Религия

Сортировка записей:
Поиск по ключевому слову "К" (совпадений: 1) Отменить поиск
Көк мешітті күмбірлеткен имам еді..
  • Автор: Шамсутдинов М.
  • Библиографическое описание: Шамсутдинов М. «Көк мешітті күмбірлеткен имам еді..». / М. Шамсутдинов. // Алматы, Нур-Принт, 2013 - 136 бет.
  • Аннотация:

     Кітап Петропавл қалалық мешітінің имамы, он жылдан астам Солтүстік Қазақстан облыстық мұсылман діни қоғамын басқарған Хасен Шамсутдинұлына арналғанымен, кітаптан имамның өмір сүрген ортасы, Солтүстік Қазақстан өңіріндегі ислам діні тарихынан мол мағлұмат алуға болады. Оны баспаға даярлағап азаматтар ҚР Орталық мемлекеттік мұрағат қорларынан, Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекет мұрағатынан көптеген фактілік материалдарды айналымға тартқан.
    Кітапта берілген материалдармен таныса отырып одан Петропавл қаласындағы 9 мешіт жөнінде тәп-тәуір фактілік мәліметтер алуға болады. Мәселен, қаладағы №2 "Қасым мешіті" 1795-1831 жылдары Тронцкі қаласының көпесі Ахуан Янушев және Қасымов уезінен (Ресей) келген Қасымовтар қаржысына салынған екен. 1926 жылы бұл мешіт жергілікті кеңестік биліктің шешімімен алдымен темекі фабрикасына, кейіннен балық зауытына беріледі. 1991 жылы мешіт ғимараты қайтадан ғибадатқана есебінде қайтарылғанымен, пайдалануға жарамағандықтан бүгін ол көлік жөндеу станциясына айналған.
    Жинақтың 67-74 беттерінде 1930-1937 жылдары "халық жауы" ретінде танылып, репрессия құрбаны болған дін қызметкерлерінің (24 адам) тізімі беріледі. Тізім орынды берілген. Өйткені ол болашақ зерттеушілер үшін өте пайдалы материал болмақ.
    Қорыта айтканда, кітап еліміздегі дін тарихын неғұрлым кең әрі терең түсінуге қызмет жасайтын еңбек. Сондықтан да оны баспадан шығару әбден сауапты іс болмақ.

  • Читать полностью (26)
  • Предоставлено: С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана
  • Подробнее...