Бітібаева,Қ.Абайша сүй адамды/ Қ.Бітібаева//Қазақстан иектебі.-1995.-№9.-С.11-13

20 марта 2020 - Administrator

Әелемдік поэзия жауһары, әлемдік мәдениет, әлемдік пәлсапа, әлемдік музыка, әлемдік ой дүниесінің алыбы, эстет, гуманист, интернационалист, моралист, ағартушы-демократ, шешен, заңгер, би, аудармашы, қоғам қайраткері, тәрбиеші-ұстаз, кемеңгер... ұлы Абай тек бір ғана ұлттың емес, бүкіл адамзат жаратылысындағы теңдесі жоқ құбы- лыс болды.
Бүкіл саналы ғұмырын Абайды зерттеуге арнаған ұлы Әуезов оның мол мұрасын тек «шөмішпен ғана сүзіп алдым» десе, біз — ұстаздар шәкірттерімізге Абай қазынасын тіпті қасықпен қалқып бере алып жүрміз бе?
Меніћше, әдебиетті оқытудың бүгінгі таңдағы ең басты кемшілігі — керкем туындының идеясы, тақырыбы, образдары деп, бөлшектеп- бөлшектеп талдауда ма деп ойлаймын. Біз, әдебиетшілер, көркем туындының басты құдыреті оның көркемдігінде, көркемдік табысында, жаңалығында екенін басты нысанаға ала бермейміз. Сондықтан Абай сияқты ұлыларды өз түсінік, өз біліміміз, өзіндік тар ауқымдағы оқыту әдістемелері негізінде ғана оқытып жүргеніміз рас. Жасырып қайтейік, оқулықтағы Абай, мектептердегі Абай орташа ақын», ең ұзағанда «үстем -аптарды сынаушы, өз заманындағы кемшіліктерді мінеуші», «жүрегі у мен зарға толы әлеуметтік Абай, біржақты Абай» болып келді. Ал, осы ұлы тұлғаның басқа қырына неге көз салмадық?
Ендеше бүгін Абайдан саяси, идеологиялық таңбаларды алып тастап, оның орнына ақын поэзиясының, тепегей теңіз мұрасының інжу-маржанын тұтастай қарастыра оқытатын кез жетті.
Абай поэзиясы — сұлу поэзия. Абай поэзиясы — махаббатқа, сүйіспеншілікке толы поэзия. Ақынның қай туындысы болмасын, оның алтын арқауы болып Адам тұрады, Адамға деген махаббат тұрады. Ұлы ақын нағыз Адам, толық Адам қандай болу керек деген ұлы сұраққа
жауап іздейді және оған жауап береді.
Абай поэзиясын тақырып-тақырыпқа бөлшектемей, тұтастай қарастырсақ, мынадай баға жетпес үш асыл қазынаны бөліп алар едік:
1. Адамды, бүкіл адамзатты сүю. Жай сүю емес, хақтың жолы деп сүю. Алла махаббатпен жаратқан Адамды сүю.
2. Алланы сүю, оның «хикметін сезіну», тәңірі үшін «махаббат қыла» сүю; «алланы жаннан тәтті сүю».
3. Бір-біріңді сүю, адамдық, адамгершілік басты қасиеті — достықпен сүю.
«Осы үш сүю болады имани гүл,
Иманның асылы үш деп тахқиқ біл.
Ойлан дағы, үшеуін таратып бақ,
Басты байла жолына, малың түгіл» —
деген өлең жолдарының өзі-ақ, бізге сара жол ашып тұрған жоқ па? Абай- ды оқытуды осы үш сүюден неге бастамаймыз?
Міне, даусыз, дүдәмәлсіз-ақ, ақын өзі жазып кеткендей, оның поэзиясының алтын арқауы осы үш сүюден тұрады емес. пе? Ақын іздейтін толық Адам — сұлу адам. Эстет ақынның сұлулыққа қояр талабы да өзгеше. Ақынның сұлу Адамы ақыл мен қайрат, жүректі бірдей ұстаған толық Адам. Бұл пайымдауларда қандай ерекше сұлулық бар деп дауласуға болар... Тыңдап көріңіз, ақыл жай ақыл ма? Жоқ, ол
— «нұрлы ақыл». Ал жүрек ше? Жүрек
— «жылы жүрек». Қайрат та — «ыстық қайрат».
Абай поэзиясы сұлу поэзия дегенде ол тек формасы емес, мазмұнымен сұлу поэзия. Абай поэзиясының сұлулығын ұғыну үшін жалпы сұлулық дүниесіне қояр эстетикалық талабымызды тереңдетуге тура келер. Ол поэзияның сұлулығы кестелі сөз өрнегі мен көркем де, айшықты оралымдарда ғана емес, ақынның жан дүниесінде, соғып тұрған жүрек лүпілінде, тасқындап тұрған қан тамырында. Қарайықшы: «Адамзаттың бәрін сүй — бауырым деп, жоқтың жолы осы деп ғаділетті», «Адам баласына адам баласының — бәрі дос», «Әкесінің баласы — адамның дұшпаны; адамның баласы — бауырың».
Неткен сұлу ой, сұлу тұрымы, сұлу ақыл! Ал, біздер, ұстаздар, қайталап айтамын, осы сұлулықты шәкірттерімізге жеткізе алып жүрміз бе?!
Табиғат — Ананың, Алланың ең сұлу сыйы, Абайша айтқанда, алланың махаббатпен жаратқаны — Адам. Абай ең алдымен сол Адамды, оның сұлулығын жырлады. Ақын адам бойындағы барлық жамандықты ашына сынағанда да үлкен махаббатпен сынады. Ақын өз халқын, ортасын жек көргеннен сынаған жоқ, керісінше, адам бойынан өзі көргісі келетін сұлулықты таба алмағаннан сынады. Абай поэзиясы сұлу поэзия дегенде оныћ ең алдымен халқына деген ұлы махаббатын, ақын жүрегінің пәктігін, сезімінің мөлдірлігін түсіндіруіміз керек.
Абай поэзиясының қайнар кезі, бастауы өз халқының даналығы, ақыл ойы, сөз өнері екенін, Абай поэзиясындағы ізгілік, имандылық ең алдымен өз ортасы арқылы келгенін жас ескіндерге жеткізу — басты борыш. Өйткені әлемдік Абай ең алдымен ұлттық Абай арқылы танылады.
Ал, ақын жырларын жалпы поэзияны оқытудың езіндік ерекшелігі, күрделілігі неде?
Әр ұстаз, әр шәкіртгің «өз» Абайы бар. Оған қоса әр ұстаздың ез әдістемелік қолтаңбасы болады. Ақын мұрасы, міне, ұстаз бен шәкірттіә сол мұраны қабылдауы, түйсінуіне тікелей тәуелді. Оның үстіне ақын поэзиясының бүкіл бітімболмысы, берер ойы, әсері мен оқырман әсері, қабылдауы түйісіп, қабысып жатқанда ғана бұл процесс жүзеге аспақшы. Лирикалық шығармалар ақынның лүп еткен жүрек сырының, найзағайдай жарқ еткен сезімінің нәтижесі. Ақын жазғандағы сол найзағай жасынын, лүп еткен сезімін ұстаз бен оқушы түйсіне білгенде ғана білімді бойға сіңіру жүзеге аспақ. Бұдан шығатын қорытынды — поэзияны оқытқанда шәкірт эмоциясына әсер ету ең басты мәселе болып табылады. Өз іс тәжірибемізде әдебиет сабағын ой сабағы, ойлау сабағы, ойланту сабағы деп қарастырамыз.
Айталық, біз неліктен оқушыға оқулық авторларыныћ түсінігін қайталатамыз? Неге өз айтқандарымыздың мазмњнын қайта сұраймыз?
Алдымызда ез ойы, пікірі бар
Адам отырғанын неге ұмытамыз?
Өз басым, ең алдымен сол көркем туынды туралы шәкірттің өз түсінігін алдыға қоямын да, сонан кейін оқулық, мұғалім түсінігіне жол беремін. Бұл іс-әрекеттің маңызы неде? Біріншіден, оқушы, яғни шәкірт өзі ойланады, әсерін, қабылдауын айта білуге дағдыланады, екіншіден, балаң түсініктерін толықтырады, нені дұрыс қабылдай алмады, соны барлайды, үшіншіден, оқулыққа жүгіне отырып, білімін ары қарай кеңейтеді, дүниетанымын тереңдетеді. Бұл процесс теменгі кластардан басталу керек. Мысалы, 5-класта «Күз» өлеңі оқуға, талдауға ұсынылады. Ұстаз өлеңді үйге алдын-ала оқып, талдауға береді. Өз беттерімен істелінетін мұндай жұмыстарға нұсқау — көмек те қоса беріліп отыру керек.
Кһмек-нұсқау
1.Өлеңді асықпай 2-3 рет оқып шық. Түсінбеген сездеріңді белгілеп қой.
2.Өлең не жайында, соны ойлан. Ақын не айтпақ болған?
3.Қалай ойлайсың, елең қандай көңіл-күймен жазылған? (Соңғы шумаққа көңіл қой).
4.Күз керінісін ерекше ашып тұрған бейнелі сездерді тап. Жалпы, күз суретін беретін сездерді іріктеп ал. »
5.Күз суретімен қоса кімдер бейнеленген? Олардың іс-әрекетіне назар аудар.
Тапсырма негізінен екі түрлі сипатга болады.
6.Шәкірт сезіне эмоциясына барлау мақсатында. (Ақын елеңімен өз бетімен қауышу кезеңінде).
7.Өлеңді талдау, білімділік, танымдық мақсатта.
Мысалы, шығарманы сезінуін бағдарлау мақсатында мынадай тапсырма беріледі:
а) өлең өзіңе қалай әсер етті? Қандай сезімде болдың? (Қуану, көңілсіздену, ренжу, т. с. с.)
ђ) Ақын осы өлеңді қандай кеңіл күймен жазған? Ол туралы не айтар едің?
Ал елеңді талдау мақсатында мынадай сұрақтар беруге болады:
8.Күз суреті қай шумақтарда берілген?
9.Күз керінісін әсіресе қай сөздер бейнелеп тұр?
10.Өлеәде күз суреті ғана берілген бе?
11.Адам, жан-жануарлар тірлігі қай шумақтарда берілген?
12.Өлеңдегі ақын ойын қай шумақтар ашып тур?..
Мұғалім осы сұрақтарды қоя отырып, ең алдымен оқушылар жауабын тыңдап, сөйлетіп, сонан соң өзі талдайды. Мұндай сабақтарда оқушылар тыңдаушы, информацияны қабылдаушы ғана емес, ең бастысы, білімді өз еңбегімен алушы болып отырады. Ал, мұғалім білім беруші, түсіндіруші ғана емес, ұйымдастырушы, кеңесші дәрежесінде іс-әрекет етеді.
Лирикалық шығармаларды өтуде көрнекілік, музыка, яғни оқушы сезіміне әсер етер оқу жабдығының маңызы зор. Әсіресе қолайлы оқу жағдайын туғызу, шығармашылық сипаттағы әдіс-тәсілдерді үйлесімді түрде тиімді пайдалана білу керек. Сабақты түрлендіре, оның әр түрлі типтерінен іздендіре оқыту да нәтижелі болмақ. Осы сабақты үйлесімді сабақ ретінде бейнелеу пәнімен біріктіріп еткізуге болады.
Абай поэзиясының алтын діңгегі — Адам дедік. Ақынның өз сөзімен айтсақ, махаббатпен жаратқан алла Адамын оқытуды бірінші кезекке қою керек. Күні бүгінге дейін ақынның махаббат лирикасын, сүю сұлулығын беретін өлеңдерін оқыту өз дәрежесінде болған жоқ. Ол туралы оқулықта 2-3 сөйлем ғана берілген.
Абай — мөлдір махаббат, адал достық жаршысы болды. Ақынның махаббат лирикасы арқылы оқушыларға қандай білім беруге болады, білім ауқымы нендей мәселелерді қамтиды? Енді соған тоқталайық.
13.Ақынның ішкі сарайы, рухани байлығы, сезім пәктігі, мөлдірлігі, шынайылығы, оның сөзбен айшықталуы. Сез құдіретімен берілу көркемдігі.
14.Сүйген адамды асқақтата жырлауы, оған «мал мен басты құрбан етуі».
15.Жан сұлулығы мен тән сұлулығын әсем үйлестіруі. Эстет ақын биігіне көтерілуі.
16.Абайша махаббаттың — өмірдің мәні, қызығы, тірегі, қуанышы екендігі, тіпті сол өмірдің өзі екендігі.
17.Махаббат жырлары — махаббат гимні, адамды адам сүюдің, сүйгенді әлпештеудің биік символы екендігі. Махаббатты жырлаудағы ақын әдебі, мәдениеті.
18.Ақынның нәзік жан дүгіиесі, сезім сұлулығының, сөз құдіретінің әуен құдіретімен үйлесе, ерекше бір ішкі гармониямен қабыса берілуі. Абай — композитор.
Абайдың қай өлеңін алмайық, қайсында болмасын, ерекше бір жымдасқан нәзік ырғақ жаныңды тербеп, сезім қылын шертеді. Біздің Абай жырларын белшектеп, тақырып-тақырыппен жіліктемей, тұтас қарастыруымыз керек дейтініміз сол себептен. Мысалы, ақынныћ «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін алайықшы. Айлы түнгі ауылдың ғажайып суреті қандай! Суда дірілдеген ай сәулесі, күрілдеген өзен, сыбырласқан жапырақ.... Күнәға батпаған қос ғашық сезімі табиғаттың осы бір құбылысымен қауыша алынбай ма?
Абайдың поэзиясын оқыту деген Абайдың өзін оқыту ма деген қорытындыға еріксіз келесің. Абай лирикаларын оқытуда оны жеке-дара алып қарастырмай, әлем әдебиетімен байланыстыра қарастыру дұрыс деп ойлаймыз.
Жалпы алғанда, Абайды таныту — қазақ халқын таныту; Абайды таныту — қазақтың даналығын, сөз өнерін, ғажайып бай тілін таныту. Сұлулықты, махаббатты, ізгілікті, Адамдықты, Адамды, Алланы сүюді таныту деген сөз.
Абай поэзиясының сұлулығынан бойымызға нәр алып, жан дүниемізді тазартып, сұлу сезімді жас ұрпақ тәрбиелеу — біздің Адами да Ұстаздық борышымыз. Әр ұрпақ, оның әр ұстазы ұлы ақын мұрасын оқыту жайында іздене берер, оған шүбә жоқ, әр ұрпақ өз Абайын табар, өз Абай- ын тиімді оқыту жолынан табысқа жетер, ылайым солай болғай да! Себебі ұлы Абай халқымен бірге жасап, әр ұрпақты көз кергеніндей, замандасындай жан дүниесінде, жүрегінде өмір сүре берері атар таңдай анық.
Абай пенде баласына Алла мен Адамды сүюді үйретсе, ескелең ұрпағы да Абайдың өзін азаматтық үлкен жүрекпен сүйетін болады.

 

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий