Бақтығұлова,Л.Абай әндері - сарқылмас қазына/ Л.Бақтығұлова// Қазақстан мектебі.-1995.-№ 3-4.-С.64-65

20 марта 2020 - Administrator

Қазақ халқының музыкалық мәдени тарихын парақтағанда ақын, сазгер А. Құнанбаевтың уақыт озған сайын шоқтығы биіктеп, тұлғасы даралана түскенін көреміз.
Ағартушылық ойларын Абай өз өлеңдері мен музыкалық шығарма- лары арқылы жас ұрпаққа кеңінен насихаттауға талпынды. Абайдың ха- лықты ұлы достыққа, туысқандыққа, бірлікке шақырған бейнесі Шығыс, Орыс, Батыс Еуропа өнері, әдебиетімен байланыстылығынан танылады.
Абайтанушылардың еңбектерінен Абайдың жастайынан қазақ музыка- лық фольклорын сүйіп, ән айтып, домбыра шерткені мәлім. Халық әндері Абайдың өзіндік ән мәнерінің қалыптасуына әсер етті.
Абай зерттеуші М. В. Беляев «Абай әндері XX ғасырға дейінгі ән мәдениетінің шырқау шыңы болды» деп жазды. Ол тікелей ағартушылық іспен айналыспаса да, өлең, әндерінен, ұлағатты сөздерінен жас жеткіншектерге өмірлік азық болар әдістемелік және дидактикалық маңызы зор оқу мен тәрбиеге көңіл бљліп отырғанын аңғарамыз.

Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар, қалан
— деген жыр жолдары кейінгі ұрпаққа қалдырған үндеуі десек, қате- леспейміз.
Қазақтың ұлттық музыкасының алғашқы қалыптасқан кезеңінен бастап, өсу, өркендеу жолында Абай музьжасының алатын орны ерекше. Абай әндері халқымыздың музыкалық жанрын дамытуға жаңа жол салды. Қай әнін алсақ та, өзіндік әуенімен, музыка тілінің көркемділігімен, байлығымен, басқа сазгерлердің әндеріне ұқсамайтын даралығымен, өзіндік ырғағымен ерекшеленіп тұрады. Сондықтан, тек жырларымен ғана емес, әндерінен де өзінің тәлімгерлік, тәрбиелік, ағартушылық дана ойларын нәзік әнге арқау, кейінгі ұрпаққа мұра етті. Абай әндері жайында А. Жұбанов: «өзінің табиғаты, рухы, жағынан ұлттық сипатта қазақ халық музыкасының дәстүрінде шығарылған»... деп жазды. Бүгінде жалпы білім беретін орта мектептердің ән сабақтарында, арнаулы және жоғары оқу орындарының музыка факультеттерінде Абай әндері кеңінен насихатталуда. Жүрекке жағымды Абайдың лирикалық әндері: «Айттым сәлем, қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай», «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да», «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын», «Көзімнің қарасы» әндері «дирижерлау», «жеке ән салу» бөлімі студенттерінің репертуарларында орын алған. Соңғы жылдары зерттеушілер Абайдың күйлері де болғанын дәлелдеп жүр. Әндерімен бірге «Тор- жорға», «Абай желдірмесі», т. б. күйлері жалпы білім беретін орта мектепгердің ән сабағының оқу жоспарына енгізілуде.
Ұлы дарын иесін халқымыздың ән өнерін ән бойына қастерлеп жинақтаған қасиетті шежіресі десек болады. Халық арасынан шыққан бір тума дарын иесі, дара тұлға ұлы Абай әндерінің адамның сезіміне әсер етер, өміріне қолқанат болар, ой-өрісін өсіріп, болашаққа деген сенім ұялатар құдіретті күші де осында.

 

 

 

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий