Тұғырымыз–тыныштық шуақты шанырақ

                                                                               Тұғырымыз–тыныштық шуақты шанырақ

Биылғы жыл татулықты дәріптеуге өзіндікүлес қосқалы түр. Себебі, Елбасы 2014жылғы 11 қараша күнгі Қазақстан халқына "Нұрлы Жол болашаққа бастар жол" атты Жолдауында:  

"2015 жыл ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы.

 Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз", — деді.

Шынымен де, өткен тарихымызға тағзым жасау, ал бүгінгі береке-бірлігімізді мақтан ету арқылы келешекке сеніміміз нығая түсері анық.
Халқымыз «Байлық байлық емес, бірлік — байлық» деген.

Яғни, біз үшін елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығынан артық қазына болған емес.

Тәуелсіздік алғаннан кейін де ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін жәбірлемей, барлық азаматтарға тең құқық беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз.

"Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз ел бірлігі болуы керек", — деген болатын Елбасы.

Құран Кәрімнің "Хужурат" сүресінің 13-аятында: "Ей, адамзат! Сендерді Біз әуелде бір еркек, бір әйелден, бір ата, бір анадан өрбіттік.

Өзара қарым-қатынас жасап, бір-бірлеріңді танысын деп түрлі ұлт пен ұлыстарға бөлдік.

Алла тағала алдындағы ең абыройлыларың тақуа болғандарың.

Шын мәнінде Алла барлық нәрсені толық білуші, барлығынан толық хабардар», делінген.

Еліміздегі ұлттармен тегі бөлек болғанмен, тілегі бір, қаны белек болғанмен, жаны бір тұтас халыққа айналдық.

Олардың қазақ халқын құрметтөуі тегін емес, тағдыр тауқыметімен Қазақстанға келгенде аталарымыз олармен бір үзім нанды беліп жеді емес пе? Әрі қонақжайлылық — хапқымызға тән қасиет.

Соның арқасында қиын күндерден қысылмай шыққан отбасылар бүгін үлкен бір әулетке, қарашаңыраққа айналды.
Қазақстан бойынша 130-дан астам этнос екілдері бар болса, соның 100-ден астамы еңірімізде тұрады.

Түрлі ұлт баласының бір атадан туғандай сыйласуы, шынымен де, жүрегімізге қуаныш ұялатады.
Неліктен дейсіздер ғой, әлемде орын алып отырған кейбір келеңсіздіктерді көріп біліп отырған тұста епіміздегі тыныштықты бағаламау күпірлік болар еді.

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының ұстанымына орай облыстық "Қызылжар" орталық мешіті де ұлтаралық татулықты сақтауға мүдделі.

Сондықтан діни мерекелерде осындағы езге дін өкілдерімен араласып, бір-бірімізге ілтипат танытуды. ізгі дәстүрге айнал-дырдық

Мұсылман жамағаты үшін Құрбан айт пен Ораза айтының орны бөлек. Олар да бұл мейрамнан сырт қалмай, игі тілектерін айту үшін мешітке арнайы келеді.

Сол секілді, біз де өз тарапымыздан оларға шынайы пейілімізді аңғартып отырамыз.
Мешіт — Аллаға құлшылық жасайтын орын, сондықтан біздің де дұға тілегіміздің дені еліміздің тыныштығына бағышталады.

Алла үйіне жиналатын жамағаттың арасында ауған, күрд, шешен, әзірбайжан, тағы да басқа мұсылман елдерінің өкілдері бар.

Алланың қалауымен олар бұл жерден ырыздықтарын тауып, ұрпақ өрбітіп, біздің қиыншылығымыз бен қуанышымызды бірге бөлісіп отыр.

Елбасы тарихи маңызға ие биылғы құжатта: "Этносаралық келісім ол өміршендік оттегі.

Біз дем алған кезде оны байқамаймыз, ол өздігінен болады — біз тек өмір сүреміз.

Бірлігіміз бен этносаралық келісімді біздің өзіміз сақтауға тиіспіз. Оны біз үшін ешкім ешқашан сырттан келіп жасамайды.

Біздің жастарымыз жаңа, тәуелсіз елде есіп келеді,’’-деді.
Жас ұрпақтың өсіп-өнуіне, алаңсыз өмір сүруіне билік басындағылар ғана емес, әрбір қазақстандық езін жауапты сезінуі тиіс.

"Қызылжар" орталық мешіті жұмысының түпкі мәні де осы. Біэде жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеу үшін жалпы жастар ісі белімі жұмыс істеуде.

Бұл белім түрлі спорттық шаралардың етуіне ұйыт-қы болып, сондай-ақ, мектеп оқушылары мен студенттер арасында түрлі тақырыпта уағыз-насихат жұмыстарын жүргізеді.

Мұндай кездесулерде жат ағымдардың зияны мен зардабы туралы да айтылады. Жастар бөлімі өткен жылы облыс мектептерінің оқушыларымен
мен 50 мәрте жүздесті.

Әр аптаның сенбі күндері футбол, волейбол, тағы басқа спорттық жарыстар етеді.

Сонымен қатар жас ұрпақты өткенді құрметтеуге уйретпейінше, келешектен уміт күту бос әурешілік.

Ал бұл орайда биылғы жылы ұлықталғалы отырған Керей мен әз-Жәнібектен бастау алатын Қазақ хандығының 550 жылдығын ұтымды пайдаланған жен.

Ғасырлар бойы ата-бабаларымыз тұлпардың тұяғы, құстың қанаты талатын ұлан-ғайыр жерімізді ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап келді.

Үш жүздің басын қосып, қазақжерін жауға таптатпаған Абылай хан туралы мына бір әңгіме әлі кунге дейін ел аузында: Қоқан-хиуа хандығынан елшілер келіп, кәпірлер-мен жиһадқа шығуға Абылай ханға ұсыныс жасайды.

Сонда атақты билеуші: "Менің жиһадым — ұлан-ғайыр жерде тұрып жатқан елімнің басын қосып, ұлтарақтай жерді сақтап қалу", — деген екен.

Ата-бабаларымыздың ерен ерліктері мен шын тілеулері бүгінгі Тәңір сыйлаған тәуелсіздікке қолымызды жеткізіп, езгелермен тең дәре-жедегі бейбіт елге айналдырды.
Асыл дініміз — Исламда да отан сүйгіштікке, туған еліңці қадірлеуге айрықша мән берген.

Пайғамба-рымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) Отаныңды, яғни тарихи мекеніңді сыртқы дұшпаннан қорғаудың қаншалықты сауап екендігі жайында бірнеше хадистер қалдырған.

Бірде-бір сахаба Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.): "Я, Расулаллаһ! Ең абзал амал не?" — деп сұрағанда, Алла елшісі (с.ғ.с.): "Шекараны, Отанды қорғау үшін бір күн, бір түн күзетте тұру бір ай нәпіл ораза ұстап, түнде намаз оқудан қайырлы", — депті.
Дініміз бен дәстүріміздің сабақ-тастығы жақсы ұрпақ тәрбиелеуге қауқарлы.

Өңіріміз-қаламы қуатты, ойы ұшқыр ақын-жазушылардың мекені. Қожаберген жыраудың, Сегіз серінің, Мағжан Жұмабаев-тың, Ғабит Мүсірепов пен Сәбит Мұқановтың, Сафуан.

Шаймер-деновтың ізгілікке, Отанды сүюге үндейтін шешендік сездері жастар-ға насихатталып жатса, нұр үстіне нұрболареді.
Ислам діні ел тыныштығын сақтап, береке-бірлігін нығайтуды қуаттайды. Мұхаммед (с.ғ.с.) пай-ғамбардың бұл женінде хадистері аз емес.

Бірлігі мықты елдің ырысы ортаймайды. "Бес саусақ бірікпей, ине қолға ілікпейді" деген екен ата-бабаларымыз. Ұрпағы дәстүрін сыйлап, тілі мен дінін құрмет түтса, ынтымағы жарасқан елге айнала-мыз.

Отанымыз — біздің алтын шаңырағымыз. Ендеше тұғырымыз — тыныштық, тірегіміз -тұрақтылық, тілегіміз татулық болуын Алла бізге нәсіп етсін!

Кенжетай қажы Байкемелұлы, "Қызылжар" орталық мешітінің бас имамы.  


//Солтүстік Қазақстан. 28 ақпан. 2015 бет.

 

Возможно вам будет интересно

ДЕСАНТНИКИ

ДЕСАНТНИКИ

 Мне только исполнилось 18 лет, когда началась война. Как и другие парни моего возраста, был пр... Читать полностью.

Мен құлпырып кетемін сен  жымисаң [Мәтін] : өлеңдер // Soltústik QAZAQSTAN. – 2019.- 26 jeltoqsan.- Б. 10

Мен құлпырып кетемін сен жымисаң [Мәтін] : өлеңдер // Soltústik QAZAQSTAN. – 2019.- 26 jeltoqsan.- Б. 10

Көрнекті ақын, көзі тірісінде қазақ баспасөзі мен мәдениетінің, төл рәміздеріміз бен ана тіліміздің ... Читать полностью.

Ширятся горизонты сотрудничества // Северный Казахстан. – 2007. – 6 апреля. – С.1 – 2.

Ширятся горизонты сотрудничества // Северный Казахстан. – 2007. – 6 апреля. – С.1 – 2.

 Ширятся горизонты сотрудничества      4 апреля североказахстанцы встречали пос... Читать полностью.