Атамыз –Мәңгі Жүрегімізде

                                                    Атамыз –Мәңгі Жүрегімізде

Ұлы Жеңіспен аяқталған соғысқа менің атам Бекет Мәкенұлы 17 жасында қатысып, біздің өміріміз, Отанымыз, болашағымыз үшін күресіп, денсаулығын құрбан еткендердің бірі еді.

Марқұм атам Самарқан қаласындағы арнайы дайындықтан өткеннен кейін бірінші Украина майданындағы ұрысқа қатысып, сол шайқаста Житомир облысының Белоцерковь қаласының маңында ауыр жарақат алып, госпитальға түскен.

Жарасы тәуір болған соң 26-шы гвардиялық дивизияның құрамында шайқастарға қатысып, жауынгерлік жолын жалғастырады.
Ол майдандағы ерлігі үшін II дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.

Қолына қару алып, елін қорғаған жауынгер Кенигсберг майданында жаумен шайқасып, дивизия командирі Черняховскийдің басқаруымен 1944 жылы Шығыс Пруссия шекарасын бузуға қатысқан.

Осы ұрыста атам екінші ауыр жарақатын алып, алты ай Литвада, үш ай Рязань қаласында госпитальда жатуға мәжбүр болады.
Өкінішке қарай, бір жылға жақын ем-дом шараларын алғанымен, атам өздігінен аяқ басып жүруден қалған еді.

Сөйтіп, ол 1945 жылдың қыркүйек айында жауынгерлік жолын аяқтап, елімен қайта қауышады.
Тек 1948 жылы майданда алған жарасынан айығып, бейбіт еңбекке араласабастайды.

Туған ауылында 40 жыл бойы сауда-саттық саласында еңбек еткен ол "Құрмет белгісі" орденімен марапатталып, бірнеше медальдарға ие болған. Қазірде көзі тірі болғанда сүйікті жұбай, асқар әке, ардақты ата болып жүрер ме еді деп ойлаймын.

Біз, артында қалған ұрпақтары, майдан даласында толарсақтан саз кешіп, өмір мен өлімнің ортасында жүріп, жаумен айқасқан ардагер атамызды ешқашан ұмытпаймыз.

Айнұр БЕКЕТОВА.

Петропавл қаласы.


// Солтүстік Қазақстан. – 2015. – 30 шілде . – 7 бет.

Возможно вам будет интересно

Өшпес ерлік іздері

Өшпес ерлік іздері

«Біз – Жеңіс ұрпағымыз!» әскери-патриоттық эстафетас... Читать полностью.

Қазақ хандығы-550жыл

Қазақ хандығы-550жыл

Сол бір заманда Қазақ хандығының өмірге келуіне ізара болған қарлық ру –тайпаларын конфедераци... Читать полностью.

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

 Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы Тәуелсіздік таңының арайлап атқаны күні кешегі... Читать полностью.