Тәжібаев,Ә.Абайға еліктеп/Ә.Тәжібаев//Сақшы На страже.-1995.-№18.-4мамыр.-С.6
Абай тойына тек қана қазақ елі емес, бұкіл дүние жүзі дайындалып жатқанда мен де өз үлесімді қосқалы ақындардың кітаптарын арнайы қарай бастадым. Бұл өзі құм ішінен алтын түйіришіктерін іздегендей қиын шаруа екен. Солай болса да, бел шешіп, бір кірісіп кеткеннен кейін, алған беттен қайта алмадым. Бір қуанарлығы «Өлеңге әркімнің де бар таласы» деп поэзия арнасына талпынған ақындар Абайға жыр арнамай қалмаған екен. Қазақ ақындарының әр жылдарда шыққан өлеңдер жинақтарын оқып отырып осындай ой түйдім.
Бүгін «Сақшы» газетіне өзім арнайы жинаған өлеңдерді ұсынып отырмын. Әр қазақ ұлы ақынымыз Абайдың туғанына 150 жыл толуына арналған дүбірлі тойға өз үлесін қоса берсе екен деп тілеймін.
Күлән БАЙШАХАНҚЫЗЫ.
Әбділда ТӘЖІБАЕВ
АБАЙҒА ЕЛІКТЕП
Жетсек те жаңа дүниеге,
Еліміз алған азаттық.
Қолменен асар еттей-ақ,
Өзгерер емес қазақтық.
Баяғы мінез бір мінез —
Аңғалдық пенен жалғандық.
Өшіріп отты өзіміз,
Тоңази қалсақ таң қалдық.
Қарнымыз тойса тынышпыз,
Ашыға қалсақ қармандық.
Алдағандармен дұрыспыз,
Адалын айтса-ақ шамдандық.
Күніміз өтпес өсексіз,
Бәлеге талай шырмалдық.
Уақыттар өтті есепсіз,
Ақылдаи талай құр қалдық.
Баяғы баяу мимырттық, Өткен соң мезгіл қамдандық. Кешігіп келген жүйріктік — Озғандық емес, қалғандық.
АБАЙ АРМАНЫ
«Адасып, алаңдама жол таба алмай,
Берірек түзу жолга шық қамалмай,
Не ғылым жоқ, немесе еңбек те жоқ,
Ең болмаса кеттің ғой мал бағаалмай», —
Деген сөзі ақынның қайнап іште,
Келе жаттық жүйткітіп шаңқай түсте:
Көсіліп арыстандай жатты Шыңғыс,
Сенген соң бойындагы алып күшке.
Келе жаттық кең қорық Жидебайға,
Қарауыл қалды артта әлдеқайда;
Кернеген көкіректі көп сыр жатыр,
Келеміз айтарлықтай соны Абайға...
Айдынның аралындай бір дөңесте
Тұр қыстау, талай сырды салып еске;
Еркіндеп араладық әр бөлмесін,
Абайдың еркелері біз емес пе!
Бейіт тұр кәдімгі ескі, төрт құлақты,
Япырай, ақын бұған қалай жатты?!
Тіл қатпас, түсі суық, сұп-сұр мола
Сезе ме, қуанышты, махабатты..
Қария жас көңілді, жүзі бір нарт,
Әрі әнші, әрі күйші, өзі жомарт,
Көп сырды көңілдегі берді шешіп,
Абайдың немересі Исраил қарт.
— Жігіттер, келіпсіздер Абайды іздеп;
Маған да ишаратпен «қалайсыз?» —деп.
Ризамын! Ойламаған екенсіңдер
Абайдың ескі жұрты абайсыз деп.
Сөзімде, ескертерсіз, болса қатам,
Ақынға мекен болмас зират пен там;
Аралап туған елін кеткен еді
Сенің де, менің-дағы Абай атам,
Атаңның аңсағаны сендер едің,
Әрқайсыңды атаңа тең дер едім.
Ғылым, еңбек, бар бақыт өздеріңде,
Осы емес пе, қарағым, ең кереғің.
Жұттай қысып бір кезде қатал заман,
Оны жырлап берген-ді атаң саған;
Үнін естіп бүгінгі бақытының
Атаң шыдап қабірде жатаалмаған! —
Деген сөзі зерделі қарияның
Бір сілкінтті ақынның өр қиялын;
Кеттік тағы аралып байтақ елді
Арасымен алуан уақиғаның.
Колхоз бардық, әрбір үй, әрбір мектеп
Ақын ата Абайын жүр құрметтеп;
Қала келдік, шықты алдан тағы даАбай,
Бекер ойлап жүріппіз «құр сурет»деп.
Қабырғадан қараса ойлы көзбен,
Тірі адамдай емес пе бәрін сезген.
Асқақ жыры ақынның жүр аралап,
Өзіміздей кәдімгі өр мінезбен.
«Республика тойына жаздым өлең»
Деп барсам мен қауымға —кімді көрем?!
Нағыз төрде отыр ол маңғазданып, Сөйлесердей сенімен, меніменен. Ақын ата, жетіпсің арманыңа, Осыны аңсап жүрегің талмады ма! Бізбен бірге барарсың алдағыға.
Сырбай МӘУЛЕНОВ
АБАЙ ЕСКЕРТКІШ
Алматының төрінен
Тапты ақыры жыр мекен.
Алатаудың желімен
Өз жаныңнан күнде өтем.
Сыяды екен тасқа да,
Мұхит ақыл, мол пішін
Біте бермек баскаға
Лақтырар тауды зор күшің.
Көміліп көз жасыңа
Жидебайда жұтадың.
Бақыт боп қонды басыңа
Өзіңніңжазған кітабың.
Ойладың ойсыз өткенді,
Ойладың келер ертеңді.
Қызыл ала бұлттай ертећгі,
Көтердің жалғыз желкенді.
Демеймін сені неге өлдің, Бүгінсіз бізге ертең жоқ. Айдынында өлеңнің Ағасың жалғыз желкен боп.
Ғафу ҚАЙЫРБЕКОВ
«АБАЙ КҮНІ»
Ардақ Семей, қабыл ал керуенді!
Бір алтын көш қақпаңа келіп енді.
Ол — Абайдың мұрагер ұрпақтары —
Кең пейіліңді сағынған, кең кеуденді.
Болғанменен сан күмбез сарайлары
Күнмен күлген шағылып сары айдары,
Сол сарайға құдіретті үн беретін
Өзгелердің болмаған Абайлары!
Шыңғыс пенен аспанды жалғастырған,
Бұл бәйтерек тек сенде алғаш туған.
Мынау — соның жайнаған
жапырақтары,
Ажары бар айнымас жап-жас нудан.
Жылда осылай жаз болса жамырап
кеп,
Бәйтеректі басады жапырақ көп,
Көңіліңді туган жер, кеңірек жай,
Нөсеріңді аямай қаттырақ төк!
Біз өсейік дүркіреп күнге қарай,
Басымызды мың шұғыла сүйген арай.
Сонда ғана бђйтерек бәйтерек боп,
Сонда ғана туысар бізбен Абай!
«Абай күні» — сапардың аты бүгін,
Жыр мен әннің тиеген алтын жүгін,
Жаңа кірді қақпаңнан жас керуен
Жайдағыдай деп жүр ме «Ау, кім мұның?!»
Суы шәрбәт Ертістің, жағасы бай
Бар адамға байырғы нағашыдай,
Болғанымен Абайдың жыры биік,
Күні биік болған жоқ дәл осылай!
Сен білесің, Семейім, соның бәрін,
Сол аңсаған, міне, тұр қолыңда күн!
Көтер соны шырқатып, көрсет жұртқа
Салтың әсем халықсың, жолың мәлім.
«Абай күні» — қазақтың жыр мейрамы,
Бұдан былай келетін жылда айналып.
Жылда осылай тасымақ өлеңімен
Сахараның төсіне сыймай халық!
Аппақ таңның жамылып арай нұрын,
Көк даланың тағынып талай гүлін.
Ал сәт сапар, халайық, ал келіңдер,
Біз Семейден бастадык Абай күнін.
Есет ӘУКЕБАЕВ
АБАЙ
«Қасқабұлақ» — жер осы,
Осы жерде туды Абай,
Қыстау осы Жидебай,
Осы үйінде тұрды Абай.
Осында өзін жеткізді,
Өшпес даңқ, жылдарға.
Бар ғұмырын өткізді,
Жазылды бар жырлар да.
Ұқсаған жоқ ешкімге,
Абай болды өлеңге.
Айтылатын әр тілде,
Абай болды әлемге.
Мәңгілікке жетердей
Ойдың жиды қуатын.
Ұрпақ үлгі етердей
Өлмес өлең туатын.
Ол жырлады өмірдің
Берері мен аларын.
Адам тауып көңілдің
Базарына барарын.
Ол жырлады тірліктің
Алтын туын — адалдық.
Болсаң рас бір мықты,
Сен жасама жамандық!
Ол жырлады махаббат,
Еңбек бәрін жеңерін,
Қағып нұрлы таң қанат,
Заманның да келерін...
Қайта оқып, қайтадан
Үңілеміз Абайға.
Байқамаған, байқаған
Жолығамыз жаћа ойға.
Қадыр МЫРЗАЛИЕВ
АБАЙ ЕСКЕРТКІШІ
Дұрыс шығар осылай киінгені,
Дұрыс және алысқа шүйілгені.
Түйілгенін беріпсің, о мүсінші,
Қайда бірақ ақынның күйінгені?!
Ауыр кезде қайғыдан иық талған
Ақын ба еқен ашумен тұйықталған!
Жасы қайда Абайдың көзіндегі,
Мысқыл қайда езуде ұйып қалған?!
Қайда Абайдың от кезі, тарпаң кезі?
Құдірет боп билеғен Арқанды өзі?
Қайда, қайда жүреғі лүп-лүп соққан
Данамыздың даладай дарқан кезі?!
Қай кезде де халықтың жыр ғой ары,
Бір ескерткіш — ақынға ел қояры.
Ол ақынды он есе үлкейткенмен,
Кішірейтіп жүз есе тұр ғой әрі!
Ақын қайда қолына жалау —жыр ап,
Ақыл айтқан еліне жамау-құрақ?!
Тастың Абай болғысы келіп-ақ тұр,
Абайдың тас болғысы жоқ-ау бірақ!
Зейнолла ШҮКІРОВ
мынадай...
Сөз емес, бірақ қазір... АБАИМЕН ӘҢГІМЕ
Кемел ой, мінезге кең бай даладай,
Қайтейін, сағындырдың,.қайран
Абай!
Жер беті тақияңа тар соққандай,
Кейде бір қол созыпсың Айға қарай.
Қазақша кер шолақпен сылбырамай,
Талапты ерттеп мінген кім
«Волга» мінген
Бұл күнде ақын біткен — бір-бір Абай.
Әуре боп, тиям демес тентектерді,
Әркімнің қойнында бір келтектері,
Кафеде бірін-бірі бетке соғып,
Атқанда, Айға ұшады телпектері.
Сен тегін шошымапсың шалалардан,
Бұл күнде базар көрген, қала барған...
Көзін қойып, өсегін, сөзін сатып,
Өтетін жерін тапса, бәрі аларман.
Қартайса, қайғы ойлауды қойып көбі,
Жүреді күйіп-пісіп кейіп тегі.
Абаймен салысады ақындыққа
Абайдың кейбір таныс кейіпқері.
Жандар бар Күлембайша шелтиетін,
Аз емес Дүтбайлар да кертиетін.
Әкеміз кім екенін ұмытамыз,
Күн туса қолға билік бір тиетін.
Бір кезде соны біліп кейіп пе едің,
Ақыры жагың талып қойып па едің...
Бекер-ақ ерте өліпсің қайран, Абай,
Бар әлі тез тілейтін кейіпкерің.
.
Нет комментариев. Ваш будет первым!
Добавить комментарий |