Ғали ЗӘКІРОВ
Ғали ЗӘКІРОВ
1910 жылы Татар АСР-І Сабин ауданы Сабы ауылында кедей шаруа отбасында туған Дәм жазып, 1940 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Есіл (бұрынғы Ленин) ауданының Ильинка ауылына отбасымен көшіп келеді. Жергілікті машина-трактор станциясында қызмететті.
Соғыс басталған соң бір ай өтпестен Ғали Зәкіров Солтүстік-Батыс майданында сар-баздармен жауға қарсы тұрды.
Днепр. Айбынды өзен ұйқыда жатқандай. Мүлгіген тыныштықты бүзғысы келмегендей, қою қара толқындары бір орында қатып қалған тәрізді. Сарбаздар да тәтті ұйқыда. Гвардияның кіші сержанты Ғапи Зәкіров те өзінің асыр салыл ойнаған ауылын, туған-туысқандарың жақындарын есіне алды. Осы мезетте оны лейтенантқа шақырды.
Таңсәрі де аттанамыз, - деп қысқа қайырды жиналғандарға офицер. — Бізге Губино ауылындағы плацдармды үлкейту бұйырылды.
Зәкіров гимнастеркасының қалтасынан қойын дәптерін алып шығып: Губино 1943 ж. 9 қазан" деп түртіп апды. Бұл оның урысқа шыққан сайын жасайтын әдеті еді.
Ғали Зәкіровтің бөлімшесі 1257 жотаға орналасып, оны қосымша күш келгенше ұстап түру жөнінде тапсырма алды. Жауынгерлер таң ата жаудың оң жақ бекінісіне жақындай түсті. Бастапқыда барлығы ойдағыдай еді. Кенет ержүрекжауынгерлерге оқ толассыз жауды. Мақсатты жерге ондаған метрдей қалды. Сарбаз Зәкіров жау апанына бірінші болып секірді. Бар болғаны мыл-тықтың дүмі және найзасымен 14 қарсыласты жайратты. Бөлімшенің қалған жауынерлері де ерлікпен шайқасты.
Жаудың біріші бекінісі алынды. Алда әлі алынбаған бекініс бар. Одан кейін жотаға орналасқан қарсыластарды күйрету керек. Тағы да ордағы қоян-қолтық ұрыс. Бүл ұрыс ұрыс па?! Адам айтқысыз қан-тегіс. Күш бірдей емес еді: 10 кеңес жауынгері 120 фашиске қарсы тұрды. Соған қарамастаң шайқас бөлімшенің жеңісімен аяқталды. Ұрыс алаңында жаудың 70 сарбазы кез жұмса, 50-і қашып құтылды.
Ғали Зәкіровжотаға қызыл тутікті.
Жеңіліс тапқан қарсыластар екі мәрте қарсы шабуылға шықты. Бірақ әрбіреуінде жау жеңіске қол жеткізе апмады. Сарбаздар жотаны үстап тұрды. Күннің соңында қосымша күш те келді. Өжет сарбаздар мен олардың командирінің ерлігі бүкіл полкке белгілі болды.
Плацдармды кеңейту үшін болған ұрыста керсеткен ерлігі мен маңызды жотаны ұстап түрған қайсарлығы үшін 8-ші гвардиялық әуе-десант атқыштар полкінің 3-ші батальоны-ның бөлімше командирі Ғали Зәкіровке 1944 жылдың 10 қантар күні КСРОЖоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағы-ның
Батыры атағы берілді.
1944 жылдың ақпанында Ғали Зәкірұлы хабар-ошарсыз кетті.Батырға Ильинка ауылында обелиск қойылды. Ауылдың бір кешесіне Ғали Зәкіровтің есімі берілген.
//Солтүстік Қазақстан .-2015.-15қантар.-3бет
Нет комментариев. Ваш будет первым!
Добавить комментарий |