Қазақ хандығының құрлымына-550жыл

                        Қазақ хандығының құрлымына-550жыл

                         Тамыры-терең, тағылымы зор

 

 Кәсіби тарихшы-ғалым ретінде мені Қазақ хандығы мәселесі және оның құрылу кезеңі әрдайым қызықтыратын. "Қазақ" және "казак" этнонимінің пайда болу құпияларының да орны бөлек.

Мемлекет басшысы Нұрсултан Назарбаевтың "Нұрлы Жол - болашаққа бастар жол" атты Жолдауында 2015жылы Қазақхандыгының 550 жылдыәын атап өту туралы айтылуы ғылыми ізденіске үлкен серпін берді. Қалың журтшылық бул тарихи оқиганы қызы-гушылықпен талқылауда.

Маған бұдан бұрын да Қазақ хандыгының құрылуына қатысты мәселе жөнінде жазуга тура келген еді. Мүмкіншілікті пайдалана отырып, аталған тақырыпқа қатысты өз көзқарасымды ұсынбақшымын.

Қазақстанның орта ғасырлар тарихында XV ғасырдың орны ерекше. Біріншіден, көп ғасырлық этникалық процестер нәтижесінде қазақ халқы жеке хандық құрды. Екіншіден, құрылған хандықтың алғашқы кезеңінде ауыр жағдайларға қарсы тура, халық есімінің негіздері қаланды, тұрғылықты аумақты кеңейте, шаруашылық-мәдени өмірді нығайта алды.  

Қазақстанның орта ғасырлар тарихында XV ғасырдың орны ерекше. Біріншіден, көп ғасырлық этникалық процестер нәтижесінде қазақ халқы жеке хандық құрды. Екіншіден, құрылған хандықтың алғашқы кезеңінде ауыр жағдайларға қарсы тура, халық есімінің негіздері қаланды, турғылықты аумақты кеңейте, шаруашылық-мәдени өмірді нығайта алды

Қазақ хандығының құрылу тарихы XIX ғасырда Шоқан Уәлиханов зерттеулерінде былайша беріледі: "...ауызша аңыз-әңгіме бойынша қырғыздар (қазақтар) Барақтың ұлы Жәнібекті өздерінің ханы санайды. Қалай болғанда да, аңыз бойынша ЖәнібекЖошы ұрпағынан шыққан қазақтардың бірінші ханы болған... орданың екі жақыны, ноғайлар мен қазақтардың тұрмыстары бірге болғак Жәнібектің билік қурған кезеңі қырғыздың (қазақтың) поэмасында "Алтын ғасыр" ретінде жырланады. Далалықтар арасындағы Жиренше шешеннің (дана), әз-Жәнібектің және ноғай философы Асан қайғының адамгершілік жөніндегі жыраңыздарының басым бөлігі қазіргі кезеңге дейін қолданыста". Бұл жерде Ш. Уәлихановтың кейінгі тарихи кезеңдегі бір-бірінен ажыраған туыс халықтар, қазақ және ноғайды бірге айтуы да бекер еместі.

Хандықтын  атауының өзі тарихи аренаға шыққан ұлттық және бұрын соңды белгісіздеу жаңа мемлекеттің пайда болуын айғақтады. XV ғасырдың ортасында Орталық Азияның кең даласында өздерін "Қазақ" деп атаған қауымдастық тарихи аренада пайда болып, Қазақ хандығы құрылуымен Қазақстанның (түрік те және Алтын орда дәуірі де емес) жеке тарихы басталады. Қазақ хандығының құрылуы Алтын Орда, Ақ Орда және Моғолстан сияқты мемлекеттердің даму тарихы мен өмір сүруінің жалғасы болды. Бірақ, Орталық Азияның саяси картасында мықты Қазақ хандығының пайда болуының өзі Шыңғыс ұрпағы - Әбілқайыр хан және оның жақын туысқандары Жәнібек (басқа нұсқа бойынша - Абулсағит) пен Керей сұлтандардың есімдерімен тікелей байланысты болды.

XV ғасырдың бірінші жартысында Әбілқайыр хандығы (Ақ Орда, Өзбек ұлысы) иелігіндегі Дешті Қыпшақ даласы, қазіргі Орталық Қазақстан (Ұлытау), Батыс Қазақ-станның бір бөлігі Орталық Азияның мықты мемлекеттік бірлестіктерінің бірі болды. Билік құмарлғымен белгілі болған Әбілқайыр ханның өзінің маңайындағы сұлтандарға қаталдығы олардың қарсылығын туғызады.

Осындай шиеленіс, әсіресе, Орда Ежен, Шейбани және Тоқа-Темір ұрпақтары арасында тереңдей түсті. Сол кездің жылнамашысы жазып кеткендей, Әбілқайыр билік үшін күрес жолындағы бәсекелестеріне қысым жасап, Орда-Ежен ұрпақтарын мазалап отырған XV ғасырдың алпысыншы жылдарына дейін Орда Еженнің бір беткей әрі өркөкірек ұрпақтары  Жәнібек пен Керей қолдаушыларының жеткіліксіздігінен әрі билеушілеріне тәуелді болғандықтан, Әбілқайырға тегеурінді қарсылық көрсете алған жоқ. Әбілқайыр тарапынан қауіп-қатерлерді сезінген сайын бұл сұлтандар одан бойларын аулақ ұстауға тырысты. Керегендігі таяздау, Әбіл-қайырдың жургізген саясаты салдарынан үзіліссіз соғыстар болып тұрды. Шаруашылықтың тұрақсыздығы, билеушілердің өзара қырқысы мен қарамағындағыларды қорқыныш пен қысымда ұстауы, қалың бұқараны қиыншылық пен материалдық игіліктерден айыруы, шексіз қатал іс-әрекеттер өлкенің экономикалықжағдайын күйзеліске ұшыратты. Онымен қоса Әбілқайыр кезінде көршілерімен соғыс жиі болып тұратын.

Әбілқайыр хандығының ішкі  жағдайының осы кезеңдегі тұрақсыздығын жас сұлтандар дер кезінде пайдалана білді. Олар елуінші жылдың ортасында Қазақстанның батыс бөлігінде хан билігіне қарсы топтардың өзіндік одағын қура алды. Өжет, тәкаппар сұлтандар өте сақтықпен өздерінің қолдарына бірқатар ірі қалалар, сауда орталықтары және су кездері мен жайылымдық жерлерді берік ұстай біледі.

Бұл кезеңде олар өздерінің қарамағындағы рулармен Орталық және Батыс Қазақстанның кең далаларында көшіп-қонып жүрді. Кейде олардың қонысына, сансыз қырқыстарға және хан саясатына наразылық білдіргендер де, яғни Әбілқайырдың жақтастарының бір бөлігінің қосылып отырған кездері де аз болмады.

Әбілқайыр хан бұған жауап ретінде Керей мен Жәнібек сұлтандардың бөлектенуіне қарсы күрес бастайды және өзінің әскери күшін олардың бақылауындағы өңірге жылжытады. Әбілқайырмен тікелей айқасудан бойларын аулақ салған сұлтандар, Жетісудың оңтүстігіне қоныс аударады. Осы кезеңдегі болған оқиға туралы ортағасыр авторы Махмүд бен Уали былайша хабарлайды: "Әбілқайыр өзінің жауларынан Дешті-Қыпшақ даласында үстем түскенде, Жошы ханның кейбір үрпағы, мысалы Керай-хан (мәтінде осылай - авт.) жән ////Жаныбек хан.. бағыну мен бойұсынудан бастартып, Отанын тас-тап кетуді ұйғарды. Мұраға қалған жерден (ата-бабаларынан) бас тартып, бетен елге апаратын жолға бағыт алды. Олар "өздерін мойын-даған лайықты" адамдар тобымен Моғолстан бағытындағы жолды таңдады". "Лайықтылар" құрамы мен сұлтандарға ергендер қатарында Асан қайғы, Қодан тайшы, Жиренше шешен және басқа да белгілі қайраткерлер болуы әбден мүмкін.

Белгілі тарихшы Тұрсын Сұлтанов Әбілқайыр мен жас сұлтандар Керей мен Жәнібектің белінуі жөніндегі өзіндік көзқарасын білдіреді. Өзара қырқысу және билік үшін күрес кезінде Әбілқайырдың баласы  Шах-Бүдақ сұлтан қайтыс болады. Оның артында ұлдары Мұхаммед және Махмұд сұлтандар қалады. (Кейінірек Әбілқайырдың бүл немерелері өзбек-қазақ қатынастарында маңызды рөл атқарады - авт.). Т. Сұлтановтың пайымдауынша, "Шах-Бүдақ сұлтан әкесі Әбілқайырдың тағына таласушылармен болған ұш шайқастың бірінде, оны қорғау үстінде қайтыс болуы мүмкін...' Әбілқайыр үлкен ұлының өлімі үшін кек қайтарған болу керек, Жошы тұқымынан шыққан бірқатар ханзадаларды қырып салғандығын" алға тартады. Сонымен қатар Т. Сұлтанов "Бахр ал-асрар.. ."-ға сілтеме жасайды. Одан әрі зерттеушінің жорамалдауынша, Шайбанилердің саяси қарсылас-тарының ішінде бақытына қарай, тірі қалғандар - Ұрүс (Орын) - хан үрпағы, Керей және Жәнібек сұлтандар. Кейбір деректер бойынша Шах-Бұдақтың өліміне Керей сұлтанның қатысы бар. Біздің ойымызша, сол кезеңдегі дәстүр бойынша "қанға-қан", "кек алу" дәстүрі болға-нын ескерсек, жоғарыдағы болжамның негізі бар.

Жәнібек сүлтанның қастандыққа, оның ішінде Шах-Бүдақ сүлтан өліміне жанама немесе тікелей қатысы болғаны-болмағанына қарамастаң олардың тағдыры шешіліп қойылған еді. Демек, оларға одан әрі Әбілқайырдың маңайында қалу мүмкін еместі./// Қазақ ауыз әдебиетіндегі аңыз-әңгімелер бойынша, Шәкәрім Құдайбердіүлының хабарламасында сұлтандардың көшіп кетуіне тікелей себеп болған Қара Қыпшақ Қобыланды мен арғын руынан шыққан танымал Ақжол бидің өлтірілуі. Бүл жағдай, шындығында орын алған болу керек. Еңіреген әке - Қодантайшының ұлын жоқтауы бүгінгі күнге дейін келіп жетті. Баласының өлімін көрген әкесі Қодантайшының ұлының сүйегін айналып жүріп жылағанда айтқан жыры: Қара Қыпшақ Қобыландыда нең

бар еді, құпыным? Сексен асып, таянғанда

тоқсанға, Тура алмастай ұзілді ме жұлыным!

Адасқанын жолға салдық бұл

ноғайлы ұлының! Аққан бүлақ, жанған шырақ

жалғыз күнде құрыдың, Қара Қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, қүлыным? Аңызда айтылғандай, жапа шеккендер жағының көсемдері Қобыландының зұлымдығы үшін оны жазалауды талап етеді. Әбілқайыр хан болса, беделді қыпшақ бектері арасындағы тірегін жоғалтқысы келмеді және оның әділетті шешім-нің айтыс-тартысынан жалтаруы, басқа топтың ызасын келтірді. Ақжолдың (Дайырқожа) Қобыланды қолынан өлгені туралы нүсқа-сын қолдай отырып. автор Әбіл-қайыр Ақжол бидің өлімі үшін үш жауынгердің төлемі көлемінде қүн төлеуді ұсынғанын хабарлайды, яғни бидің қүны үш адамның өмірі-мен теңестірілген. Жәбірленуші жағы бұл шешімге наразы болған.

Есте қапатыны және таңғапарлығы сол, Шәкәрімнің берген  мәліметі бойынша Жәнібек сұлтан Ақжол биді қорғаушы және арадағы елдестіру рөлін атқарады. Бірақ Жәнібек сүлтанның терелігі оның Әбілқайырмен тікелей байланысын білдірмесе керек. Жәнібек пен Керей сұлтандар Әбілқайырмен келіссөзді арнаулы шабармандар арқылы жүргізе алатын. Үшініл адам арқылы мұндай келіссез жүргізу тәжірибесі далалық дәстүрде кең тараған еді. Шәкәрімнің келіссөздегі Жәнібек сүлтанның қа-тысы женіндегі ақпараты кеп нәрседен хабар береді. Біріншіден, Жәнібек пен Керей сұлтандар саяси процестердің бақылаушылары ғана емес, белсенді қатысушылары болған. Екіншіден, олардың өздеріне тірек болатын қолдаушылары болды

. Тайпалардың танымал басшысы Қодантайшы сұлтандарды қолдағандықтан. олармен бірге Шуға, Моғолстанға қарай бірге кешкен болу керек. Сол кезеңнің деректері (аңыз, өлең-толғау, ауызша әңгімелер) Керей және Жәнібек султандар Жайық (Орал), Арал және Еділ (Волга) жағалауынан, яғни Ноғай Ордасы жағынан Жетісуға кеш түзегені туралы айтады. Бүл кеш 1450-1460 жылдары болғанын біршама ғалымдар (Мухаммед Хайдар Дулати) айтып кеткен.

Айрықша мән берілетін түсы, оқиғалардың Ұлытау тауы бөктерінде болуы. Халық игілігі, бүкіл қазақтың аңызға айналған ата-бабалары Жошы хан мен Алаша хан мавзолейі сонда орналасуы. Шалкиіз, Асан қайғының жырлары Қазақ хандығының қүрылуы мен нығаюының куәсі және солай болып қалады. Бірақ, қазақтың ежелгі және ортағасырлық деректеріне көңіп бөлінбеу және кеңес кезе-ңіндегі идеологиялық кедергілер салдарынан ескерілмеді және айтылмады, кұшпен алынып тас-талды, қазақтың ауызша тарихи деректерін білмегендіктен, зерттеу-шілерге белгісіз күйінде қалды. Айта кету керек, қазіргі кезеңде де зерттеу жұмыстарында ауыз әде-биеті деректерін пайдалану өзекті болып тұр.//// Асан қайғы жырларында айтылғандай, Керей мен Жәнібектің қоныс аударуы Әбілқайыр ұлысының ыдырауын жеделдеткен толассыз текетірес, өзара қырқыс салдарынан болды. Оның үстіне алыс өлкедегі "жаңа қазақтарға" қоныс аудару да оңайға соқпады. Қонысынаң туғандарынан айрылу адамдар бойында ашу мен ызаны туғызды, мұндай реніштер Асан қайғы-ның өлеңдерінде "Жәнібек ханға Асан қайғы айтты" жырында нақты-лапкөрсетіледі.

 

Бұл арнауда кезінде батыс өңірінен оңтүстікке қоныс аударған Жәнібек сүлтанды жазғыру сезіледі. Ақылгөй ақын Жәнібек саясатын сынға алушылардың бірі болды. Асан қайғының сұлтанға арнауы мемлекеттік басқарудың кем-шілігін көрсете, көсемнің уайым-қайғысыз және мамыражай әрекеттеріне соққы береді. Жазушығалым Мұхтар Мағауин Асан қайғының құлдыраған Алтын Ордадағы жер иеліктері үлесі үшін болған өзара қырқысуды ғана уайымдаумен қоса, ол хандықтың әлсіреуінің, өз-ара таластартыстың қауіптілігі жө-нінде ескерткенін және көрші мемлекеттің өсіп келе жатқан даму ауқымына мән бергенін пайымдайды.

Ірі мырзалар арасындағы алауыздықты, сол сияқты, Әбілқайырдың кертартпалығын асау мінезді сұлтандар дер кезінде пайдалана алды. Даужанжалды қарама-қарсы топтардың арасындағы болған жағдайлар, белгілі жазушы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» эпо-пеясында көркем суреттелген.

Бүркітбай АЯҒАН, Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор.

                                                                                                                 (Жалғасы бар).

 

//Солтүстік Қазақстан. -2015. -31қантар. -3бет.

 

 

Возможно вам будет интересно

Скифская царская могила

Скифская царская могила

 У некоторых историков было подозрение, что загадочный холм в Борках, отмеченный в 1833 г. в от... Читать полностью.

Қымбат бейне

Қымбат бейне

  Ұрпақтарымыздың жарқын болашағы үшін өз жанын аямағандардың бірі —    менің нағашы атам Нәби Жағып... Читать полностью.

Сүлейменов, Ж. «Бүкір» шал» [Мәтін]: әңгіме /Ж. Сүлейменов //Солтүстік Қазақстан.- 2018.- 23 тамыз.- Б. 11

Сүлейменов, Ж. «Бүкір» шал» [Мәтін]: әңгіме /Ж. Сүлейменов //Солтүстік Қазақстан.- 2018.- 23 тамыз.- Б. 11

«Бүкір» шал Шай үстінде әкем маған қарап: “Сен ешқайда ұзап кетпе, Жекекөлге бара... Читать полностью.