Николай ЗЕБНИЦКИЙ

                Николай ЗЕБНИЦКИЙ
1919 жылы 17 желтоқсанда дүниеге келді. Кіндік қаны тамған жері - Солтүстік Қазақстан обпысының Тайынша ауданының бұрынғы Ново-Сухотино ауылы. Шаруа отбасында тәрбиеленген

Білім қуып, 1938 жылы Воронеж облысының Борисоглебск қаласындағы темір жол мектебі мен үш айлық педагогикалық курсты тамамдайды. 1938-1940 жылдар аралы-ғында Масловка бекетіндегі №7 мектепте бастауыш сынып мұғапімі болып қызмет етеді.
Армия қатарына 1940 жылы шақырыл-ды. Орел жаяу әскерлер училищесін аяқтады.

Жауынгерлер Мәскеу түбіндегі шайқаста жау әскерін ойсырата жеңген соң аға лейтенант Николай Зебницкий ерекше тапсырма-мен жау тылына екі мәрте барып келді. Содан кейін ол өзін диверсиялық-барлау тобына комиссар етіп тағайындауды сұрайды. 1942 жылдың сәуірінде бұл топ майдан шебінен өтіп, басып алынған аумаққа тереңдей тусті.

Жау тылындағы екі айлық рейдтің нәтижесінде жаудың 5 әскери эшелоны, 20-дан астам автокөлігі қирап, 400-ден астам жауынгері мен офицері көзжүмды.
Бір күні барлаушылар Омкиничи селосына маңайдағы елді мекеннің ұл-қыздарын жинап, Германияға жөнелтпек болғаны жөнінде құпия хабарды жеткізді. Жедел топ немістердің жоспарларын күл-талқан етуге бекінді.

Командир мен комиссар болжағандай, шабуыл айтарлықтай қиын-дықсыз өтті. Ауылда орын тепкен гарни-зонның күл-талқаны шықты. Түтқындар қамауда отырған қоралардың тиектерін ағыта бергенде, ауылға бірнеше көліккетолы гитлершілер кіріп келді. Бүл кескілескен үрыс-та "Вторые" арнайы партизан отрядының командирі мерт болды. Оның орнын Николай Зебницкий басты.

Сол кезде ол небәрі 22 жаста еді. Соған қарамастаң отрядтың қүрамын 52-ден 215 адамға дейін көбейте алды. Оның жетекшілігімен бұл сарбаздар бірсыпыра жауынгерлік жорыққа шығып, оқ-дәрілер сақтаулы қоймаларды, паровоздар-ды жойып, бірнеше жансыздарды анықтап, сатқындықтарын дәлелдеді.

Батылдығы, жедел топқа шебер басшы-лық ете алуы, жаудың тылында арнайы тапсырмаларды тыңғылықты орындағаны үшін Николай Васильевич 1941 жылы Қызыл Жүлдыз орденімең 1943 жыпдың қыркүйе-гінде Ленин орденімен марапатталып, 1944 жылдың 1 қаңтарында КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағы-ның Батыры атағы берілді.

Соғыстан кейін 1955 жылға дейін Николай Зебницкий Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті органдарында қызмет атқарды. Екі рет Лениң Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ор-дендерімен және медальдармен марапат-талған

Николай Васильевич 1975 жылдың 29 қарашасында қайтысболды.
Тайынша қаласының кешелерінің біріне Кеңес Одағы Батыры Н. Зебницкий есімі берілген.


//Cолтүстік Қазақстан.-2015.-15қантар-.3бет

Возможно вам будет интересно

Көпекбаева,Ә. Тарих сабағында / Ә.Көпекбаева // Қазақ тарихы.-1995.-№3.-С.69-70

Көпекбаева,Ә. Тарих сабағында / Ә.Көпекбаева // Қазақ тарихы.-1995.-№3.-С.69-70

Ұлы Абай шығлрмаларын тарих пәнін оқытканда үнемі пайдаланып келемін. Әсіресе,5,8, 9-кластарда Қазақ... Читать полностью.

Гавриил  Кирдищев

Гавриил Кирдищев

                           &nb... Читать полностью.

Кириллова Н. Достояние республики // Добрый вечер. – 2010. – 13 августа. – С.7

Кириллова Н. Достояние республики // Добрый вечер. – 2010. – 13 августа. – С.7

С чего же начинается Роди¬на? Это все уже давно поняли: с истории и памяти. И в этом году, как н... Читать полностью.