ЕЛІМІЗДІҢ ЕЖЕЛГІ ЗАҢ ЕРЕЖЕЛЕР
Майқы — аты аңызға айналған тарихи тулға, атақты би, шешен. Аңыз бойынша би атанған туң-ғыш адам.
Шыңғыс ханның заман-дасы әрі оны хан көтерғен 12 бидің бірі.
Майқы бидің Шыңғыс ханның оң қолы, ел басқару ісіндеғі ақыл-шысы, бас биі болғаны, Жошы хан
әскерінің оң қанатын басқарғаны тарихи деректерде анық айтылады.Осы дерек моңғол жылнамасы "Алтын тобчида" да бар.
Халықтың әдет-ғұрып, салтын, жол-жоралғысын заң ережесіне айналдыруда Майқы бидің алатын орны ерекше.
Халық арасында кең тараған "Түгел сөздің түбі бір, түп атасы — Майқы би" деген мақал бар.
Майқы би түркі халықтары әлі бөлінбей тұрған кезде өмір сүріп, әділдігімен, шешендігімен жалпы-түркілік қайраткер дәрежесіне көтерілген.
Майқы биді өзбек, татар, башқұрт, қарақалпақ халықтары да өз биі деп есептейтін.
Майқы би шығарған жеті құқықтық қағида Жәнібек пен Керей хандардан бастап, Тәуке хан тұсында дүниеге келген "Жеті жарғы" заң ережелеріне дейін жалғасты.
Қасым ханның "Қасқа жолы" -қазақ халқының хандық дәуіріндегі әдет-ғұрыптық заң ережелерінің жиынтығы Қасым хандық құрған кезде (1511-1523) ел басқару ісінде қолданылған.
Қасым хан езі билік құрған кезеңде қазақ халқының этникалық аумағын кеңейту барысында әдет-ғұрыптық заңдарға арқа сүйеп, өз заңында Құран талаптарына қайшы келмейтін қазақи ғұрып ерекшеліктерін сақтады.
Мысалы, жеті атаға дейін қосылмау, әмеңгерлік, құдалық жол-жоралар, қазылық билік және тағы басқа қағидаларды бұлжытпау.
Ол халықтың көкейінен шыққан әрі ежелден келе жатқан билік дәстүрді, әдет-ғұрыптық "жарғыны" жаңғыртып, күшейтті. Бұл заңға енген ережелер' 1) мүлікзаңы (жер дауы, мал-мүлік дауы); 2) қылмыс заңы (кісі өлтіру талау, шапқыншылық жасау ұрлық қылу); 3) әскери заң (аламан міндеті, қосын жасақтау, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат); 4) елшілік жоралары (майталман шешендік, халықаралық, қатынастағы сыпайылық, әдептілік, ибалылық); 5) жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас, той, мереке, думан үстіндегі ережелер, ат жарыс, бәйге талаптары, жасауыд бекеуід түтқауыл міндеттері).
Бұл жарғы халық арасында ілтипатпен "Қасым ханның қасқа жолы" деп аталып кетті. "Қасқа жолдың" қағидалары өзгерусіз XVII ғасырға жетіп, Есім хандық құрған тұста (1598-1645) "Есім ханның ескі жолы" деген жаңа атқа ие болды.
"Есім ханның ескі жолы" -дәстүрлі қазақ қоғамындағы заңдардың жиынтығы. Оның негізін жоғарыда айтылғандай, Қасым хан салған болатын.
Заң жинағында Қыпшақ, Шағатай және басқа ұлыстарда қолданылатын әртүрлі жарғылар енгізілғен.
Есім хан көп өзгеріске ұшырай қоймаған Қасымның заңдарын іс жүзінде қолдануды езі биліқ жүргізгенде қатаң талап етті.
Қасымның заңы Есімнің арқасында сол дәуірдің әскери-саяси және әлеуметтік қажеттіліктеріне, халықтың тұрмысы мен дәстүріне сәйкес жетілдірілді, соның нәтижесінде бұл заң халық арасында кеңінен тарады.
Заң ережелері жермен, малмен байланысты материалдық талап-арыз, қылмыстық іс туралы (ұрлық, кісі өлтіру және т.б.), әйелдердің жағдайы, әскери міндеттілік, дәс-түрлі шаралар, кедейлерге көмектесу және тағы басқалар туралы мәселелерді қарады. Халық бұқарасы Қасым хан заңының ережелерін ұстануды қалады.
Бұл заң жиынтығы Есім ханның құрметіне "Есім ханның ескі жолы" деп аталды. "Жеті жарғы" — Тәуке хан (1680-1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы.
XVII ғасырда қазақ хандығының ыдырау қаупінің тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбіршілігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды.
Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-ғурып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған "Қасым ханның қасқа жолы" мен "Есім ханның ескі жолын" одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында "Тәуке ханның "Жеті жарғысы" деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады.
"Жеті жарғыға" сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды.
Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды, соның нәтижесінде Тәуке ханның билік еткен тусы Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірлеген кезі болды.
Одан кейін арнайы атаулы заң жүйесі жасал-мағандықтан және "Жеті жарғы" талап-тілекті қанағаттандырарлық деңгейде болғандықтан, оның көптеген ережелері XX ғасырдың басына дейін қолданылып келді.
Мысалы, бұл қағидаларға Абай да үлкен мән бергені және кезінде өзі жасаған "Қарамола" заң жобасын-да ескергені белгілі.
"Жеті жарғы" қазақтың ұлттық шешендік өнеріне сай, негізінен, афоризмдерден, мақал-мәтелдердең қанатты сөздерден құралған.
Бұл жүйені мазмұндық-кезеңдік жағынан "Қасым ханның қасқа жолы" мен "Есім ханның ескі жолына" негізделген және Тәуке ханның өз дәуіріне, саясатына сай енгізілген өзгерістер деп үшке бөлуге болады.
"Жеті жарғының" толық нұсқасы сақталмаған. "Жеті жарғы" деп аталуы Тәуке хан енгізген жеті езгеріске байланысты деген тұжырым жасалған.Бұл заң жер дауы, отбасы және неке заңы, қылмыс пен құн дауы, ұрлық-қарлық, тонау және куәлік ету мен ант беру рәсімдеріне орай қалыптасты.
"Жарғы" сөзі қазақша әділдік, шешім деген ұғымды білдірген. Тәуке ханның "Жеті жарғысы" осы хан кеңесінің шешімі арқылы жарыққа шығып, елге тараған Салқам Жәңгір ханның ұлы Тәуке "Қасым ханның қасқа жолын", "Есім ханның ескі жолын" өз дәуіріне сай етіп, сондағы ережелердің жеті түріне күрделі өзгеріс енгізгендіктен, ол өзгерістер "Тәуке ханның "Жеті жарғысы" аталып кеткен.
1824 жылы 8 ақпанда жазылған "Собрание киргизских законов и положение Омского временного комитета" деген құжаттың бастапқы бетінде бұл заңды комитет отырысында талқылап, бекітуге Ресей тарапынан генерал-губернатор Путинцов пен войсковой старшина Леденов, артиллерия майоры Симонов, қазақтар жағыстаршын-капитан Сатыбалдиң поручик Байтоқиң Сеңкі-баев, Бокшиң старшын-поручик Тоқтамысов және би Құттықадамов қатысып, қол қойған Ұзын-ырғасы 208 бапты қурайтын осы заңның екіші тарауы "Соттар және судьялар туралы" деп аталып, қазақтың билер соты мен билері атқаратын міндеттер 9-баптан 42-бапқа дейінгі аралықты қамтыды.
Осы аталған заңның нормасына жүздеген жылдар бойы халықпен бірге жасасып келе жатқан ұлтымыздың дәстүрлі құқығына үзіліссіз қызмет көрсеткен әдет-ғүрып ережелерін ел ағалары қаймықпай кіргізіп, билер сотының мәртебесін батыл түрде қорғап қалған.
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев (1845-1904) саяси және құқықтық ілім тарихы бойынша арнайы еңбек жазбағанымен, өлеңдері мен қара сөздеріне өзі өмір сүрген дәуірдің тыныс-тіршілігін, қоғамдық өмірін, халықтың мұң-мұқтажы мен басқару орындарының жұмысын арқау етті, сол кездегі қазақ даласында болып жатқан саяси өмірге де, билік ісіне де араласты.
Оқыған-тоқығаны көп, орыстың ғана емес, Еуропа әдебиетінен де нәр алған Абайды қазақ халқы би деп те таныды. Абай жай ғана би болған жоқ, әділ биболды.
Абайдың билік өнері қазақтың әдет-ғұрып құқығымен де, патша өкіметі енгізген сот билігімен де ұштасып жатты.
Қазақ даласының дәстүрі мен заңын жетік білген Абай орыс империясы енгізген заң нормаларын да шебер пайдалана білді. Билер шешімі Абай үшін тек қана басқару мен сот жүйесі емес, сонымен қатар халықтың дәстүрі мен танымынан нәр алған билік нормасы болды.
1885 жылы Семей облысының уезаралық төтенше билер съезінде Абайдың қатысуымен ереже қабылданды.
Съезд Шар өзенінің бойындағы Қарамола деген жерде өткендіктен, осы съезде қабылданған ереже "Қарамола ережесі" деген атқа ие болды.
Жетпістөрт баптаң түратын бұл ережеде патша өкіметі енгізген нормалар ескеріле отырыл, қазақ әдет-ғұрып қуқығының негізгі салалары да мүмкіндігінше толығырақ қамтылды.
Абай басшы болып жазған "Қарамола ережесіне" құндауы, жесір дауы, мал дауы, мүлік дауы, әмеңгерлік, мұрагерлік, дауларды шешу, үкім шығару және сот жүргізу тәртібінің ережелері енгізілді.
Абай жазған "Қарамола ережесінің" оннан астам бабы қылмыстық құқық пен жазаға арналды. Оның ішінде ұрыс-төбелес, ұрлық, ұрлықты қайта жасау, адам денесіне зақым келтіру, зардап шегу-шілерге көмек көрсету және тағы басқалар қарастырылды.
Атап айтқанда, ұрыс-төбелес шығарғандар ат-шапаннан бастап, үш тоғызға дейін жәбірленушінің пайдасына айып төледі. Төбелесті ұйымдастырушының айыбы басқаларға қарағанда көбірек болды. Абайдың шығармалары мен билік айту кезіндегі шешімдерінің және «Қарамола ережесіндегі» құқықтық нормаларының қазіргі күні де маңызы үлкен.
Өйткені, тарихты білмей, оның жетістіктері мен кемшіліктерінің және өткен заманның ұлы тұлғалары мен ойшылдарының саяси-құқықтық ілімдері мен көзқарастарын, ой-пікірлерін бүгінгі күнмен және болашақпен байланыстырмай, өркениетті дамыған ел болып қалыптасу мүмкін емес.
Сондықтан да, Абай сияқты ұлы тұлғаларымыз бен ойшылдарымыздың ұлағатты идеялары мен асыл сөздерін бүгінгі мемлекеттік билік жүргізу, ел басқару, мемлекет саясатын және құқықтық реформаларды жүргізуде тиімді пайдалану өткен тарихтан сабақ алудың және үйренудің айқын үлгісі болып табылады.
Асқар ПАРМАНОВ, Айыртау аудандық №2 сотының судьясы.
// Солтүстік Қазақстан. -2015. – 18 сәуір. – 5 бет.
ЭБС "Библиороссика"
ЛитРес: библиотека
Қазақстанның ашық кітапхана
Казахстанская национальная электронная библиотека
Қазақстанның ашық кітапхана
Электронное правительство
Рухани жаңғыру
Послание президента
Государственные символы