Тайқазан – Төр Алтайда

Шығысқазақстандықтар «Қа­зақ­стан халқы Ассамблеясы – 20 ізгі іс» эстафетасын зор қоше­мет­пен қарсы алды. Облыс орталы­ғына кіреберісте қасқайып тұрған Қаракерей Қабанбай батырдың өткен жылы ашылған зәулім ескерт­кішінің жанында еліміздің Көк бай­рағы мен Қазақстан халқы Ас­сам­блеясының және Ассам­блея жылының тулары желбі­ре­ген автокөлік керуені аталған эс­та­фетаның басты нышаны – «Тай­қазанды» төбелеріне көтере енгенде шығыс өңірінің ақ жаулықты әжелері шашу шашып, жергілікті өнерпаздар асқақтата ән шырқап, күмбірлете күй шертіп, айрықша салтанатпен күтіп алысты.

Бұдан кейін эстафета мүшелері Өскеменнің орталық алаңындағы Абай ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Облыс орта­лығында «Тайқазанды» өңір басшылары, этномәдени бірлес­тік­тердің өкілдері мен қала жұрт­шылығы қарсы алды. «Subaru club ukg» автокөлік тізбе­гі әрі қарай өздерінің Ұлы Отан со­ғы­сы­ның ардагерлеріне арналған мате­риалдық көмектерін жеткізді. Содан соң «Достық үйінде» бас­па­сөз өкілдерімен кездесіп, мәслихат құрды.

Тайқазан – тоқшылықтың, бе­реке-бірліктің нышаны. Тай­қазанның көшірмесі ақпан айының басында еліміздегі татулық пен келісімнің көрінісі ретінде қасиетті Түркістаннан елордаға жеткізілген болатын. Астанадан басталған автокөлік керуені Тайқазанды еліміздің барлық облыстарымен алып өтпек. Осыған дейін бірнеше өңірлерді аралап үлгерген Тайқазанның ішін отандастарымыз түрлі қайырымдылық идеялары мен жоспарлары жазылған жазбаларға толтырады. Бұл бастамалар биылғы Ассамблея жылы аясында жүзеге асырылмақ.

– Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары «Тайқазан» эстафетасын қарсы алды. Ұлтымыз үшін қасиеті бөлек жәдігер алдымен Семей шаһарына жеткізілген болатын. Енді, міне, өскемендік тұрғындар да асыға күткен эстафетамен қауышып, Тайқазанды көру бақытына ие болды. Бұл жәдігер облыс орталығында біраз күн болады. Шығысқазақстандықтар қасиетті жәдігердің өңірімізге келуін жақсылыққа балап отыр, – деді облыстағы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының жетекшісі Еркімбек Аязбаев.

Ізгі тілектерге толы «Тайқазан» эстафетасы келесі кезекте Алматы қаласына жеткізілетін болады.

Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».


Анаш Д. Тайқазан – Төр Алтайда // Егемен Қазақстан. - 2015. - 26 февраля

Возможно вам будет интересно

Абылайдың ақ үйі.

Абылайдың ақ үйі.

 Қызылжар қаласындағы тарихи маңызға ие сәулет ескерткішітерінің ішіндегі ең құндысы да, ең -кө... Читать полностью.

Яворская В. Н. Там, за туманом

Яворская В. Н. Там, за туманом

ТАМ, ЗА ТУМАНОМ Случай, о котором я хочу рассказать, произошел в 1940 году. Высланная с Украины сем... Читать полностью.

Яков БАТЫРЕВ

Яков БАТЫРЕВ

                                                                             Яков БАТЫРЕВ  1910 жыл... Читать полностью.