Еңсесі еңбекпен көтерілген

 
Өткен сенбі күні Шал ақын ауданының Ақанбарақ ауылына жақын маңдағы жазық далаға таңсәріден жиналған жұрттың қарасы қалың болды. Қаз-қатар тігілген киіз үйлердің маңында жүрген адамдардың көңіл-күйлері көтеріңкі. Кешікпей Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің ширек ғасырлық тойы, облысымыздың 80 жылдығы аясында ұйымдастырылған Шал ақын ауданының күні басталып та кетті.
Аудан әкімі Ербол Сағдиевтің ұйытқы болуымен облысымызда тұңғыш рет ұйымдастырылған шараға аудан жұртшылығының өкілдері ғана емес, зиялы қауым, еліміздің түкпір-түкпірінен келген қонақтар да қатысты.

Мерейлі мерекеге қатысушыларды құттықтаған аудан басшысы қазыналы өңірде сан алуан ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, Елбасы тапсырмаларын жүзеге асыру жолында еселі еңбек етіп жатқанын тілге тиек етті.

- Бүгін біздің ауданымыз серпінді даму үстінде. Биылғы жылы Тәуелсіздіктің 25, облысымыздың 80 жылдығы мерекелерін атап өтеміз. Осы орайда біздің ауданның өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып отырғандығын атап айтқым келеді.
2016 жылдың бірінші жартыжылдығында тартылған инвестиция көлемі 126 пайызға, ауыл шаруашылығында ет пен сүт өндірісі, тиісінше, 103 және 113 пайызға өсті.
Бұл біршама тәуір көрсеткіштер. Алдағы уақытта оны одан әрі өсіру үшін жұмыла еңбек ететін боламыз. Ауызбірлігі мықты аудан тұрғындарын мерекемен құттықтаймын, бәріңізге зор денсаулық, еңбекте табыс тілеймін! - деді салтанатты шараны қысқаша сөз сөйлеп ашқан Ербол Сағдиев.

Осыдан кейін Ербол Болатұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан зор үлесі ушін Приишим дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері Қу-нарбай Байзақовқа, жеке кәсіпкерлер Виктор Лебедев пен Игорь Петрушанға, "Мюс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Есмұрат Махметовке, ветеринарлық станцияның жүргізушісі Талғат Мәдетовке Алғыс хат тапсырды.

Одан кейін Сергеев (қазіргі Шал ақын) ауданы жаңа құрылған тұста оның бірінші басшысы ретінде білек сыбанып, табысты еңбек атқарған Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы Жақсылық Ысқақов сөз алды.
Аудан тұрғындарын мерекемен құттықтаған ол өз сөзінде өткен ғасыр халықтың қабырғасын қайыстырған қиындық кезеңдер әкелумен бірге
ата-бабамыз аңсаған - Тәуелсіздікті де тарту еткенін, ендігі жаңа ғасырда оны баянды ету, оның экономикасын гүлдендіріп, әлемге танымал елге айналуына атсалысу аудан халқының басты міндеті екендігін атап айтты.
- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында еліміз ауыр кезеңдерді артқа тастап, дамыған елдермен тереземіз тең болды. Еліміздің экономикасы өрге басып дамып келеді. Қазақстандықтар қажымас қайрат-жігермен, ұлттық биік рухпен жаңа ғасырға қадам басты, -дей келе, ардагер шалақындық-тарды өңіріміздің қоғамдық-саяси, мәдени өміріне бір адамдай белсене атсалысуға шақырды.

Мереке бағдарламасына сәйкес жиналған қауым ауыл шаруашылығы техникасының көрмесін тамашалады. Жиналғандарды қаз-қатар тізілген заманауи техникалармен таныстырған аудан әкімінің ауыл шаруашылығы және жедел мәселелер жөніндегі орынбасары Науқан Таласбаевтың айтуынша, жергілікті ауыл шаруашылығы құрылымдары "ҚазАгроФи-нанс" АҚ-ы демеуқаржысының арқасында "Беларус", германиялық "Монопил" қызылша сепкіштер, "Джон Дир" қопсытқыш, "Мечта" тырмасы, минералды тыңайт-қыштарды сепкіш, "Авагро" тозаңдатқышы сияқты ауыл шаруашылығы техникаларына қол жеткізген. Бұл жерде көпшіліктің назарына ұсынылған заманауи "Джон Дир", "Sаmbo", "Асrоc", "ЕssіІ", "Саsе",
" New НоІІаnd". "Реliкаn" және тағы
басқа танымал фирмалардың комбайндары мен тракторлары да мемлекеттік қолдаудың арқасында сатып алынған.
тәуір шапқан жүйріктердің біразы төрт шақырымдықтың соңына дейін шыдас бере алмады. Додаға қосылған жүйріктердің ішінде бас бәйгеден үміттілері аз емес еді. Алайда, "Бақ шаба ма, бап шаба ма?" демекші, бірінің бабы келмей, енді бірінің бағы жанбады. Қапы кеткендері де аз болған жоқ. Ең бастысы, бұл жарыстардың өзі аламан бәйгеге бергісіз болды.
Алғашқы сайыста Жаңажол ауылдықокругініңатынан қосылған Сәлім Рамазан қарсыластарынан
оқ бойы озып, мәреге бірінші болып жетті. Ал екінші сайыста Сергеевка қаласының екілі Бүркіт Сүлейменов жеңімпаз атанды. Шараны қорытындылаған аудан әкімі мерекенің көркі болған бәйге жеңімпаздарын марапаттап, ақшалай сыйлық-тар табыстады.

Жүйріктер сайысқа қосылған кезде боз кілем үстінде қазақша күрестен жарыс та басталды. Шал ақын ауданында спорттың бұл түрі жақсы дамыған. Қалыптасқан дәс-түрді жалғастырып, қазақша күрес-тен олжа салған балуандар жетерлік. Белдесулерді тамашалауға келген жанкүйерлер боз кілем үстіндегі шиеленісті жекпе-жектерді қызықтады. Әр ауылдық округтен және Сергеевка қаласынан балуандар қатысқаннан кейін бұл жарыс ұзаққа созылды. Жеңімпаз балуандар да сыйлықтармен марапатталды.
Қол күресі, гір көтеру, қыз қуу, теңге алу сияқты спорттың басқа да түрлерінен ұйымдастырылған жарыстар мерекенің ажарын аша түсті.
Мерекеде киіз үйлердің байқауы етті. Көркемдігімен бірінен-бірі асып түскен шаңырақта ауылдық округтердің өкілдері елімізде тату-тәтті тұрып жатқан этностардың салт-дәстүрін, ұлттық тағамдарын дайындап, көрермендерге ұсынды.
Ұлтымыздың болмыс-бітімін паш етер ақ отауларды аудан әкімі бастаған қазылар алқасы аралап, дайындықтарын тексерді. Ұлттық киімдер мен дайындалған тағамдарға назар ерекше болды. Оның төріндегі ер-тұрман, шабандоз жігіттің өрілген қамшысы, қоңыр домбыра және тағы басқа жәдігерлер киіз үй иесін жеңіске бір қадам жақындата түсті.

Бұл күні еңбегі еленіп, марапат-қа ие болған Құнарбай Байзақовты әңгімеге тартқан едік.
- Бүгінгі шара бәріміздің көңілімізден шығып отыр. Жақсы ұйымдастырылған екен. Барлық шаралар бірімен-бірі үйлесім тауып жатты. Жалпы, халық үшін ерекше мереке болды. Жастар ауданның тарихымен, қазіргі тірлігімен жақын танысады, кеп дүниеге кезі ашылады, өзінің туған жеріне деген сүйіспеншілігі артады. Әрбір ауданнан шыққан белгілі өнер адамдары туралы хабардар болады, ал өнерпаздар кәсіби деңгейлерін өсіруге талпынады. Алдағы уақытта бұл игі бастама жалғасын тапса, нұр үстіне нұр болар еді, -деді ол.
Жергілікті өнерпаздар қатысқан "Шексіз ән!" атты аудандық фестиваль де жиналғандарға қуаныш сыйлады. Аудандық Мәдениет үйінің өкілі
Телжан Айтбенбетов "Шал ақын" әнін орындаса, өңірімізге танымал "Балқадиша" ансамблі "Қазақтай ел қайда?", "Дедім-ай", "Ой, жайлау" халық әндерін шырқап, шараның көркіне айналды. Ал "Родник" орыс хоры "Колечко" және "Тополек" әндерін жоғары дәрежеде орындады. Өскелең ұрпақ өкілдері болса, флеш-моб ұйымдастырып, көрермендердің алғысына бөленді.
Ерке Есілімен, жанға жайлы табиғатымен, белгілі азаматтарымен танымал аудан күніне арналған той осылай дүркіреп өтті.
Қанат Атаманов, "Солтүстік Қазақстан".Суреттерде: аудан әкімі Е.Сағдиев Приишим дәрігерлік-амбулаториясының аға дәрігері Қ.Байзақовқа Алғыс хат тапсыруда; мерекелік шаралардан көріністер.Суреттерді түсірген Талғат Тәнібаев

Еңсесі еңбекпен көтерілген Қанат Атаманов, "Солтүстік Қазақстан".Суреттерді түсірген Талғат Тәнібаев //Солтүстік Қазақстан . – 2016 .– 9 тамыз . – 5 б.

Возможно вам будет интересно

Веденко В. По пути технического прогресса: [Омск и Кустанай] // Казахстанская правда. - 2003 г. - 22 апреля.

Веденко В. По пути технического прогресса: [Омск и Кустанай] // Казахстанская правда. - 2003 г. - 22 апреля.

По пути технического прогресса Перед самым отъездом в Омск, где состоялась встреча президентов и ру... Читать полностью.

Тың туралы туынды

Тың туралы туынды

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мұрағатында тың және ты... Читать полностью.

Туған жер төрінде

Туған жер төрінде

  Өңірдің қонысқа жайлы, табиғаты сұлу, тарихы терең аймақтарының бірі – Шал ақын ауданы.... Читать полностью.