Литературоведение. Художественная литература
�������� 2
Осы мерейтойлық жинаққа енген жерлесіміз, Кеңес Одағының батыры Жәлел Қизатовтың өмірдеректі, естелік, көркем және поэзиялық шығармалары ілгеріде «Өмір мен өлім» және «Испытание войной» деген атпен қазақша-орысша кітап болып жарык көріп, окырман тарапынан жылы қабылданған болатын. Өлім мен өмір арбасқан алапат соғыс жылдарынын ақиқаты кім үшін де қымбат, қай ұрпақ үшін де ғибратты. |
|
|
Бұл кітапта өмірден көрген — білгенімді, тәжрибеден тоқырғанымды, қалыптасқан көз қарасты, кейінгші ұрпаққа үлгі — дәріс ретінде, туғашуысқаңдарға, жолдас-жорандарға ескерткіш болсын деп жыр шумақтарын жинақтадым. |
Қазақ әдебиетінің классигі, академик жазушы Ғабит Мүсіреповтың бұл жимағына ертеректе жазылған «Қос шалқар», «Жеңілген Есрафил», «Жапон балладасы» сынды әңгімелері берілді. |
Жазушы-журналист Жақсыбай Самраттың «Өмір жолы-тар соқпақ» атты бұл кітабы өзінің өмірі туралы жазылған мемуарлық шығарма. Солтүстік Қазақстанның бір түкпірінде туған азаматтың өмір жолы, бастан кешкен қызық та, қиын тағдыры елдегі өзгерістермен үйлесіп оқырманның қызығушылығын тудырары сөзсіз. |
Бұл кітапқа Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Казақстан журналистер одағының мүшесі, Білім саласының ардагері, өлкетанушы Қайролла Мұқановтың өмір жолы, қызметі, шығармашылығы жайлы айтылған. Кітап көпшілік оқырманға арналған. |
"Қазактың талантты ақындарының бірі, марқұм Мұқағали Макатаевтың бұл кітабына оның бұрынғы кітаптарына кірмеген және өмірінің соңғы кезінде жазған жаңа өлендері мен толғаулары енгізілді. Ақын Отанға, елге, туған халқына деген сүйіспеншілігін, жүрегінде суымай кеткен махаббат сезімін, жанын кернеген сағыныш сазын, арман-тілегін, өмірге деген құштарлығын жыр етеді." Ұлы Мұқаңның көзі тірісінде жарық көрген соңғы кітабы осындай алғысөзбен жарық көрген екен. Көпшіліктің сұрауы бойынша "Өмір-өзен" оқырмандарына өзгеріссіз қайта ұсынылып отыр. |
Көзі тірісінде оқырманға оннан артық жинағын ұсынып, жырсүйер қауымның ыстық ілтипатына бөленген белгілі ақын, публицист Есләм Зікібаевтың бұл кітабына таңдамалы өлеңдері мен толғаулары кезінде орыс тіліне аударылған еңбектері топтастырылды. |
Тастамбековтар отбасының әкелі-балалы «Өлеңмен өрілген өмір» деп аталатын тұңғыш өлендер жинағына әр жылдары жазылған өлеңдер енгізілді. Олардын тақырыбы сан алуан. Мысалы, тәуелсіз мемлекетіміздің мерейі, егеменді еліміздің сән-салтанаты, елдік пен ерлік қасиеті, ел орда Астанамыздың әсемдігі, сонымен қатар биік тұлға тұтатын акындарымызға арнау болса, Фархат ақынымыздың шет елдердің өлеңдерінің өз аудармалары енгізілген. Сезім мен аласапыран көніл толқыныстарынан туған жырлары оқырман жүрегін ыстық әсерге бөлері сөзсіз. Бұл кітапта Өзбек ағамыздың өлеңдерінен басқа да әзіл әңгімелері, көрген, білгендерін, ойға түйгендерін осы кітапта жазылған. |
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, журналист, ақын, дәрігер, Марал Зейнел-Ғабиқызының "Өлеңдерім-жүрегімнің лүпілі" атты кітабына Тәуелсіз Қазақ еліне арналған жүрекжарды өлеңдері, "Ауылым Ортақкөлім — Атамекен" атты туған ауылы туралы естелігі және библ иографиялық көрсеткіштері кірген. Автордың мақсаты өз өлеңдері арқылы өскелең ұрпақтың санасына патриоттық сезім ұялату. |
Данная книга - полный сборник произведений Ахметжана Нуртазина, в который вошли стихи, поэмы, шежіре, а также воспоминания его современников. Книга приурочена к 115-летию Народного акына. |
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреа-ты, белгілі жазушы Оралхан Бөкейдің екі томдық таңдамалы шығармаларының екінші кітабына "Өз отыңды өшірме» романы еніп отыр. |
|
«Кітапхананың» бұл томына қазак жазушылары Ә. Көшімовтың З.-Ғ. Иманбаевтың және Қ. Исабаевтың таңдаулы деген повестері мен әңгімелері енгізіліп отыр. |
Қазақ совет әдебиетінің негізін салушылардың бірі, аса көрнекті жазушы С. Мұқанов әдебиеттің барлық жанрында дерлік еңбек етіп, мол мұра қал-дырған кісі. Бұл жинақта әйгілі көркем сөз шеберінің таңдаулы әңгімелері беріліп отыр. |