Қазақ хандығы-550жыл

Сол бір заманда Қазақ хандығының өмірге келуіне ізара болған қарлық ру –тайпаларын конфедерациясы туралы.
Осы жылы ресубликалық көлемде аталынып өтетін Қазак хандығынын 550 жылдық мерейтойы карсаңында бұрыннан қазақ жерінде кұрылтан мемлекеттік кұрылымдар тарихына да жете көңіл бөлінгені дұрыс.

Өйткені, олардың барлығы да кейін құрылған Қазақ хандығының қалыптасуна үлен дәрежеде ықпал еті.
Сондай мемлекетгің бірі - кезінде дамыған өркениетті Қарахандар әулеті мемлекетінің негізін салған және онын ыдырауы нәгижесінде Шыңғыс хан шапқыншығын қарсаңында бірнеше хандықтар құрылып, кейін қазақ хандығының қалыптасуына үлес қосқан қарлық ру-тайналарынын конфедераңнясы еді.

Бұл мәселеге қалам тартушы тарихшы ғалымдардың пікірлеріне кез жүгіртсек: ғалым М.Ақынжанов: «Қазақ халқына негізінен алғаш ұйытқы болған Түргеш пен Қарлық одағы болды», деп жазады. Қарлық кағанатының қазақ халқын құрудағы рөлін жоғары бағалай келіп, түркі және моңғол шежірелерін жетік білетін қазақ ғалымы Ислам Қабышұлы былай дейді: «... қарлық одағының тұсында қазақ халқы өзінің осы күнгі қазақ атымен аталды.

Оның ІХ-Х ғасырларда өз алдына жеке халық болып құрала бастағаны анықталды. Оның экономикалық тұтастығы, мэдениет жэне қоныс бірлігі бар еді. Ал мәдениет бар жерде мінез-құлық бірлігі болатыны да даусыз. Сондықтан тұтас бір халықтық белгілері бар деп саналады. Бұл әрине халық болып құралудың бастамасы. Осы қарлық кезінде ізі салынган халықтың ұйытқысы жойылып кетпей баянды болып калды.

Бұл ұйытқыны сырттан келген шанқыншылар да бұза алмады. 1140 жылғы қидан, 1203-1220 жылғы моңғол шапқыншылығы да бұл бірлікті ыдырата алмады. Сөйтіп, 1218-1380 жылдарда әр жердегі қазақтар қайта бас қосқанда сол қарлық атымен емес қазақ атымен біріккенді>>.
Шынында да қарлықтардың мемлекеттік құрылымы кейін құрылған Қазақ хандығына ұқсас болды. Біріншіден қарлықтар үшке бөлініп, тарих сахнасына шыққанда да «үш қарлық» болып аталады және олардын басқарушылары алғашқы кезде <<жабуға >>немесе <<ябуға>> деп аталады

.Бұл қазақтын билер институнына сәйкес келеді.Кезінде академик В. Бартольд «ябғуды» «пейгу» немесе одан кейінгі эволюциялық нұсқасы «биге» келетіндігін пайымдаған болатын. Ал «жабғу» атауындағы «ж» диалектісі дс көңіл аударарлық. Көрнекті ғалым, Орталық Азияның тарихы мен этнографиясын зерттеуші А.Бернштам қарлықтарда тіл жағынан екі, яғни «ж» және «и» диалектісінің болғанын дәлелдеп көрсеткенді. Оның бергі жағында қарлық ру-тайпаларының конфедерациясы Жетісуда тоғыз топтан тұрғанда оның ішінде кейін қазақтың үш жүзінің де рулары болғандығы белгілі.

Ол мәселе 2000 жылы шыққан «Қарлық мемлекетінің тарихы» атты монографияда баяндалған болатын. Сонымен қатар, Қарахандар хандығының ішкі және қайшылықтардың шиеленісуі нәтижесінде көшпелілігі басым, жекелеген Алмалық - қарлық, Қаялық (Қойлық) - қарлық жэне Хазар -қарлық хандықтарының Шыңғыс хан жорығының алдында бөлінігі шығуы да қазақтыц үш жүзінің пайда болуы туралы тарихи аңызды еске түсіреді. Ондағы Қызыл Арыстан хан қасында жүрген Үйсін, Болат, Алшын бастаған қолдардың басқа жерге барып ел болып кетуі тарихи аңыздын негізі желісі Мұндағы Қызыл Арыстан хан қарахандықтарын басқарған Санжар сұлтан екені де белгілі.
742 жылы қарлық, басмыл және ұйғырлар біріге отырып Шығыс Түрік қағанатының саяси үстемдігін күйреткеннен соң, 746 жылы Жетісуға қоныс аударып, батысқа қарай Фараб (Отырар) өңірін қоса жайлаған еді. Осы кезде бұл өңірде геосаяси жағдай өте күрделітін. Оңтүстіктен Араб халифаты, ал шығыстан Қытайдың Таң империясынан қауіп тонді. Осы өңірде екі империялық күштердің мүдделері түйіскен еді.

Таң әскерлері Суябты басып алып, батысқа қарай Шашқа (Ташкент) жеті. Бұл батыстан ілгерілеп келе жаткан арабтардың мүдделеріне қайшы келді. Сөйтігі, 751 жылы екі империялық күштердің шешуші шайқасы Талас өзені бойындағы Атлах қаласының маңайында өтті. Екі үлкен армия бес күндей бір-біріне бата алмай қарсы тұрған кезде Таң әскерінін тылынан қарлықтар шабуыл жасаған Сол кезде арабтар да шабуылға шығып, қытай әскерінің тас-талқанын шығарады. Араб тарихшысы әл-Асирдің айтуынша осы шайқаста қытайлықтар 50 мың әскерінен өлідей айырылып, 20 мындайы тұқындалған.

Өкінішке қарай қарлықтардың Атлах шайқасындағы рөлі деректерде белглі болса да, 1996 жылы шыкқан Қазақстан тарихының төрт томдык академиялық басылымында айтылмай кеткен.
Қазіргі жазылып жаткан көптомдықтарда бұл жағдаи ескерілуі тиіс деген пікірдеміз. Өйткені,Атлах шайқасының ортағасырлық дәуірдегі Орталық Азия мемлекеттері мен халықтарының саяси және мәдсии тарихында өте маңызды орын алады. Осы шайқастан кейін Қытай империясы өзінің Орталық Азия аумағында белсенді геосаяси мүдделерінен бірнеше жұзжылдықтар бойы бас тартуга тура келді.

Онын есесіне араб-мұсылман өркениеті орынғып аймақта құралғаннан кейінгі хандықтардың тағдыр-талайында өшпес із қалдырды. VІІІ-Х ғасырлар аралығында қарлық рутайпалары Жоңғар Алатауынан Сырдарияның орта ағысына, Балқаштан Ыстықкөлге дейін Іле, Шу, Талас өзендерінің жазықтарында, Хантәңірінің етегінде, Исфиджабтан (Сайрам) Отырарға дейіңгі аралықта, яғни X ғасырдағы араб географы ибн Хаукалдың айтуынша шығысынан батысына дейін жүріп өту үшін 30 күн керек болган.
Қарлықтардың этностық даму үрдісі Қарахандар әулетіне ұласуға дейін үш кезеңнен өткені байқалады. Бірінші, VII- VIII ғасырларда үш тайпадан құралған «үш қарлық» бірлестігі атауымен Түрік қағанаты үстемдігіне қарсы күресушілердің бірі болды. Бұл кезде қарлық кұрамына бұлақ, шігіл және ташлы тайпалары кіргені белгілі. Екінші VIII ғасырдың ортасынан бастап қарлықгар батысқа жылжып, бұрынғы «Он оқ» елі мен түргештердің арғу жэне тухси рутайпаларын біріктіріп, конфедераңия құрады. Осы кезеңде қарлық бірлестігінің кұрамында тоғыз ру-тайпалық топ болғаны мәлім. Үшінші, ІХ-ХІ ғасырларда қарлық конфедераңиясындағы тайпалар өзара аралас орналаскан шігіл, оғыз, яғма, тухси жэне соғдылармен үздіксіз этносаяси және шаруашылық тұрғыдан қарым-қатынаста болды.
Қарахандар мемлекетінің пайда болуы туралы казіргі тарихнама бұрынғы Кеңес дәуірінің идеологиялық сарынынан арыла қойған жоқ. Оның бірден-бір көрінісі біздің мемлекеттілігіміздің тарихын әлі де үзік-үзік етіп көрсету. Оның «ортақ сценарийі»: ортағасырлық түркі дәуіріндегі мемлекеттер тарихын жазғанда бәрі де құлап, жойылып, оның орнына басқа мемлекеітер найдаболады. Олардың бір-бірімен жалгасып, эволюциялык даму үрдісінде болгандығына көңіл ау-дарылмайды. Бұл жағдай Қарахандар мемлекетінің пайда болуы туралы тарихнамада да керініс береді. Әдетте қалыптаскан тарихнамада Қарлық мемлекеті 940 жылы Қашғардың түрік билеушілерінің Баласағұнды басып алуына байланысты құладыогра ханның Баласағұн билеушісін құлатып, езін қаған ретінде жариялағанынан басталады деп көрсетеді.
Шын мәнісінде, былай болған еді: 840 жылы қарлықтардың жабғуы, Испиджабты билеуші Білге Күл Қадыр Қара хан қаган атағын алып, халыққа жария еттгі. Міне, осы кезден бастап қарлық мемлекетін билеушілер өздерін Қара хан эулетіненбіз деп санай бастады. Бұл 840 жыл. Ал дәстүрлі тарихнамада Қарахандар әулетін Сатук Абд ал-Керимнін исламды қабылдап, қаған ретінде езін жариялануынан бастайды. Қайсысы дұрыс? Біздінше, Қарахандар әулетінің билігін 840 жылдан, яғни Білге Күл Қадыр Қара хан қағаннан бастаған тарихи әділдік болар еді. Өйткені, алғашқысы мен кейінгісінің арасындағы айырмашылық тек ислам дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдаудағана. Дінді қабылдау бүтіндей мемлекетті оның басқару институттарын түбірімен өзгертеді деген тұжырым тудырмауы керек. Білге Күл Қадыр Қара хан өлгеинен кейін қағанаттағы билік оның екі баласының қолына көшті: Базыр Арслан-хан - Баласағұнды, ал Оғүлшақ Қадыр хан Таразды билей бастады.
Таразды саманилік Исмаил ибн Ахмад басын алғаннан кейін (893 ж.) Огүдшақ Қашгарға кeтуге мәжбүр болды. 904 жылы ол Саманилер иелігіне шабуыл жасады. Оғұлшақтың немере інісі Сатұқ Боғра хан (915-955) Қарахандардың мұсылмандық әулетінің негізін салушы болды. Бұл жерде ерекше қойтын жағдай тарихг намада каііыгітасқандай Сатұқ Боғра хан' жаііпы Қарахан әулетінің негізін салушы емес, оның тек мұсылмандық бағыгын бастаушы ретінде қарастыру керек.
Кезінде орыс ғалымы В. Григорьев хандарда «қара» атағы болуына байланысты «Қараханидтер мемлекеті» деп, тарихи еңбектерде бұл атауды орнықтырды. Алайда оның тек шартты атау екендігі белгілі. Қарахандар мемлекетінің құрылуы мэселесінде та-лас пікірлер элі голастаған жоқ. Осы мәселені анықтау үшін әуелі «қара» атағы мен «Қарахандар әулетінің» пайда болу жэне оның тарих сахнасына шығу мәселелеріне тоқталу қажет. «Қара хан» титулын алғаш түркілер хандығында Бумын (Момын) қағанның үшінші ұлы Тобо (Тобық) хан (572-581 жж.) алған еді. Ол өте батыл да ержүрек жэне дипломатиялық шеберлігі зор, қытайға да салық телеткен, түркілер мемлекетінің территориясын батысында да жэне шығысында да мейлінше ұлғайтып, Сасанидтік Иран мен Византия импе-риясымен дэрежесін тец ұстаған хан еді. Қытай транскрипциясы негізінде Л.Н.Гумилев бұл ханның түркі тіліндегі атын «табақ», аңдық стилінде «Арсила» (Арыстан) екенін анықтаған. Қазак тілінде де «тобық» ~ «табак», (орысша-да да «чаша»- -«лодыжка» - «табақ») мағынасын береді.

Ол кезде Тобо хан буддизмді қабылдагі, осы діннің дәстүрі бойынша колына табақ және жуан таяқ ұстаған. Қазақ шежіресінде де бұл жағдай керініс берген. Мысалы Арғын шежіресінде Момын (Бумын) анадан туған тобықты - «жуан гаяқ тобықты» деп аталған. Византиялык тарихшы Менандр да Тобо ханды аңдық стилінде «Арсила», яғни «Арыстан» атауымен жазған.
IX ғасырдың жартысы мен X ғасыр-да қарлық «жабғуы» атауының ор-нына «қара» атағы қолданылды. Бұл қарлықтардың ежелгі түркілердің саяси билік мұрасын ез қолына алуын білдіргендігі болатын. Бұл — Білге Күл Қадырханның езін Қара қаған деп жариялау уақытымен сәйкес келеді. Қарлык-гардың астанасы болып табылатын Бала-сағұнда билеушілердің тұратын жері - «Қара Орда» немесе «Күз Орда» деп аталды. Орда орналасқан тауға қарап, карлыкгар: «Мұнда барлығынан жоғары иеміз гұрады, біздің бұл сезімізден құдай сақтасын» деп жалбарынатын болған.
Бұл ретте ал-Масудидің мына сездерін келтірген орынды: «Хакандардың хака-ны солардан (қарлықтардан) болды, ол түріктердің басты мемлекеттерін және олардың патшаларын өз қоластына багындырды. Афрасиаб аг-Түркі де осы хакандардан шықты ..., Шана (яғни Ашна) да солардан (қарлықтардан) болды».
Ортағасырлық тарихшы Жамал Карши қарахандардың мұсылмандық әулетін кұрушы Сатук Абд ал-Керимнің атасы қарлық қағаны Білге Күл Қадыр хан бол-ды деп жазады.
IX ғасырдың ортасына қарай Қарлықтардың тарих сахнасына шығуынан бастап, олардың Орталық Азияда саяси үстемдікке қол жеткізуі мен моңғол шапқыншылығына дейінгі тарихын зерттеудің қазіргі гүркітілдес халықтар үшін маңызы зор. Қарлықтардың ру-тайпалық одақтарынан құрылған хандық мемлекет Қарахандар әулетінің хандықтарын құруда басты рөл атқара отырып, моңғол шапқыншылығын кейінгі дәрде қазақ хандықтардың сонын ішінде Қазақ хандығының да қалыптасуына зор ықпал етті.
Қарахандар әулеті тұсындағы қарлык көшгіелілерінің отырықшылығы жоғары дамыған аудандардаи(жайылы мдардын тарылуына байланысты) белініп шығып. өздерінің жекелеген еркін иеліктерін құруы да кейін қазақ, қырғыз, езбек хандықтарының пайда болуын тездет-кен үрдіс ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қазақ халқыныг шығу тегі мен оның этногенетикалык ироцестерімен тығыз байланысты қарлық-тар мен Қарахандар әулетінің дәуір Қазақстан тарихының элі жете зерттеліне қоймаған кезеңімен сәйкес келуі, бұл тақырыптың өзектілігін керсетеді.

Әлеуметтік-саяси шиеленістердіг негізгі себептері жэне жекелеген Қарлық хандықтарының белініп шығуы. Ось уақытқа дейшгі тарихнамада көшпенділеі: мен отырықшылдардыц қатынасы мәселесінде езара ықпалдастығы біршамі жақсы зерттелгенімен, олардың әлеуметтік экономикалық дамудың бір кезеніде бір-бірінен алшақтауы немес бөлінуі мәселесіне жэне оның себептеріш жеткілікті мән беріле қойған жоқ. Бұг мәселені дұрыс қойып, оны шешу қазірде қазақтар және олардың ата-бабаларыныі таза кешпенділер болды ма немесе жартылай көшпенді болды ма деген сұраққ; түпкілікті жауап беруге көмектеседі.

Бұл проблеманы шешудің жолын Қараханда мемлекетінің әлеуметтік-саяси тарихы мысалында анық керуге болады. Қарахандаі әулеті құрған мемлекеттің кұрамынді болған кешпелілігі басым қарлық, оғы: РУ-тайпаларының (кейін қазақ, езбек түрікмен жэне қырғыз халықтары меі хандықгарын қалыптастырған) өздеріні елдік болмысы мен тыныс-тіршілігіі және еркіндігін сақтап қалу үшін үнем күрес жағдайында болды. Қарахандаі әулетінің екіге белінуі, олардың үнем таққа талас-тартыстары, оның үстін селжұқтардың кетеріліп, билік басы на келуі кешпелі түркі ру-тайпаларь кұрған ел іргесіне үлкен қауіп тендірді Қарахандар, одан кейін селжұқгар құрғаі иеліктің билеушілері әскерінің бір беліг осы кешпелі түркі ру-тайпаларының конфедерациясынан жасақталған болатын қызметі және төлеген салықтары (белгілі мөлшерде мал басы) үшін оларға жайылымға жэне басқа шаруашылықтаі жүргізуге жер берілді. Бірақ қарахандаі мен селжұқтар әулеттерінің үнемі саяси талас-тартыстары кешпелілердің әскері кызметтегілері мен дәстүрлі шаруашылығына кеп зардаптарын тигізді. Әдетге осьі кезенді зерттеушілердің назарынд. қарахандар мен селжұқтар әулеттерінің саяси күрестері болады да, саяси оқиғалардың себегі-салдарына белгілі бір дәрежеде ықпал еткен әлеуметтік-экономиканын факторға байланысты шешу рөл атқарған кешпелі түркі рутайпаларының іс-әрекегтері тыс қалады. Сондықтан да бұл мәселені ортағасырлық көшпенділер мен отырықшылдықтың арақатынасы тарихының «ақтандағы» десе болды.

 

Бізге белгілі, кешпелі шаруашылыі жалпы мемлекеттегі қалалары гулденуіне сауда-саттықтын дамуына сол кезд «Ұлы Жібек» жолының бұрынғыдай өркениеттік рөлін қамтамасыз етуіне үздіксіз үлес қосып отырды. Сонымен қоса, көшпелілердің жан басы мен мал басы өсіп, бұрынғы бөлініп берілген жерлер таршылық етіп, жайылымды кеңейту қажет болды. Мұның өзі сол кездегі отырықшылдықтағы жер иелену қатынастарын барынша дамытқан қарахандар мен селжұқтар әулеітерінің билеушілерінің ісі саяси-әлеуметтік қайшылықтарға, тіпті тікелей әскери-соғыс қақтығыстарына әкеліп соқтырды.

Ол аздай мемлекет билеушілерінің көшпелілермен мұндай қайшылықтарды дұрыс жолмен шеше алмауы сол мемлекеттің ақыр аяғында күйреуіне әкелетіні белгілі. Дәл осы жағдай селжұқ билеушілері мен көшпелілігі басым оғыз-қарлық ру-тайпалары арасында туындаған саяси-әлеуметтік қарама-қайшылықтарды туындатты.

Енді осыны сол кезендегі тарихи оқиғалар мен нақтылы деректер негізінде қарастырып көрелік.
Мысалы, қилы заманды басынан кешірген оғыздардың тағдырталайы Қорқыт ата кітабындағы «Басаттың Тебекөзді өлтірген эңгімесінің баянында» көрініс беретінін айта кеткен жөн.

Әңгіме сюжеті Қиян Селжұқтың інісі Басаттың Төбекөзді жеңіп, оғыздар мерейін үстем егкені туралы оқиғалардан құрылған. Алғашында оғыздар ішінен шыққан селжұқтар кейін империялық мемлекет құрған Санжар сұлтан ез билігінің соңғы кезеңінде оғыз-қарлық конфедераңиясындағы көшпелі ру-тайпапарға қатты қысымшылық (салық мөлшерінің шектен тыс ұлғаюы көрсетті. Қорқыт ата кітабындағы Тебекез тұлғасы сол кезде селжұқгар империясын басқарған сұлтан Санжар болуы кэдік. Оғыздар агынан Қорқьгг ата Тобекезге барыгі, салық мелшерін азайгуға келісім жасасуға тырысады

. Салық түрі жазба деректердегідей мал басымен (қой) белгіленген. Сонымен қатар, жазба деректерден бір артыкшылығы Қорқыт ата кітабында көшпелілердің сұлтан әскеріне ер адамды беру міндеткерлігі де аталған. Кітап сюжетінде: «жайылымына оғыз елін қондырмады», «оғыздарға салық салды», билеушілерге «төрт ұлы бары бірін берді, үшеуі қалды. Үш ұлы бары бірін берді, екеуі қалды» деген деректер кездеседі. Санжар сұлтанның жанындағы әскердің дені көшпелі оғыз-қарлықтардан құралғанын жазба деректерден белесі онда белгілі бір мөлшерде ер адам басын сұлтан әскерінің қатарына беру көшпелілерге де міндеттелінгенін байқауға болады.
Көптеген жазба деректерде Санжар сұлтан оғыз-қарлық конфедерациясындағы көшпел рутайпаларды Қорқыт пен Тути Ауғанстан және Орха Азияға саяхат жасаған Вениамин Тудельскийдің қолжазбасында жақсы көрсетілген. В Түдель скийдің саяхатнамасында Санжар сұлтан орсан зор қолымен шешуші шайқасқа бірден түспегені де айтылады.
В. Тудельскийдің жазбалары өткен ғасырдың 30-жылдарында-ақ Батыс Еуропа тарихнамасының айналымына енгенімен әлі де зерттеушілер назарына толық ілінбегендігін айта кету керек. Оғыз-қарлық конфедерациясындағы көшпелі ру-тайпалар мен селжұқ сұлтаны Санжар арасындағы қанқүйлы оқиғалардан қөшпелілердің еркіндік пен тәуелсіздігі және елдігін сақтап қалудағы жанкешті күресі көрініс береді.

Мүндай жағдай ел есінде елеусіз қалмағаны жен секілді. Сондықтан да ол Қоркыт Ата кітабының бір жыры болып қалған. Мүның өзі тарихта әлденеше рет қайталанғанындай, көшпелілердің басты мұраты - мәңгі ел, мэңгілік еркіндік пен тәуелсіздік болып қала беретіндігін тағы да айшықтады.
Сонымен, жоғарыда айтылғандардан шығатын қорытынды, көшпелілер мен отырықшылдығы аралас ортағасырлық мемлекетте қоғамның белгілі бір дамыған кезеңінде жер иеленуші болды. Бұған қоса отырықшыл қауым мен мал шаруашыльнымен айналысатын көшпелілер арасында жер үшін бәсекелес-тіктуындаған.

Егер мемлекеіті басқарушылар бұл мәселені дұрыс шеше алмаса бәсекелестіктің арты саяси кақтығыстарга ұласып, мемлекеттің әлсіреуіне және аталған шаруашылык түрлері-мен айналысушылардың бір-бірінен бөлінуіне алып келері сөзсіз. Дэл осын-дай жағдай Қарахандар мемлекетінде орын алып, көшпелілігі басым рулардың бөлінуіне, сөйтіп, олардың өздерінің тәуелсіз хандыктарының пайда болуына алып келді. Нәтижесінде, Шыңғыс хан жорығының алдында Қарахандар мемлекетінен бөлініп шыккан, негізінен жартылай көшпелі карлықтардан тұратын Қаялық (Қойлық), Хазар-қарлык және Алмалық-қарлық хандықтары пайда болған еді.

Алайда, бұл хандықтардың өзіндік тарихнамасы болмағандықтан және деректері тапшылықтың әсерінен тарихта «ақ таңдак» ретінде қалып отыр. Онын бер жағында осы кезде басталған Шыңғыс ханның жорықтарына байланысты Орталық Азия «сендей соғылысқан» заманды бастан кешірген болатын. Осындай жағдайлар Қазақ хандығының құрылуына әкелді. Егер Шыңғыс хан жорығы кедергі келтірмегеиде Қазақ хандыгы бұдан ерте шаңырақ кетерер ме еді?

Сатай Сыздықов
Л.Н. Гумилев атындағы УҰУ профессоры.


//Егемен  Қазақстан. -2015. -5ақпан. -5бет.

 


 

Возможно вам будет интересно

Тәуелсіздік шежіресі. 1995 жыл

Тәуелсіздік шежіресі. 1995 жыл

1 қаңтар — Қазақстан Республикасы азаматтарына жаңа төлқұжат пен жеке куәлік беріле бастады.Қаңтар —... Читать полностью.

Пискунова Ю., Праздник книги: Выездная выставка в г. Курган "Литературный небосклон Казахстана" // Северный Казахстан. - 2003. - 13 октября. - С. 2

Пискунова Ю., Праздник книги: Выездная выставка в г. Курган "Литературный небосклон Казахстана" // Северный Казахстан. - 2003. - 13 октября. - С. 2

Праздник книги В рамках Года Казахстана в России в г. Кургане прошла выставка книг «Литератур... Читать полностью.

2005 год

2005 год

 Январь. В целях стабилизации демографической ситуации в регионе, акимом области Таиром Мансуро... Читать полностью.