Литературоведение. Художественная литература
|
¥лы Отан соғысындағы Жеңіс күнің 70 жылдығына арналған осы кітаптың жарыққа шығуына Солтүстік Қазақстан облыстық ар-дагерлер кеңесі қолдау көрсетті. Кітапты Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұра-жайының жанындағы «Асыл мұра» орталығы ұйымдастырды. |
|
Кітапта XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қазақ халқының ұлы ағартушы-демократы, педагог-жазушысы Ыбырай Алтынсариннің өлеңдері мен әңгімелері, оқу-ағарту мәселелеріне арналған жазбалары және хаттары берілген. Жинақта бұнымен қатар ЬІ. Алтынсарин жинап, «Қазақ хрес-томатиясында» жариялаған ауыз әдебиеті мұраларының кейбір үлгілері, сондай-ақ ағартушы туралы орыс достарының, әріптесрінің естеліктері орын алды. Кітап жоғары класс оқушыларына, жалпы оқырман кепшілікке арналған. |
|
|
«ӨНЕГЕЛІ ӨМІР» - естеліктер жинағы. Оның басты кейіпкері |
|
Еңбек ардагері, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, полковник Хамзин Қобыланның бірнеше кітабы оқырманға таныс. 2004 жылы шыққан — «Ақ тілектер аясында», орысша аудармасы «С любовью к земле» — атты кітаптарын облыс жұртшылығы жылы қабылдап, жақсы атап жүр. Қобылан Хамзаұлының шығармашылық еңбегі өлең жазатын өнерімен ұштасып жатады. Біраз өлеңдері бұрын шыққан кітаптарында жария етілгенін білеміз. Қолымыздағы «Өмірден өнеге» атты өлеңдер туындысында автор таңдамалы шығармаларын жинақтаған екен. Өлеңдері алуан түрлі тақырыптарды қамтыған, айтқан сөздері құнды, ұйқасымдары жеңіл, оқушысын еліктіріп, тартып отырады. Шығармаларында өнегелі сөздер мол, оқушының ойын қозғайтын өсиеттер бар. Қорытып айтқанда, өлеңдер жинағы тәрбиелік мәнімен құнды, сонысымен үлкенге де, кішіге де керекті дүниелік. |
Кітап өңірімізде есімі кеңінен танымал, ғасырға жуық ғұмырында елі үшін, жұрты үшін талай іс атқарып, кейінгі ұрпаққа өшпес мұра қалдырған Балғожа Кенжеғозинге арналады. |
Мұқағали Мақатаев соңғы жылдарда өз үні, өз әуенімен қазақ поэзиясына кеп қосылған белгілі лирик ақындарымыздың бірі. Оның өлеңдері мен поэмалары тереңнен сыр тартар нәзіктігімен оқырман қауымның ілтифатына ие болды. «Өмірдастан» атты бұл кітапқа ақынның өлеңдері мен поэмаларының ең тәуірлері іріктеліп алынды. |
Сан алуан тақырыпты саздай білетін сазгер Жоламан Тұрсынбаевтың "Өміріміз — ән-дастан" аггы бұл жинағына автордын тандаулы патриоттық әндері енгізіліп отыр. Композитордың отансүйгіштік сезімге тәрбиелейтін әндері дарқан датаны тербетіп, тындаушысын әсем күйге бөлеп, рухтандырып жібереді. Кітап әнсүйер көпшітікке арналады. |
|
|
«Өмір өткелдері» — бүгінгі еліміздің дамуына бір кісідей еңбегі бар автордың ғұмырнамалық баяны ғана емес, өзі өмір сүріп келе жатқан заманының ыстығы мен суығын ар — ождан таразысына салған естеліктер кітабы. Ұзак жылғы партия, мемлекеттік органдар мен кәсіподақ саласында жақсылардың жанында жүрген, ел мақтанышына айналған тұлғалы азаматтармен жүздесулерінен көңіліне көркем сыр, толымды ойлар түйген абзал азамат өз еңбегінде ел тарихында елеулі орны бар Үлкен және Кіші Қараой атырабының өсіп, өркендеу келбеті, осы жолда маңдай терімен өмірде айшықты із қалдырған адамдары жайлы тәлімді ой түйеді. Қаншама жандардың өмірлік мұраттары мен болмыс — бітіміне үңіле отырып, кешегі кеңестік дәуір, бүгінгі тәуелсіздік жылдарының тұтас бір жылнамалык бет — бедерін көз алдымызға елестеткендей болатын бұл кітап оқырманға осы жағымен де кұнды деген ойдамыз. |
Қарағанды кооперативтік институтында оқыған сексенінші жылдардың бас кезінде өзінің балауса жырларымен әдебиет сүйер қауымның назарына іліккен Тоқтар Зікірин бүгінде төрт жыр жинағының авторы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Жарты ғасырға жуық қолынан қаламы түспеген ақын өмірдің өзекті мәселелерін, сыр-сезімдерге толы толғанысты сәттерін өлең жолына түсіруден жалыққан емес. Ұзақ жыл облыстық «Солтүстік Қазақстан» газетінде жауапты қызметғер атқарып, зейнет демалысына шықты. Республикалық және аймақтық жыр мүшәйраларының бірнеше дүркін жеңімпазы Т. Зікіриннің осы толықтаңдамалы шығармалар жинағын оның көп жылғы қажырлы еңбегі мен ізденістерінің жемісі деп білген жөн. |
Есләм Зікібаевтың өмірінін әр кездерінде қағаз бетіне түсіп, жарық көрмеген, кейбіреулері бітпей қалған өлең жолдарын ұсынып отырмыз. Өзінің өмір жолындағы кездескен қуанышы, қайғысы, өмір толғамы суреттелген. Ел тағдыры, жер тағдыры оқыған оқырмандарын бей-жай қалдырмайды. |
Өмірдің көбі кетіп, азы қалағн шақта ұрпақтарыма осы елеңдер Жинағын үсынып отырмын. Жинақты жарыққа шығаруға ат салысқан Сибанов Амантай мен Икенов Сағидоллаға және Михайлов Валерийге шын жүректен алғысымды айтамын. |
|
|