Қалназаров.Б, Абай-ата кәсіп туралы / Б.Қалназаров// Қазақстан мектебі.,-1995.-№12.-С.16-21

20 марта 2020 - Administrator

Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 150 жыл толды. Бұл мерзім Абай еңбегін тану, шығармашылығынан тәлім-тәрбие алу, азаматтың ұлылығын мойындау және бүкіл әлем болып тойлау жылы болды. Ал, акын ұрпактарының «Абай шығармалары өзінше бір әлем» деп берген бағасы бір төбе және дұрыс-ақ!
Абай шағырмаларының тіл байлығын, тәрбиелік мәнін, философиялық тұжырымдылығын, замана ағымын айқын бейнелеуін көре білдік.
«Әсемпаз болма әр неге.
Өнерпаз болсаң арқалан» — сияқты ойларын талапты жастарға арнап, ата кәсіпті уағыздаушы екенін түсіндік. Абай еңбек адамына:
«Жалға жүр, жат жерге кет, мал
тауып кел,
Малың болса сыйламай тұра алмас ел»— деп адал, таза саналы түрде жүргізетін еңбектің адам өміріне тигізетін пайдасын бағдарлай келе,
«Адамзат тірлікті дәулет
көрмек.
Ақыл таппақ, мал таппақ, адал жүрмек» — деген еңбек характерінің нәтижесінде келетін дәулет пен нысапты, талаптың нәтижелілігін дұрыс алып жүрудің қажет екенін әрбір қазақтың көңіліне құя отырьш, жастарды сан алуан еңбек түрлеріне тәрбиелейді.
Әрбір ақын-жазушы өзі өмір сүрген ортанын, сол қоғамның айнасы іспетті. Абай өз замаңдастарының және ұрпақтарынын тыныс тіршілігінің сәулетті болуына, уақыт талабына сай тиімді дамуына:
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеііз
Тілеуің. өмірің алдыңда,
Оган қайгы жесеңіз
Өтірік, өсек, мақтаншақ.
Еріншек, бекер мал шашпақ—
— Бес дұшпаның білсеңіз
Талап, еңбек, терең ой
Қанагат. рақым ойлап қой —
— Бес асыл іс көнсеңіз.— деп, поэзия тілімен қажымай-талмай қызмет жасаған Ұлы адам.
Абай өмір сүрген уақыт феодалдық қоғамның дамып, ата кәсіптің ел арасыңда бел алып тұрған кезі еді. Қазақ елі жаңа капиталистік қоғамға аяқ басқан болатын. Жаңа өмірдің қыры мен сырын игеруге, аумалы-төкпелі тірлік белестеріне бой ұра бастаған халықты Абай дер кезінде шығарма тілімен адамзаттың жер бетіндегі табиғат әлеміне қатысты екендігін айқыңдайтын функциясын:
— «Сен де бір кірпіиі дуниеге,
Кетігін тапта, бар. қалан»— де-
ген тәрбиелік мәні зор, данышпандық ойлармен адамдардың ебек харак- терінен тыс қалып қоймауын ойлап, оларға бағытбагдар беріп отырды.
Абай өмірінің дені қол еңбегі дамыған феодалдық дәуірде өтті дедік. Феодализм — казақ халқының өмірінде халықтық тәрбие жүйесімен негізделе жүргізілген. «Ата кәсіптің» дамып, жетілуіне үлкен үлесін қосты. Өйткені, әрбір қоғам озінің интеллектуалдық даму үрдісіне байланысты қоғамда омір сүрген адам баласының сана сезімі мен қабілетінің жетілуіне өзінше ықпал ететіңдей әлеуметтік даму принципін ала келетіңдігі анық. Соңда да болса, Абай замандастарына әрқашан да өмірге тиімді кәсіпкерлік еңбек түрлері мен салауатты өмір салтына ұмтылуда:
«Керек іс бозбалага талаптылық.
Әр турлі өнер, мінез, жақсы қылық»— деп уағыздайды. Бұл уағыз- дарды Абай 43 жасында, 1888 жылы ұрпағының жан дүниесіне, тіршілік харакетіне нәр беретін тәрбиелік өйларын ұсынуға түрткі болған езінің Негізгі тњжырымд;ша;іык мақсатын айтып, бар- ша елге айкындап:
«Мақсатым—тіл ұстартып,
өнер шашпақ.
Наданның көзін қойып, көңлін
ашпақ.
Үлгі алсын деймін, ойлы жас
жігіттер
Думан, сауық ойда жоқ, әуел бастаақ» — деп келе, өнер саласында:
Әуелі өнер ізделік қолдан келсе.
Ең болмаса еңбекпен мал табалық — деп, еңбек туралы: Тәуекелсіз, талапсыз мал табылмас,
Ећбек қылмас еріншек адам болмас,— деген тұжырымдамалармен корытындылайды. Осы тұжырымдалған ойлардың қорытыңды нәтижесін:
Еңбек қылсаң ерінбей,
Тояды қарның тіленбей, немесе:
Дененің баріиа қуаты,
Өнерге салар бар кушін,— деп, салауатты еңбектің адам баласына беретін нәтижесінің мол екенін, адамға байлықтың қандай да бір деңгейде болмасын қажеттігін, оған адам табиғатының тартылысын айкындай, дәлелдей қорытыдылайды. Бұл тұжырымдамалар қазіргі кездегі Абай ұрпақтарының социализмнен капитализмге, кері бағыттағы, сонау феодализмнің соңғы уакытынан, нөлдік деңгейден қайта бастауға тура келіп тұрған XX ғасырдың талқысы мен XXI ғасырға аяқ басқалы тұрған қазақ халқының өтпелі кезеңдегі замана сергелдендерінен қажымай отуіне Абай өсиеттері мен тәрбиелік бағдарлары, әсіресе, жалпы білім беретін мектептерде жұріп жатқан халықтық педагогиканың тәрбие жүйесі керекті тәрбиелік компонент екенін бүгінгі жастар тәрбиелілігінен айқын сезінеміз. Абай шығармаларындағы жастарды енбекке баулу тәрбиесінің біздерге қажетті әдістемелері сан-алуан.
Мысалы;
«Болмасын кекшіл,
Болсайшы көпийл,
Жан аямай кәсіп қыл»,
және:
«Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балага»,— деп акыл айту әдістемесін,
«Талапты ерге нұр жауар.
Жүріп омір сүруге»,— деп бағытбағдар беру әдістемесін,
«Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой,
Бес асыл іс көнсеңіз»,— деп түсіңдіру әдістемесін,
«Керек іс боздалаға талаптылық,
Әр түрлі өнер, мінез, жақсы қылық»,— деп өнерге, білімге талпындыру әдістемесін,
«Азамат тірлікті дәулет білмек,
Ақы таппақ, мал таппақ, адал жүрмек»,— деп тәртіпке шақыру әдістемесін,
«Әуелі өнер ізделік қолдан келсе, Ең болмаса еңбекпен мал табалық» — деп жол бастау әдістемесін,
«Адал жүріп, адал түр
Счетың тура келуге»,— деп сақтандыру, т.б. әдістемелерімен ұрпақтарын өлең жолдарының құдіретті күшімен тәрбиеге алады. Сонымен қатар, Абай тәрбиеге көнбеген азаматқа өзінің ренішін:
«Таппадым көмек өзіме
Көп наданмен алысып,
Көнбеді ешкім сөзіме,
Әдетіне қарысып» — деп білдіріп халық ішінде сөзге түсінбей қарысып жүрген адамды коп больш жолға салуға басқа кісілердің де тәрбиелік аргументгерді айтуларын тілеп, комекке шақыру әдістемесін де қолданады. Себебі, Абай айтқан заман корінісі қазақ халқы аяқ басқан капиталистік қоғамның талаптарына олардың генетикалық тұрғыдан пісіп-жетіле қоймағандығы, әлі де болса феодализм қальштастырған психологиялық ықпалдың халықты өз бұғауынан шығармай тұрғаңдығы, елдің жаңа типті экономикалық даму процесіне өтетін өтпелі кезенде көптеген кедергілер де халық басына қиыңдык жағдайларды тудырған еді. Феодализмнен капиталимзге өту кезеңінде өмір сүрген Абайды уақыт талабы (қоғам талабы) шаршатпай қоймады. Ол кезеңді Абай — «бұл жасқа келгенше жаксы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік, алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық. Әурешілікті көре-көре келдік»— деп, заман ағымының қиын болғанын, оның ақын шығармашылығына тимей өтпегенін ұрпақтарына шағына, жасырмай жайып салады.
Сонымен өмір талкысымен әбден пісіп-жетілген Абай 1895 жылы 50 жа- сында ата кәсіп туралы өзінің теориясын 33-хакылиялы қарасөзін өмірге келтіреді. «Егер де мал керек болса,— дейді Абай, қолөнер үйренбек керек. Мал жүтайды, өнер жүтамайды. Алдау қоспай еңбегін сатқан колөнерлі — қазақтың әулиесі ол»— деп, әрбір азаматтың өмір талқысынан байсалды өтудің бірден-бір тиімді жолын көрсетеді.
Бұл пікірді Сәбит Мұқанов Абай Құнанбайұлының 100 жылдығына ар- нап Қазақстан мемлекеттік біріккен баспасынан 1948 жылы шыққан «Абай Құнанбаев» атты толық жинағына жазған алғы сезінде: «Еңбек атқару қарекетін Абай үй маңайының жұмысы ғана деп түсінбейді. Ол «Шыға ойлап, шығандап қылық қылған» талапты, ізденгіш, еңбек әрекетінде қияға құлаиі үрғыіи, қайда еңбек болса соны іздейтін адамды жақсы көрді. Абайдың ұғымында шын жақсы адам — шын мағынасындағы талапты, ізденгіш, қоғамға да,өзіне де пайдалы еңбек атқарғыш еңбек адамы»,— деп айқындай түседі. Ал, Абайдың өзі болса еңбекті адал, таза істейтін еңбеккер ұрпақтарына:
«Сыбыр, өсек дегенді сырттай
жүріп.
Ғылым, өнер, мал таппақ,
жүртқа жақпақ»— деп, еңбекшіл халықтың тірліктерінің нәтижелі болуына, еңбекті аландамай сабырлылықпен атқарып, білімді де еңбекпен ал, ол жұғымды болады деп үйретеді, кеңес береді.
Бізге жеткен Абай мұрасы — еткен ғасырдағы қазақ халқының тыныстіршілігін, кәсібін, мәдениетін, қоғамдық құрылысы мен экономикалық даму деңгейін керсететін поэзиялық тарихй құжат. Поэзия тілімен жазған тарихи мұраны окьш отырып, елдің өміріне сән беріп, халықтың тәрбие жүйесін жетілдіре көркейтіп келген ұлттық кәсіби еңбек түрлерінен Абай шығармаларыша арқау еткен қолөнері кәсіпкерлері жасап шығарған өнер туындыларының атауларының мол түріне кенелеміз. Мысалы, Абайдың 49 жасында, 1894 жылы жазған «Ескі киім» өлеңін оқып көрейік:
Ойланып ойға кеттік жүз жылғы
өткен,
Тон қабаттап кигенгім шидам
шекпен,
Жейде- жамбал ақ саннан жарғақ
шалбар,
Жырым балақ, матамен
әдіптеткен.
Мықшима аяғымда былғары етік,
Киіз байпақ тоңдырмас ызғар өтіп
Үлкен кісе белімде жез салдырған,
Шықпағым дәндәкуім жарқ-жарқ
етіп.
Куләпара бастырған тұшпақ
тымақ,
Іиікі бауын өткізген тесік құлақ
Тобылғыдай кесіп ап, жіппен қадап
Алтын белге қыстырған бар
құрысқақ.
Қалмақы. қара үзеңгі, биік қасты ер,
Қанжығамда байлаулы жіптен
шідер.
Жарғақ жастық көпшігім, жезді
пыстан,
Бір келісті сайманым топқа түсер- деп өлең сұлбасына қолөнердің тігін кәсібін, теріні, жүн өнімдерін ұқсату, ағаш, темір өңдеу, зергерлік кәсібінің көмегімен жасалған 21 түрлі қолөнер бұйымдарының атауларын енгізе келіп, қолөнерде қолданатын дизайн әлемінің 7 түрін сыйымды келтірген. Мысалы: киімді матамен әдіптеу, былғары етіктің «мықшима» түрі, тымаққа күләпара (оқа) бастыру, сырт киімінің ішкі және тесік құлақшасы (ілгегі), белбеудің зергерленуі, темір үзеңгінің «калмақы» түрлері сияқты дизайндар.
Айтылған ойлар түсінікті болуы үшін «Ескі киім» өлеңініћ «Күләпара бастырған пұшпақ тымақ» деген жолын талдап көрейік: 1. «Күләпара бас- тырған» — оның түрлері оқылау, оюлау, бұлықтау. Пұшпақ тымақты әшекейлеу— дизайнға жатады. 2. Пұшпақ тымақ қолөнер туьпдысының аты. Жұка иленген теріден жасалған тымақ. Бұл атаудың, заттың өзі, кәсіби шеберлік түрлерін: тері илеу, тері өнімін ұқсату, тігін кәсіптерінің басьш кұрайды.
Бұл атаулар откен ғасырдағы қазақ елінің ұрпақ тәрбиесіне қызмет ету барысында атадаи — балаға ауызша тарап, жалғасып келсе, ел басына күн туып, етігімен су кешіп жүрген бүгінгі ұрпақтарына Абай қазақ елінде мәдени мұралардың мол болғандығын нақтылай түсіп, оны үйренуге қайта ұсынып, нәтижелі кәсіпке айналдыруға, жастарды өнер салаларын үйренуге шақырады. Қолөнер туындыларының атаулары ұрпақты кәсіби еңбек тұрлеріне баулуға, тәрбиелік жүйеге салуға толық негіз бола алады. Абай өлендеріндегі ата кәсібі қолөнер туындыларының алуан түрлі атауларын кәсіптік түрлерге топтастырғанымызда ағаш шеберлігі, темір ұсталығы, зергерлік, тас қашау, әсемдік бұйымдары, тігін тоқыма өнері, тері, жүн, мал өнімдерін ұқсату, мал бағу, аңшылык, сауда кәсібі сияқты түрлерін аламыз.
Сонымен, Абай атаған атаулардың әрқайсысын шеберліктер мен кәсіптер, салалык шеберліктер түрлерін мына таблица арқылы салалап қарайық.
1. 2 3 4
Абай өлендеріңдегі қолөнер Өнер туыңдыларының Қаңдай
туыңдыларының аттары қаңдай шеберлік түріне шеберлік
жататыңдығы саласьша
жататыңдығы
I. Агаш іиеберлік кәсібі
1. Таразы, сабау, таяқ Құрал-сайман жасау Ағаш өңдеу
бақан, біз, сырық, құрық шеберлігі салалық
қамшы. Табақ, аяқ. Ыдыс жасау шеберлігі шеберлігі
Бесік, алтын тақ, есік. Ағаштан дүние жасау
шеберлігі
2. Домбыра, қобыз, құрысқақ Саз аспаптарын жасау
шеберлігі
3. Кереге, њй (киіз њй. Қ. Б.) Үйші шеберлігі
4. Биік қасты ер Ерші шеберлігі
II. Темір ұсталық кәсібі
1. Самаурын, қазан Ыдыс-аяқ жасау Темір ұсталық
шеберлігі шеберлігі саласы
2. Қылыш, пышақ, найза, Қару-жарақ жасау
мылтық, оқ шеберлігі
3. Таразы, ұстара, орақ Құрал-сайман жасау
Мизан, қақпан, біз шеберлігі
көрік, үзеңгі, уәзін
III. Зергерлік кәсібі
1. Шолпы, кісе, алтын-күміс, Зергерлік шеберлігі Әшекейлік
тұмар затгар жасау
шеберлік саласы
2. Маржан, кесте, меруерт Әшекейлік тас өңдеу
шеберлігі
IV. Тас қашау кәсібі
1. Тас таразы Тас ондеу шеберлігі Тас өңдеу сала-
лық шеберлігі
V. Тігіншілік кәсібі
1. Төсек, мамық төсек, кесте, Ұй жиһазын тігу Тігін шеберлігі
жөргек, жарғақ жастық, шеберлігі саласы.
дастархан Бас киім тігу
2. Жыға, ақ тымақ, бөрік, ақ
бөрік, бергек, кәмшат бөрік, шеберлігі
пұшпак тымақ. Сырт киім тігу
3. Кездеме шапан, сары қамқа,
шапан, оқалы киім, барқьп шеберлігі
бешпент, шидем шекпен,
қамқа, торғын, сырмақ Тон-тері тігу шеберлігі
4. Тон, оқалы тон
5. Былғары етік, киіз байпақ. Аяқ-киім тігу шеберлігі
6. Ықшам киім, қу шалбар, Костюм-шалбар тігу
оқалы киім, ақ киім, шеберлігі
жарғақ шалбар, сырмақ. Іш киім тігу шеберлігі
7. Ақ көйлек, ақ киім, жейде
дамбал, торғын


1. 2 3 4
V/. Тері өнімін ұқсату кәсібі
1. Тон, оқалы тон, жарғақ Тон тігу шеберлігі Тері өнімін тігу
2. шалбар шеберлік саласы.
Беркеқ, жыға, бөрік, Бас киім тігу
ақ тымақ, ақ бөрік тымақ шеберлігі
кәмшат бөрік, пұшпақ
тымақ
3. Былғары етік. Аяқ киім тігу шеберлігі
4. Тізгін,қанжыға,пыстан, Ер-тұрман жасау
5. қамшы,ноқта,кісе,шақпақ шеберлігі
Саба, дәңдеку. Ыдыс-аяқ жасау
6. Томаға Аңшылыққа тері ұқсату
шеберлігі
VII. Жүн өнімдерін ұқсату кәсібі
1. Жіп, жіптен шілдер, Жіп иіру шеберлігі Жөн өнімін
шылбыр өңдеу шеберлік
саласы.
2. Тымақ, киіз байпақ, Киіз басу шеберлігі
киіз, сырмақ, тоқым.
VIII. Тоқыма кәсібі
1. Барқыт, қызыл жібек, Жібек тоқу щеберлігі Тоқыма шеберлік
тал жібек саласы.
2. Кілем, қап, шекпен Кілем тоқу шеберлігі
3. Кесте Кесте тоқу шеберлігі
IX. Диханшылық кәсібі
1. Диханшы Егіншілік кәсібі Егіншілік кәсібі
2. Насыбай, астық Көк өністі ұқсату
X. Мал бағу кәсібі
1. Түйекеш Түйе бағу кәсібі Малшылық кәсібі
2. Малшы Түйекеш
Кой бағу — қойшы
3. Жылқышы Жылқы бағу—
жылқышы
XI. Мал өнімін ұқсату кәсібі Сүттен өнім шығару Сүт өнімін өңдеу
саласы
XII. Аңшылық кәсібі.
1. Бүркітші Құсбегілік Аңшылык кәсібі
XIII. Сауда кәсібі
1. Саудагер Сауда саттық Сауда кәсібі

Бұл атаулар ата кәсіптің 13 түріне қатысты екенін көрсетіп, оны бөле топтағаңда, әрбір кәсіпке жататын барлығы 131 атаудың 13 шеберлік салаға және 38 шеберлік түріне жататынын байкаймыз.
— Ағаш өңдеу кәсібінен
— Темір ұсталығы кәсібінен
— Зергерліктен
— Тас қашау кәсібінен
— Тігіншілік кәсібінен
— Тері өнімін ұқсату кәсібінен
— Жүн өнімін ұқсату кәсібінен
— Тоқыма кәсібінен
— Егіншілік кәсібінен
— Мал бағу кәсібінен
— Мал өнімін ұқсату кәсібінен
— Аңшылық кәсібінен
— Сауда кәсібінен
Шеберлікті айкыңдау зат атауларына қарай реттелді. Келтірілген шеберлік топтамаларының әрқайсысы ел ішінде бірнеше кәсіби шеберлік түрлеріне бөлініп кетеді. Мысалы, ағаш өндеу шеберлігі — арбашы, бесікші, күбі жасаушы, үйші, ерші, т.б. шеберліктер болып белінеді. Халық шеберлері қол-өнердің бірнеше түрін игергенімен, негізінде, шеберліктің бір-ақ түрімен айналысып, соны жетілдіре түскен. Олар шәкірттерді де өзі игерген негізгі шеберлік түріне баулыған. Сондықтан, олардыћ ұлттық мәдениет қорына, қолөнер мәдениетін жетілдіруге қосатын үлесі ауқымды болып келген. Бұл үлес, әрине, қазіргі кездегі халықтық педагогика саласында окушыларды кәсіби енбекке баулу жүйесін жетілдіру әдістемелерінің бірден-бір қайнар көзінің негізі болмақ. Республика мектептерінде Білім министрлігі 1993 жылы қабылдап бекіткен «Жатпы білім беретін мектеп оқушыларын еңбекке оқыту мен тәрбиелеу тұжырымдамасы» «Еңбекке оқытудың мазмұнын анықтау кезіңде оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа жетелеу мақсатында ұлт дәстүрін, мәдениетін, халықтың қолданбалы өнері мен кәсіпшілігін терендете игеруіне жағдай туғызу керек»— деген бағдары Абай айтқан «жан аямай кәсіп қыл»— деп ақыл айту әдістемелерінің жалғасы болады.
Абайдың «Болмасаң да ұқсап бақ»,— деген бағыт-бағдар берерлік әдістемесі негізінде халықтық өнер мен тәрбиені оның өз мәдениеті деңгейінде оқушы бойына сіңіру — педагогиканың негізгі мақсаты. Абай мұрасының қазіргі халықтық педагогика саласына әлі де болса берерлік әдістемелік қоры мол.
Абай келтірген өнер туындыларын нақты іс барысыңда орындауға және осы өнер салаларына оқушыларды баулуда ғалымдар жазған этнографиялық еңбектерді оқу құоалы есебіңде ұсынуға әбден болады. Абай шығармаларында берілген халыктық педагогика әдістемелері ұрпак тәрбиесінде жүрген, әсіресе, мектептердегі педагогика майталмаңдарына даңғыл жол болмақ.

 

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий