Жаназарова,Ж.Абайға арналған сабақ/Ж.Жаназарова//Қазақстан мектебі.-1995.-№ 3-4.-С.65-66
Оқушыларға әрбір сабақта имандылық, адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру — мұғалімнің басты борышы. Адал, арлы, білімді болу үшін жастарымыз өз елінің тарихын, халқымыздың әдет-ғұрыпын, салт-дәстүрін, мәдениетін білуі керек. Ол жай құмартушылықтан емес, өмір талабынан туып отырғаны мәлім. Жас ұрпақ өткені мен бүгінгісін салыстырудан өз елінің баға жетпес артықшылығын көреді.
Оқушылардың алған білімін тиянақты етуде, олардың сабаққа ынтасын, қызығушылығын арттыруда, іс-дағдысын дамытуда концерттік (қойылым) әдісімен отілетін сабақтардың орны ерекше.
Мұндай тәсілде өткізілген сабақ кезінде оқушы айтылғанды қызыға меңгереді және берілген білім есінде ұзақ сақталады.
Абай Құнанбайұлы жөнінде өткен концерттік сабақтың мазмұнына тоқталайын. Сабақтың білімдік мақсаты: Абай өмірі және шығармашылығы туралы түсінік беру;
— дамытушылық мақсаты: Оқушылардың әдебиеттен, өнер саласынан, ән-музыкадан алған білімін толықтыру, нақтылау;
— тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды қазақ тілін сүюге, тіл өнерін құрметтеуге, халықтың ардагер азаматтарын ардақтауға, имандылыққа, халық өнерін сүйіп, насихаттауға тәрбиелеу.
Сабақта Абайдың өмірі және тарихта алатын орны, әдебиетшілігі, өнері айтылды.
Осыған орай көрнекіліктер қолданды. Олар: Қазақстан жерінің картасы, Абайдың портреті, көркем әдебиеттер, журналдар, Абай туралы бейнесаз, ақын әмірінен буклеттер, нақыл сөздері, оқушы газеттері, тірек сызбанұсқа, таспалар, күйтабақтар.
Көрме бұрышына қолдан жасалған сандық, күбі, оқушылардың істеген буклеттері (ағашқа ою салу, қазақтың әсемдік бұйымдары) қойьшып, оқушылар үйге берілген тапсырманы айтқан кезде, тірек сызбанұсқасы мен қолөнер түрлері пайдаланылды.
Абай Құнанбайұлының өмірі жайында жаңа сабаққа кіріспе сөз сөйленді.
Ақын 1845 жылы Семей облысының Шыңғыстау ауданында (қазіргі Абай ауданында) би Құнанбай отбасында дүниеге келген. Абайдың шын аты Ибрагим, ал әжесі Айғанымның еркелетіп қойған аты Абай.
Пайдаланылған тірек сызбанұсқасында Абайдың әдебиет сыншысы, гуманист, тарихшы, аудармашы, қазақтың әдеби тілін жасаушы, өлкен ақыл иесі, классик ақын, ақындар тәлімгері, композитор, қазақ әдебиетіне жаңалық енгізген жаңашыл ақын екендігі көрсетілген.
Осы сызбанұсқаны пайдалана, ақынның әдебиетшілігіне, тарихшылығына, өнеріне тоқталдық. Оқушылар білетіндерін баяндап берді.
«Абай жолы» романынан жер дауы, жесір дауы, барымта турасында шешкен үкімдері жөнінде үзінді оқып бердім.
Оқушылар сабаққа дайындаған «Абай — әдебиет сыншысы» газетіне шолу жасалды, пікірлер айтылды.
Абай әндері жайында сөз қозғағанда әркім өзі білетін әуендеріне салды, кейбір әндері күйтабақтан тыңдалды.
Абай Құнанбайұлы өз ғұмырында көп қиындық көрген жан. Ол сондықтан да «Жарлы емеспін, зарлымын, оны да ойла толғанып» деп айтқан. Талауда жатқан халқының жан дүниесіне шапағат шашам деумен арманда өткен ғұмыры бар. 1895 жылы өзінің бар үмітін артқан сүйікті ұлы Әбді-рахман көкірек ауруынан қайтыс болып, қан жылағаны аз дегендей, 1904 жылы дүниеден өткен ақын ұлдары Ақылбай мен Мағауияның өлімдері, сорлы әкені мүлдем шөктіріп жіберді.
Абайдың өз сөзімен тұжырымдағанда:
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сия ма айтыңдаршы
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.
Абай қазақ жеріне жер аударылып келген Долгополов, Е. П. Михаэлиспен дос болған. Пушкиннің, Лермонтовтың, Добролюбовтың шығармаларымен көпшілікті таныстырған.
Абайдың өзі тірі уақытысында жарыққа шығара алмаған шығармаларын Көкпай ақын, немере інісі Шәкәрім Құдайбердіұлы насихаттады.
Осы жылы Абай Құнанбайұлының 150 жыл толу торқалы тойына біздің мектеп оқушылары дайындалуда. Абай жөнінде өткізіліп жатқан сабақтарда оқушылар ақынның өлеңдерін, тақпақтарын, яғни қалдырған бай мұраларымен танысып, тың дүниелер іздеуде.
♦ ♦
«Абай биыл ғана аныћ баталады. Бұның әжесі біртүрлі иіебер әңгімеші екен. Қызық сөйлейді. Әңгімесінің барлық жерін дәмді ғып, қызықтырып айтады. Әуелі Абай ауыра бастағанда бір күні кешке ұйықтай алмай жатып, әжесінен әңгіме айтуды сұрады. Сонда, ол ойланып отырып:
— Е-е... Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынтыда кім өткен? — деп, кішкене тақпақтап бастап еді. Абай соны ұғып қапты. Келесі жолы әңгіме сұрағанда әжесін тізесінен ақырын қағып:
— Е-е... Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен? — деп, тағы да әңгіме тілегенін білдіруші еді.
Әжесі әуелде көп-көп ертектер айтқан. «Еділ-Жайық», «Жұпар қорығы», «Құла мерген» — бәрі де айтылды. Оның әңгімелерін түсте де, кешке де, тіпті көш бойы да Абай айтқыза беретін болды.
Бертін келе тәуір болып алтан соң әжесінен таты бір әңгімелер тпапты. Ол осы ел ішінде Зеренің жасынан бергі көргені, естігені жайындағы әңгімелер. Ел мен елдің шабысы, таласы жайында бірталай күндер айтты. Осыдан жиырма-отыз жыл бұрын Найманның осы елге, осы ауылға шапқанын, сонда Бостанбек деген өзінің асыранды баласы өлгенін және Найман қолынан осы ауылда тұтқынға түсіп, жыл жарымдай кісенде жатқан Кожамберді деген ақын жайын айтады. Соның көп өлеңін шұбыртады. Басқа да «Карашор шапқан» сияқты шабысты, жортуылды айтады.
Тағы бір күндер Мамыр, Еңліктей қыздардың қайғыларын да айтып берді. Абай қажымай, жалықпай ылғи ғана ынтыға тыңдайтын».
Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясынан.
Нет комментариев. Ваш будет первым!
Добавить комментарий |