ШАУМҰРЫНОВ, Қ.Абай тағылымы/Қ.Шаумұрынов//Сақшы На страже.-1994.-№21.-С.

24 марта 2020 - Administrator

Абай тағылымы
Осы жылдың он бесінші мамырында Исатай аудандық ІІБ-де «Абай тағылымы» атты әдеби музыкалык, кеш ұйымдастырылды. Кешті ұйымдас- тырушылардың бірі және жүргізуиісі милиция аға лейтенанты С. Мендібаев осы кештің мақсатын, мәнін айта келіп, Абай Құнанбаевтың өмір жолымен таныстыру үшін сөзді аудандық кітапхананың маман қызметкері Лиза Абдоловаға берді. Лиза Абай бабамыздың даналығын, даралығын әңгімелеп, балалық шағынан есейгенге дейінгі кезеңдеріне қысқаша шолу жасады да,
«Абай, Абай ұлы ұстаз қол басшымыз ту алған,
Ол бір күн ғой, жарқырап жарылқайын деп жұртты
Шыңғыстауда бір күні шыға келген тұманнан» деп Т. Молдағалиевтің жырымен аяқтады. Абай туралы, оның тағылымы боларлық даналық сөздері мен еңбектері жөнінде милиция капитаны И. Камзин жақсы пікір білдірді. Милиция аға лейтенантары М. Нығыметжанов пен С. Мендібаевтар Абайдың «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Бойы бұлғаң» атты өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіре жатқа оқып берді. Әдеби музыкалық кештің алдында екі бірдей мақсат қойылған еді. Біріншісі, Абайдың тағылымдарын үйрену, еске алу, тәрбиелік менін түсіну, аруағына тағзым етіп, бас ию. Екіншісі, Атырау облыстық ІІБ «Қалалық, аудандық ІІБ, бөлімшілерінде Абай поэзиясы мен әндерін орындаушылардың конкурсын еткізу туралы» буйрығына сай конкурс жеңімпаздарын анықтау болатын.
Аудандық музыка мектебінің мұғалімі Ж. Қалиеваның баянда
сүйемелдеуімен Абайдың «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем Қаламқас» әндері шырқалды. Сонымен қатар қазақ композиторларыныћ љндері орындалды. Милицияның кіші лейтенанты С. Машаев ІІІ. Ділдәбаевтың «ІІІындық туралы толғауын» домбырамен сазына келтіре орындап берсе, милиция кіші сержанты Б. Муханбетқалиев «Балбырауын» күйін орындады.
АІІБ қызметкерлері қиын да, мезгілсіз жұмыста жүріп бір сәтке болса да осындай тәрбиелік маңызы бар кештен үлкен мағлұмат, тағылым алды, кеңілді отырды. Кешті ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.
Абай өлеңдерін мәнерлеп оқудан милицияға аға лейтенанттары М. Нығыметжанов пен С. Мендібаев алдына жан салмай жеңімпаз атанып, об- лыстық ІІБ ететін конкурсқа қатысатын болды.
Бұл Абайдың тәрбиелік тағылымдарын, даналық сөздерін, адамгершілік қасиеттерін үйренудегі игі шаралардың бірі еді.
 

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий