БАТЫРЛАР САЯЖОЛЫ АШЫЛДЫ

                                                                            БАТЫРЛАР САЯЖОЛЫ АШЫЛДЫ

Мамлют ауданының орталы-ғындағы Жеңіс саябағы Батырлар саяжолымен толықты.

Жеңістің 70 жылдығы мерекесі қарсаңында Мамлютка қаласындағы орталық саябаққа жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

9 мамыр күні ерекше безендірілген демалыс орнында Батырлар саяжолы ашылды. Ондағы мәрмәр тастарға мамлюттік Кеңес Одағының Батырлары мен

Социалистік Еңбек Ерлерінің, ¥лы Отан соғысына қатысушылардың - барлығы 8023 адамның есімдері алтын әріптермен ойылып жазылған.
Аталмыш шараға соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, қала жұртшылығы мен жастар қатысты. Салтанатты рәсімге жиналғандарды аудан әкімі Ерболат

Бекшенов құттықтады.

Мамлюттіктер Жеңіс күні қан майданнан оралмаған боздатарға арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, аспанға 70 шар ұшырды, осынау мерекеге орай

арнайы әзірленген жауынгер ботқасынан дәм татты, майдан әндерін тыңдады.

(Өзтілшіміз).


// Солтүстік Қазақстан . – 2015 . – 14 мамыр . – 3 бет .
 

Возможно вам будет интересно

Открытка из 42-го

Открытка из 42-го

Здоровья тебе, милая тетя Галя, бодрости, дорогой наш человек. К этому пожеланию присоединяются сотн... Читать полностью.

Қайырбеков, Ә. Сәбит Мұқанов туралы сөз

Қайырбеков, Ә. Сәбит Мұқанов туралы сөз

Қазақ әдебиетінің классигі, халық жазушысы, ақын, драматург, қоғам қайраткері, академик Сәбит М... Читать полностью.

Россия между Востоком и Западом. К понятию культурного «моста» в «диалоге культур» // Россия между Западом и Востоком.Выпуск II . – Омск, 2001. – C.5 – 9.

Россия между Востоком и Западом. К понятию культурного «моста» в «диалоге культур» // Россия между Западом и Востоком.Выпуск II . – Омск, 2001. – C.5 – 9.

В. И. Любушин, к. ф. н. , профессор СКГУ, гПетропавловск (Казахстан)   Россия между Востоком... Читать полностью.