyі күшке толы ерліктің үлгісін керсеткен жауынгерлеріміздің ішінде Балғожа Кенжеғозин де болды.
Сол бір теңдесі жоқ Курск иініндегі болған қиян-кескі үрысты Бәкең кейде есіне алып, кейінгілерге ерліктің үлгісі ретінде әңгіме етіп отыратын.

"1943 жылдың шілде айының бас кезі болатын. Неміс фашист басқыншылары баса көктеп Орелден Курскіге қарай үш жүздей танктерімен, жаяу солдаттарымен қаптап, біздің шепке тап бергенде мен құрамында болған оныншы танк корпусы сол ұрыстың дел маңдайында еді.

Сол ұрысқа сақадай-сай дайындалған жене жаудың осы түстан келетінін алдын ала біліп алған біздің танк корпусы бірден шабуылға кірісті. Немістердің құбыжық қылып көрсеткен "Тигр", "Пантера" сияқты ірі танктері, ездігінен жүретін ірі артиллерия қондырғылары біздің "Т-34" танктеріміз бен зеңбіректерімізге тетеп бере алмады.

Оның үстіне біздің штурмовик самолеттеріміз жау танктерін жаңғақша шақты. Қарша боратқан оғымыздан жау солданары да дүркіреп кейін қашты", - дейтін Бөкең.
Курск иінінде екі жақта үздіксіз шабуыл жасады. Екі жақтан да оқ қарша борады. Ауыр бомбалар найзағайша ойнап, жарылып жатты. Аспан мен жер түтасып, отқа оранды. Мықтымсынған жау кейін шегінді.
Сол сұрапыл шайқастың арасында өз белімшесімен бірге жүрген Кенжеғозин шегінген жаудың ізіне түсті.

Орел бағытындағы сүрапыл шайқастың бірінде ол ауыр жара-ланды. Госпитальға жеткізілген соң бірнеше ай емделіп, 1944 жылдың бас кезінде соғыстың екінші топтағы мүгедегі ретінде елге қос балдақпен оралды.

Бұл кезде майдан даласындағы ұрыс күн өткен сайын кең өріс алып, біздің жауынгерлер жау жендеттерін ез апанына қарай тықсыра бастаған болатык Елге оралған Балғожа Кенжеғозин мүгедектігіне қарамастан, тылдағы еңбектің соғыстан кем түспейтіндіі ін түсініп, бірден еңбекке араласуға бел буды. Оның етінішін аудандық партия комитеті қабыл алып, "
Айымжан" колхозына тераға етіп жіберді.

Бөкең мүндағы шаруашылықты кетеріп колохозды ауданда алдынғы қатарға шығарылды.Бұдан кейін аудандық партия комитетінің тагюы-рысымөн "Қарағаш" колхозын басқарды.
Елімізде тың игеру басталған шақта да Бөкең тың далаға алғашқы түрен салғандардың бірі болды. Жаңадан құрылған "Жамбыл" кеңшарының іргесін қаласуға қатысты. Бұлардан басқа да талаи лауазымды қызметер атқарды.

1966 жылы құрметті зейнеткерлікке шықты.

Еліміздің дербесс зейнеткері атанды.
Соғыс кезінде көрсеткен жауынгерлік ерлігі үшін бірінші дәрежелі Отан соғысы орденіне қоса, "Ерлігі ушін", "Жауынгерлік ерлігі ушін" жөне басқа да медальдармен марапатталды Бейбіт еңбекте де осындай талай құрметке ие болды.
Балғожа Кенжеғозин де жазып қойған хаттай қазыналы қариялардың бірі еді.
Ол жастайынан кенекез қариялардың айтқандарын көңіліне түйіп, кекейінде сақтағаң небір терең ойлы, астарлы да асыл сездерді қалт жібермей, жаиап алыгі, қойын дәптеріне түсіріп отырған Содан да болар, талай жиында сезден тосылмай, қызық хикаяларды, мәнді оқиғаларды мақамдап, шешен тілмен мөнерлеп сыр қылып шерткенде жүрт аузына қарап қалатык Әсіресе, Тоқсан би, Шағырай шешең Сегіз сері, Толыбай сыііхіы сынды осы еңірде еткен ғұламалардың ғибратты сездерін мөніне келтіре айтқанда, тыңдаушылардың мейірін қандыратык Бал-ғожа ақсақал осы танымал түлғалар-дың шешендік сездерің шежірелерін ел-жұртқа жаңа қырынан танытып,ауыз әдебиетімізге өз көмегін тигізе білді. Белгілі жерлес жазушыларымыз Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Сафуан Шаймерденов елге қонаққа келген сайын Балғожа ақсақалмен кездесіп, әңгімесін тыңдап, дмдес болатын.

Балғожа ақсақал ақындық өнерден де қаражаяу емес еді. Ол кезі тірісінде "Әсет - Әсия", "Ақ бүркіт", "Әлім мен Рөзия" аны үзақ дастандар жазып, кейінгі ұрпаққа өшпес мұра қалдырды. Кезінде бұл дастандарды оқырмандар облыстық газет арқылы оқып, жылы қабылдағаны белгілі.
Айта берсек, Балғожа Кенжеғозин сегіз қырлы, бір сырлы өнер иесі атанған жан еді. Ол жігіт шағында қүмай тазы, қыран бүркіт, жүйрік ат баптап, аңшылық, саятшылық өнер мен айналысқан. Әсіресе, жүгірген аңға, бүркіт салуға ете қүмар болған.

Бала кезінен баптаған қыран бүркітімен жиі аңға шығып, сонау ашаршылық жылдарында ауыл жүртын аң-құстың етімен асырағак Мұны білетін кенекез қариялар кезі тірісінде талай әңгіме қылып, Балғожа ақсақалға алғыс сезімдерін арнап отыратын.

Балғожа Кенжеғозин қартайған шағына дейін өз жұртының, өз ұрпағының қамқоршысы, ақылшысы бола білген жак Оны өмірде атқарған ісінен де, артында қалдырған ізінен де айқын аңғаруға болады.


                                                                                                  ЖоламанШаханов, журналист.

//Солтүстік Қазақстан -2015. -21 ақпан. -4 бет

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий