Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі мүшелерінің үндеуі

                                                     Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі мүшелерінің үндеуі

Біз, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі мүшелері, болашаққа деген жауапкершілігімізді сезіне отырып, Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жақтастары әрі Отанымыздың патриоттары ретінде халыққа үндеу жолдаймыз.

Қазақстан халқы Ассамблеясына Қазақстан Республикасы Президентінің мерзімінен бұрын сайлауын өткізу туралы бастама көтеріп, еліміздің барлық өңірлерінен кептеген азаматтар хабарласуда.

Қазақстан халқы Ассамблеясы осы маңызды мәселе бойынша ұстанымын білдіруді өзінің азаматтық борышы деп санайды.
Әлемдік экономикалық дағдарыс пен күрделі халықаралық жағдай орын алып отырған тұста сайлау өткізу туралы жалпыхалықтық бастаманың көтерілуі уақыт талабы болып табылады.

Жаһандық сын-қатерлер кезеңінде еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанды дағдарыстан алып шығуына мүмкіндік беретін жаңа сенім мандаты берілуі қажет.

Әлемде тұрақсыздық орын алған жаңа әрі күрделі кезеңде еліміз стратегиялық бағытынан айнымай, Қазақстанды жаңғырту және дүние-жүзінің озық 30 елінің қатарына енуі үшін Елбасы
Н .Ә.Назарбаевқа сенім білдіру қажет.

Сонымен қатар Елбасына сенім мандатын білдіру арқылы әлемдік дамудың жаңа кезеңінде халқымызды біріктіріп, мемлекетті дамытудағы маңыэды мәселелерге ден қоюға мүмкіндік аламыз.
Бүгінде "Нұрлы Жол - болашаққа бастар жол" бағдарламасын және "Қазақстан - 2050" ұзақ-мерзімді Стратегиясын жүзеге асыру үшін бар күш-жігерімізді біріктіру керек.

Мемлекет басшысы жүргізіп отырған саясат төңірегінде топтасу арқылы еліміздің одан әрі қарқынды дамуы мен азаматтардың әл-ауқатын арттыруға қол жеткізе алатынымызға сенімдіміз.

Сондықтан осы күрделі заманда біз барша қазақстандықтарды Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың төңірегіндетоптасуға шақырамыз.
Президенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізу арқылы экономика өсімін нығайту, жүргізіліп отырған саясаттың сабақтастығын қамтама-сыз ету маңызды. Бұл бастамаға шын мәнінде басқабалама жоқ.

Сонымен бірге, ендігі 2016 жылы президенттік және парламенттік сайлаулар бір мезгілге сәйкес келеді. Конституция нормаларын бұлжытпай орындау мақсатында екі сайлауды әртүрлі ке-зеңдерде еткізген жөн.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Отанымыздың орнықты дамуы мен алға жылжуына бағытталған бастамаларды қашанда қолдап келді және болашақта да солай бола бермек. Осы жалпыхалықтық бастаманы көтере оты-рып, қазақстандықтар тарапынан да, халықаралық қауымдастық тарапынан да қолдауға ие боламыз деген сенімдеміз, ейткені біз халқымыз бен еліміздің биік мүддесін көздеп отырмыз.
Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!
Қазақстан жылдан-жылға гүлденіп, әлемнің белді әрі беделді мемлекетіне айнала берсін!
Біз, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясы-ның депутаттар тобына Қазақстан Республикасы Президентінің мерзімінен бұрын сайлауын өткізу туралы бастама көтерсін деп үндеу жолдаймыз.

Қазақстандықтар әлемнің ең озық отыз эконо-микасы қатарына енуге мүмкіндік беретін "Қазақстан - 2050" Стратегиясын жалғастыруды қалайды!
Қазақстандықтар "Нұрлы Жол - болашаққа бастаржол" бағдарламасын қолдайды!

Қазақстандықтар ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуды, оданәрідамуды қалайды!
Біз барша Қазақстан халқын, саяси партия-ларды, азаматтық секторды және еліміздің патриоттарын Қазақстан Республикасы Президентінің мерзімінен бұрын сайлауын өткізу туралы бастаманы қолдауға шақырамыз!
                                                                                                                                                                                               Астана, 2015 жылғы 14 ақпан.


//Солтүстік Қазақстан.-2015.-17 ақпан
 

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий