Петропавлда Қазақ хандығына арналған конференция өтті

ПЕТРОПАВЛ. 8 маусым. Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Алқалы басқосуды университеттің ректоры Оңдасын Әшімов жүргізіп отырды.

«Қыркүйекте Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтеміз. Ең бастысы — күллі әлемге көпжылдық, күрделі тарихымызды ашып көрсетуіміз қажет. Біз — бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан елміз. Президент Қазақстан халқына бұл мерекені барша қазақстандықтардың атсалысуымен мерекелеуі тиістілігін атап көрсетті. Өйткені, біз біртұтас елміз. Мақсатымыз, мүддеміз бір. Бастысы — көршілермен жылы қарым-қатынастамыз. Бұл — ұлы бабаларымыздың бізге аманаттап, табыстап кеткен киелі жері», деді жиынға қатысушыларға арнаған құттықтауында Премьер-Министрдің орынбасары.

Конференцияда сөз алған аймақ басшысы Ерік Сұлтанов Қазақ хандығының 550 жылдығы — өткен өмір ғана емес, бүгінгі күннің іргетасы екенін атап өтті.

Бұдан кейін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Берекет Кәрібаев, Оңтүстік Орал мемлекеттік университеті еуразиялық зерттеудің ғылыми-білім беру орталығының директоры Александр Таиров, Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры Хангелді Әбжанов, Ресей ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің Солтүстікті игеру мәселелері институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Александр Ткачев, Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Аяған, тағы басқалары баяндама жасады.

Конференцияға қатысушылар қазақстандықтарға арнап қарар қабылдады.

Өмір Есқали.

Дерек, сурет: Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.


Есқали Ө. Петропавлда Қазақ хандығына арналған конференция өтті // Егемен Қазақстан. - 2015. - 8 маусым

Возможно вам будет интересно

АЛАШТЫҢ АЙБЫНЫ

АЛАШТЫҢ АЙБЫНЫ

                                               АЛАШТЫҢ АЙБЫНЫ    “Менің бабам, күйдірген қыр аптабы... Читать полностью.

Сындарлы шақта шыңдалған  ғұмыр

Сындарлы шақта шыңдалған ғұмыр

                            &n... Читать полностью.

Тайшыбай, З.   Не көрсемде Алаш үшін көргенім..  / З. Тайшыбай // Қазақ әдебиеті. - 2018. - 15-21 маусым. - Б. 1, 6, 7, 20

Тайшыбай, З. Не көрсемде Алаш үшін көргенім.. / З. Тайшыбай // Қазақ әдебиеті. - 2018. - 15-21 маусым. - Б. 1, 6, 7, 20

Мағжан ақынның алғашқы өлеңдер жинағы 1912 жылы «Шолпан» деген атпен жарық көргені мәлім... Читать полностью.