Ахметов,Қ. Абай шығармалары – «Адам және қоғам» Сабақтарыда/ Қ.Ахметов// Қазақстан мектебі.-1995.-№1-2.-С.76-78

20 марта 2020 - Administrator

Адамгершілік тәрбиесінің қоғамда атқаратын қызметі өге зор. Сондықтан адамгершілік ұғымының ерекшеліктерін бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін болмайды. Сан алуан қайшылықта дамып отыратын қоғамдық формацияларда әр тап адамгершілікті өз жағдайына ыңғайлап, бейімдеп алуға тырысады. Адамгершілік (мораль) түрліше жағдайларға бейімделіп, өндіріс орындарында, отбасында, көпшілік орындарда адамдардың қарым-қатынастарын реттеп, ықпал етіп отырады. Күнделікті жағдайларда кездесіп отыратын мына мысалға көңіл бөлсек, адамгершілік белгілерін анық байқауға болады. Міне, бір адам су бассейніне секірді. Бұл — ол үшін күнделікті жаттығу. Егер ол суға батып бара жатқан адамды құтқару үшін секірсе, онда ол озінің адамгершілік қасиетін көрсетеді.
Қоғамдық сананың басқа түрлеріне қарағанда адамгершілік қасиеттер әр түрлі тарихи-әлеуметтік мәселелерді шешіп, қоғамдық өмірде көп салалы қызмет атқара алады.
Сондықтан бүгін таңда әр мұғалім, тәрбиеші, ата-ана адамгершілікті жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде, тәуелсіз елімізді әлемдік дәрежеге көтеруге ұтымды пайдаланғаны абзал.
Пән мұғалімдерінің адамгершілік тәрбиесін беруде пайдаланылатын көздері мен мүмкіндіктері мол. Сондай тіректердің бірі, адамгершілік тәрбиесінің таусылмас қайнар көзі — бүкіл әлем болып атап өткелі отырған халқымыздың ұлы перзенті Абайдың 150 жылдық мерейтойы.
Абай өзінің кіршіксіз ақ жүрегін тебіренткен сансыз ойларын тамаша шығармалары, қара сөздері мен жалынды жырларында маржандай төгілдіреді, оның әрбір жолынан, әрбір созінен соншама ыстық, соншама жақын леп сезіледі. Ол леп өткен заманның тынысы болса да, бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды. Абай лебі, Абай үні, Абайдың тынысы — бүгінде теңдік алып, дербес ел атанған, басқа елдермен есік-терезесі тең болған, кең байтақ Қазақстанның, қазақ халқының тынысы.
Абай өмір сүрген ортаны, сол кездегі қазақ халқының әлеуметтік-тарихи әл-ахуалын білмей Абай жұмбағын шешу де, қазақ тарихын, Абай өлеңдерін түсіну де мүмкін емес.
Ұлы бейненің қалыптасуындағы үй тәрбиесінің әсерін оқушыларға үлгі етіп айтамын. Абай жас кезінен сан қилы өмір қайшылықтарын бастан кешіре отырып, тіршілік құбылыстарын ой елегінен өткізіп, сын көзімен қарайтын болады.
Қалың елім қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың,
— деуі, оқушыларға халықты надандыққа, рушылдыққа қарсы күреске шақырған ұрандай әсер қалдырады.
«Адам және қоғам» сабақтарында отбасы тақырыбын өткенде:
Жасаулы деп, малды деп байдан алма,
Кедей қызы арзан деп құмарланба.
Ары бар, намысы бар, ұяты бар,
Ата-ананың қызынан ғапыл қалма,
— деген жолдарды өнеге етіп ұсынамын.
«Қоғамдық сана, идеология, әлеуметтік психология» тақырыбын өткенде де (11-класта) Абай өлеңдерін пайдалану тақырыптың қызықты, әсерлі өтуіне әсер етеді. Тақырып өту кездерінде оқушыларға Абайдың үш мәселені: бірінші — надандықты, екінші — еріншектікті, үшінші — зұлым- дықты ең қауіпті кеселге санайтындығын айта отырып, «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен үзінді келтіремін.
Абайдың жастарды білімге, ғылымды меңгеруге шақыруы да оқушы- ларды ғылым жолындағы қиындықты жеңуге тәрбиелейді, жігерлендіреді. Осы жерде:
Ғалым болмай немене.
Балалықты қойсаңыз,
Болмасаң да, ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз
. Сізге ғылым кім берер
Жанбай — жатып сөнсеңіз,
— деген шумақты оқу кезінде, белгілі түрік ақыны Надим Хикметтің ұқсас өлеңімен таныстырамын. Ол да оқушыларды Отанды, туған жерді сүюге баулып, ерлік қасиеттерге тәрбиелейді.
«Адам және қоғам» сабағында мәдениет саласына да сағат бөлінген. Осы сабақ бойынша «Іс-әрекет және мәдениет» тақырыбын өтуде Абайдың «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңін пайдалану оқушыларға жақсы әсер қалдырады.
Мәдениет тақырыбын өтуде өнердің өмірдегі атқаратын қызметін айтқан кезде Ұлы ақынның мына өлеңін пайдаланған тиімді.
Туғанда дүние есігін аиіады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең,
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен
Ойласаңшы бас қақпай
— елең-селең.
Өнерді қастерлеу, өнердің халыққа тегін қызмет етуін насихаттайтын:
Сый дәметпе, берсе алма сен адамнан,
Нең кетеді жақсы өлең сөз айтқаннан.
Сүйенерлік адамды құрмет қыл,
Аулақ бол әнін сатып нәрсе алғаннан.
Абайдың «Көкбайға» деген өлеңін:
Әсемсің, сәнсің,
Білгенсіп бәлсіп,
Әр нәрсенің орнын
Керенау кердең бір керім
Жақпайды маған сол жерің,
немесе әйгілі «Алты аяқ» пен «Сегіз аяқты» оқыту оқушыларды жаман әдеттен жиреніп, одан сақ болуға тәрбиелейді.
Қазіргі жастардың тіршілігінде жанжалдасу, топтасып төбелесу де белең алып барады. Осыған байланыстырып ақынның төмендегі өлеңін оқып беремін:
Заман ақыр жастары
Қосылмас ешбір бастары
Біріне бірі қастыққа
Қойнына тыққан тастарды.
Абайдың қай өлеңін алсақ та, жеке адамды, халықты, оның ішінде өнер сүйер жастарды өнерді қастерлеуге, қоғамның белсенді мүшесі болуға шақырады. Соның бірі «Әсемпаз болма, әрнеге» әлеңі.
Акын адамгершілік қасиеттерін жоғалтқан адамдарды төмендегі өлеңінде суреттейді:
Күшік асырап ит еттім,
Ол балтырымды қанатты.
Біреуге мылтық үйреттім,
Ол мерген боп мені атты.
Абай өмірі мен шығармашылық жолын адамгершілік тәрбиенің кең арнасы деуге болады. Сондықтан ақынның өмірбаянындағы тәлімді жағдайларды сабақта пайдаланған дұрыс болады. Абай 1875 жылы Қоңыркөкше дейтін Тобықты руының бір еліне бір ауыздан болыс болып сайланады. Абайдың осы қызметтегі әділдігі, адалдығы, халық арасында оның беделін бұрынғыдан да көтере түсті. Теңдік ала алмай, әділдікке қолы жетпей жүрген жарлы жақыбайлар көптеп Абайға келіп, мұң-мұқтажына көмек беруді өтіне бастайды.
Абай старшин мен билердің жұмысына, жер дауы мен жесір дауына белсене араласады. Пара берушілерді әшкерелеп, әділетсіздікке қиянатқа жол бермейді. Ру басыларымен қаймықпай айқасады. Қолы жетпей жүрген момындарға, теңдігін таба алмай жүрген әйелдерге жәрдем етеді. Еріксіз алынып жатқан барымта, дау, жанжал, неше түрлі қылмыстар тиылып, елде тыныштық орнайды. Шын мәнінде Абайдың қоғамдық, әкімшілік қызметі қазіргі әкімдерімізге, ел басқарушыларымызға неге үлгі болмасқа?
1885 жылы Орта жүз рулары Семейден 70 км жерде бас қосқан төтенше съез өткізіліп, оған жүзден астам билер қатысады. Халқының қамын ойлаған Абай — осы съезде бұрын қолданылып жүрген заң ережелерінен бөлек, жаңа демократиялық негіздегі заң реформасын ұсынады. Ол бүкіл елге «Абайдың 76 статьясы» деген атпен таралды. Бұл жоба бір ауыздан қабылданып, Абайдың өзі төбе би болып сайландьі. Бұл оның туған халқы мүддесі жолындағы күресте жеткен тарихи жеңісі еді.
Абайдың ұлт араздығын қоздырушыларға қарсы больш, халықтар ара- сындағы достықты қастерлеуі де — адамгершілік тәрбигсінің үлгісі. Оның орыс достары Абайға сырлас та, мұңдас та болды. Абайға көп жайды үйретсе, Абай сыңды данышпан адамнан көп нәрсені үйренді де.
Абайдың ғылымға көңіл бөлуі де — жастар тәрбиесіне үлгі. Мысалы, 1886 жылы ол орыстың Батыс Сібір бөлімшесінің географиялық қоғамына мүше болып сайланады. Қоғамның ғылыми қызметкерлеріне тарих, география, әдет-ғұрып, салт-сана, құқық жөнінде Абай үнемі кеңес берген. Абайдың ұсынысымен Маковецкий қазақтың әдет-ғұрпын, дәстүрлерін жинап, кітап жазады.
Абай өзінің кемеңгерлігін, данышпандығын, адамгершілік қасиеттерін қара сөздері арқылы корсетті. Ол өз халқының басқа халықтармен терезесі тең болғанын көксеп, өз ойларын халқына жазып қалдырған.
Соңғы кезде көпшілікті ойландырып жүрген нәрсе — ұлттық намыстың аяқ асты болуы. Ұлттық намысты тәрбиелеп, қалыптастыруда аталған қара сөздерінің ықпалы ерекше.
Ұлы ақынның бұл сөздерінің қазіргі жастарға, оқушыларға тәрбиелік мәні зор. Тек жастар ғана емес, бүкіл халыққа айтқан сақтандыруы, ескертуі, данышпандық айтқан ақылы — осы Қара сөздерінде.
Ғасырдан астам уақыт өтсе де, Абайды күйінткен теріс қылықтардай хал- қымыз әлі тазарып бола қойған жоқ. Ендеше адамгершілік тәрбиесі — мектеп мұғалімдерінің, тәрбиешілерінің ғана көтеретін жүгі емес, бүкіл халық болып күресетін, мемлекет тарапынан бақылауға алынып, бағдарламалар бойынша жүйелі атқарылатын жауапты жұмыс. Сондықтан Абай шығармасы мен оның өмірі — адамгершілік тәрбиесінің қайнар бұлағы, таусылмас қоры ретінде, әрбір пән мұғалімінің пайдалануы оның қоғам алдындағы абыройлы борышы.
Абай — қазақ халқының қасиетті тұлғасы, әр қазақ баласының арман- дайтын асқар шыңы, оның шығармашылығы мен өнері жастарға адамгершілік тәрбие беруде таусылмайтын кәусар бұлақ. Абайды қадірлейік, Абайдан үйренейік, Абайды кездейсоқ бұрмалаудан қорғайық.

АБАЙҒА
Көкбай ЖАНАТАЙҰЛЫ
Жаннатта жаның болғыр Абай құтып, Қасыңда бос жүріппін шатып-бұтып. Осындай ен дарияны жайлағанда. Тым болмаса қалмаппын қана жұтып.

 

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий