КҰЛ-МҰХАММЕД,М. Елбасының жан сыры/ М.КҰЛ-МҰХАММЕД//Столичное обозрение.- 1995.-29 июня.-С.11

25 марта 2020 - Administrator

«Осы жұрт Ескендірді біле ме екен». Йә, бұл күллі дүние жүзі тойлап жатқан ұлы Абайдың «Ескендір» дастаны осы бір жыр жолынан басталады. Міне, сол данышпан ақынның 150 жылдық мерейтойына дайындық барысын қадағалау үшін үстіміздегі жылдың қысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Семей қаласында іссапарда болды. Жалпы, Президент сырт қараған адамға сұсты болып көрінгенмен жақыннан араласқан адамға үлкенді — үлкендей, кішіні — кішідей құрметтей білетін өте кішіпейіл жан. Осы сапар кезінде Абайдың жаңа мұражайы ғимаратын көріп көңілі шалқып тұрған сәтте мені қасына шақырып: «Мұхтар, сендер — журналистер байқағыш болуларың керек емес. Елдің көкейіндегіні басқадан бұрын байқап, жалпы журтшылыққа жария етіп жүрулерің керек. Семей Абайды орыс әлемімен, Еуропа биігімен жалғастырған тарихи қала емес пе? Ендеше, Ертістің жағасында мұңайып тұрган Абайды қаланың қақ төріне өзінің тарихи орнына көшіріп, перзенттік парызымызды өтейтін мерзім жетті. Бас алаңды талай жыл жалғыз өзі иемденген Ленин ақсақал бізге ренжи қоймас», — деген жүрек төріндегі жан сырын жайып салған еді. Мен таң қалдым. Қат-қабат кезек күттірмейтін мемлекеттік істермен араласа жүріп, өзін қазақ халқының жанашырымын деп жар салатын кейбір саясаткер-ақындардың есіне келе бермейтін мүндай идеяның Президенттің өз аузынан шыққаны оның өз халқының әрбір ісіне жанашырлықпен қарайтынын тағы бір қырынан танытты. Осы әңгімеге куә болған Елбасымен бірге тұңғыш рет сапарға шыққан белгілі ақын Исраил Сапарбай да Президенттің бұл идеясына таңдай қағып: «Апырмай-ау өз еліміздің басшысының қандай екенін білмей, кейде сыртынан күстәналайды екенбіз-ау. Нұрағаң шынымен-ақ халқы үшін жанын беретін жайсаң азамат екен ғой», — деген еді.
Содан бері бұл мәселе баспасөз бетінде біраз қозғалды. Оған белгілі ғалымдар үн қосты (олардың пікірінің жалғасы «Атамұраның» бүгінгі номерінде жарияланып отыр). Соның нүктесін Семей облысының жас әкімі Ғалымжан Жақиянов қойып, дүниежүзілік коммунистік қозғалыстың арғы-бергі көсемдері К.Маркстың, В.Лениннің, Ф.Дзержинскийдің, М.Калининнің, С.Кировтың тағы басқалардың облыстағы тастан қашалып, мыстан, қоладан құйылған ескерткіш- мүсіндерін алаңдардан, көшелерден, әр түрлі мекемелер алдынан алдырып, барлығында облыстық тарихи-өлкетану мұражайы жанынан арнайы бөлінген тарихи ескерткіштер бағына қою жөніндегі жарлыққа қол қойды. Енді «сый қылсаң сыпыра қыл» демекші Ғалымжан бауырымыз Елбасының сол тілегін толық орындап, Лениннің орнына тау тұлғалы данышпан Абайды орнатып, Семей жерінде басталатын аяулы Ахаң айтқан «Қазақтың бас ақыны» тойын Семейдің бас алаңындағы Абай ескерткішінен бастап, оны осы алаңдағы Абай театрында жалғастырсақ қандай ғанибет болар еді.

 

Манаш ҚОЗЫБАЕВ,
Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі:
— Тарих толас тауьш бір орында тұрмайды, содан ол — тарих, ел өмірінің арғы-бергі жиыштық шежіресі. Тарихтың ұлы өзгертушісі уакыт болғанда, әр кезең, әр дәуір сол тұстың тарихымен ерекшеленеді. Күні бүгін-ақ тарихка айналып бара жатқан кешегі коммунистік қоғам, оның идеологиясы келер ұрпақ үшін тарихи өз ерекшелігі бар уақыт бөлшегі болары сөзсіз.
Ал, бүгінгі біздер үпгін сол коммунистік ықпал-әсерді, өзіміз құдайға айналдырьш алған оның көсемдері деген көзқарасты бірден өзгерте қою оңай емес. Содан да болар, оларға қойылған ескерткіш-мүсіндерді алу жөніндегі Семей облысының әкімі Ғ.Жакияновтың жарлығының тым тосын да батыл көрінуі. Бәжім, еліміздегі тұңгыш қадам болған соң да солай көрінді. Біздің кеп партиялы, демократиялық қоғам құра бастағанымызды мойындайтын болсақ, онда бір партиянын, коммунистік партияның көсемдерінің ескерткіш-мүсіндерін астанадан бастап ауылға дейін самсытып қойғанымыз жараспайды. Қалай дегенде де олар бүгін — тарих.
Семейдегі 160-тонналык алыш көсем ескерткіші тұрған орталық аланда (қай жердегідей) Лениннің атмнда еді, енді ескерткіш алынған соң орнына кімді қоямыз, аландынедеп атаймыз, дейтін ой келеді. Биыл қазақ жұрты ғана емес әлем халқы Абай тойын өткізу үстінде. Оның үстіне Семей — әлемге Абайдай алыпты берген жер, Алынған ескерткіш орнына акын ескерткіші қойылып, аланды да сол кісінің есімімен атасақ құба-кұп болмак.Әрине, ұрпақ мақтаныш ететін, ақын рухына бас июге келген конақтардын көңілі тоятындай ескерткіяггі тойдан кейін де қоюға болар. Түбі Семейдегі Абай алаңы өлең құдіретінің, поэзия киесінің орталығына айналар. Өткінші саясат өкіддері тарих қатпарларында қалар, өлмес өлең, өміршең өнер мәңгі екенін осылай дәлелдесек керек.


Зәки АХМЕТОВ,
Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиясының академигі:
— Коммунистік коғам орнату кезендері адамзат баласының бойына қаншама қасірет әкелгені, сол қасірет әсіресе, казақхалкы үшін ғасырлар бойы ұмытылмастай тарих бетіне із қалдырғаны белгілі. Патшалық отарлау саясатының Кеңес өкіметі кезеңінде жалғасын табуы, Азамат соғысының салдары, 20-30 жылдардағы сталиндік-голощекиндік қолдан жасалған нәубет және Отан соғысы нәтижесінде қазақ халқыньң жартысышан астамы қырылып кетті, халыкты діннен бездірді, коммунизмге тез жетуіміз үшін ұлтгық мектептер жабылып, жаппай орысша оқуға көпггік, жішалыс, мәслихатгар тек «ұлы» халықтың тілінде жүргізілетін болды, жастар мәңгүрттене бастады. Коммунистік қоғамның Казақстанға әкелгенін қысқаша осылай сипаттаймыз. Осы келмеске кеткен идеяның көсемі В.И.Лениннің ескерткішін Семей қаласында орталық алаңнан алуын зор қуанышпен қарсы аддым. Ендігі жерде ол алаңда бұкіл халықты бірлікке, ынтымаққа, білім алуға, ғылымға, мәдениетке шақырған дана, ұлы Абайдың ескерткіші тұрғаны абзал, орталық алаң — «Абай алаңы» аталса дер едім.


Қайым МҰХАМЕТХАНОВ, абайтанушы, профессор:
— Жер шарының алтыдан бір бөлігіне 70 жылдан астам үстемдік етіп келген маркстіклениндік идея 1991 жылы қабырғасы сөгіліп, өзіне-өзі өмір сүруден кадды. Ендігі жерде бүкіл қалалар мен қала типті поселкелердегі, аудан орталықтарыңдағы, зауыт, фабрика, оқу орыдары алдындағы халықтың басын ауыртып бақытты болашакқа барудың бағытыш сілтеп тұрған ұлы көсемдердің зәулім биік ескерткіштерінен тазартуымыз керек. Бұл өмір талабы, бұл әділетгілік. Таяудағы Семей қаласының ең үлкен алаңындағы В.ИЛенин ескерткіпгі алынды деген бұқаралық баспасөз және акпарат хабары осы жаңа баста- маның республикадағы қарлығашы. Енді сол алаңға ұлы Абайдың атын беріп, ескерткішін қойсақ, бұкіл халық дән риза болар еді. Себебі, Абай тағылымы мәңгілік өшпейтін — тағылым. Абай атындағы облыстык драма театры да сол жерде. Бұл өзінше бір ансамбль ретінде көз куантса, екіннгіден, ұрпақтьң, халкымыздың ұлы ақынға деген құрметінің белгісі де болар еді.


Мекемтас МЫРЗАХМЕТОВ, абайтанушы, профессор:
— Коммунистік идея жерленіп, басқа қоғамдық формацияда өмір сүруге көшуімізге байланысты көсемдердің аттары көшеден, алаңнан, оку орындары, мектеп, елді мекен, кәсіпорындар мандайшаларынан алынып тасталуы занды нәрсе. Сондай бір ізгі қадам 26 маусымда Семей қаласында жасалынып, орталық аландағы В.ИЛениннің қоладан құйылған алып ескерткіші алынды деген хабар мені қатты куанышқа кенелтті. Себебі лениндік құрдымға кеткен идея қазаққа не берді? — десек, — Ол қазақтың тең жарымының тұқымың тұздай құртты. Ол голощекиндік нәубет, ол — сталиңдік қуғын- сүргін (бұның бәрі В.ИЛениннен басталған еді). Коммунизм идеясы казақ жерінде 70 жылдан астам үстемдік етпесе талай зобалаңды жылдар болмаған да болар еді-ау. Менің ойым ұлы көсем ескерткіпгі орныа халкым деп еңіреп өткен данышпан Абайдың ескерткіші асқақтап тұрса, сол әділет болар еді. Алаңға да ақын есімі берілсе, дана рухына деген кұрмет болар.

 

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий