Жүрекке жылылық ұялатқан жыл

  Биылғы жыл көпұлтты Қазақстан халқы үішін айрықша қуаныш пен кұрмет сезімінің сәулелерімен нұрланып басталды дегім келеді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялады. Бұл беделді коғамдық ұйымның өзі құрылган 20 жылдық белесте атқарган қыруар жұмыстарына берілген жогары баға және ертеңгі ерен істердің жауапкерішлігін алга тартқан пайым скендіі ін білеміз.  

Өйткені, тәуелсіз еліміз үнемі биік мақссаттар жетегімен үлкен жетістіктерге жетіп келеді. «Керінген таудың алыстығы жок» дегендей, «Мәңгілік Елдің» кірпіштеріқалана бастады. Бұл орайда Қазақстан халқы Ассамблеясы ынтымақты туын биік үсгайгыны кәміл.

Сол абыройлы санта Ақмола облыстық «Истоки» славян мәдени-ағарту бірлестігі де озіндік үлесін қосатыны анық.

Біздің коғамдык бірлестігіміз 1991 жылы құрылып, қазіргі танда славян халықтарының салт-дәстүрі мен мәдениетінің жаңғы-руына айтарлықтай үлес қосып отыр. Бірлестік - Қазақстан Тәуелсіздігінің құрдасы. Осының өзі орталықтың елмен бірге барлық сындарлы өткелдер мен сынақты кезеңдерді бастан кешірім, ортақ Отанымыздың гүлденуіне үлес қосқандығын аңғартады әрі толғанысты сезімге бөлейді.

Тәуелсіз мемлекетіміз қысқа мерзімде көп ұлттылығымен қоса, бірлігі жарасқан, құт-берекесі мойлаған ел ретінде әлем назарына ілікті.
Бұл Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ұстанып отырған салиқалы саясаты мен тұңғыш рет Қазақстан халқы Ассамблеясын құрғандағы көрегендігінің жемісі деуіміз керек. Қоғамымыздың басты кұжаты — Президенттің дәстүрлі Жолдаулары халықтар достығы мен өзара түсіністікті нығайту ұранымен басталатыны, бұл бағытта кең көлемді жұмыстар жүргізілетіні әр шаңырақтың шаттық нұры деп есептейміз. Сондықтан, облысымыздағы 41 эгномәдени бірлестіктің барлығы өзіне жүктелген міндеттерді жоғары жауапкершілікпен орындап, Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың сенімін ақтауға күш салатыны анық.
Бірлестігімізді Көкшетау қаласының құрметті азаматы Зинаида Санчило 15 жыл бойы басқарып, жемісті ізін калдырды. Өзіміз де жас кезімізден бірлестік жұмысына араласқандықтан, ең басты құндылығымыз - ұлтты ұйыстырушы қазақ халқымен бауырмалдылық карым-қатынасты, достық түсіністікті нығайтуды бірінші кезектегі парыз санаймыз. Біздің ғана емес, обылысымыздын мекендейтін барлық этонстық тағдырдын қазақ халқынын кенқолдық кеңқолдық көнілді мен тап- таза ықылас пейілі айрықша орын алды.

Бізде «Орыс әні» халықтық ән-би ансамблі, «Злато» жастар вокалдық ансамблі мен өзім жетекшілік ететін «Юность Синегорья», «Улыбка» үлгілі ансамбльдері, басқа да мүдделер бойынша мүдделер жұмыс істесе, кез келген көпшілік шарамыз казақ халкының мәртебесін көтерумен байланыстырыла жүргізіледі. Бірлетігімміздің «Адам жэне оның тағдыры», «Жұлдыздар жұлдызды жағады», «Әлем бала көзімен», «Әзіліміз жарасса», балаларға арналған «Жол қозғалысы белғілері әлемінде» атты іс-шараларына қазақ, татар, украин, поляк, чешен-ингуш, тағы басқа ұлттың өкілдері қатысты. Өз кезегінде, біздің концерттік бағдарламаларымыз өзге ұлт өкілдерінің ән-билерімен жарасымды өрнектелетінін айтқым келеді.

Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өңірімізге әрбір сапары ортақ мерекеге айналып кете баратыны бар. Былтырғы жазда Президентіміз Көкшетау қаласындағы жаңа «Достық үйінің» ашылу салтанатына қатысты.
Емен-жарқын әңгіме құрып, ән шырқадық. Осының өзі баршамыздың жүрегімізге жігер құяды, болашағымыздың жарқындығын айшықтай түседі
Біздің ортақ үйімізде ұлттық, діни салт-дәстүрлер мен мерекелер де ортақ.

Біз осындай қызықты да қуанышты күндерде, тағылымды шараларда әрқашан біргеміз. Біртұтас Қазақстанымыз жайнап жасарып, жасампаздық белестерден көріне бергей.
Галина Булычева,<<Истоки>> славян мәдениағарту бірлестігін төрайымы .

Ақмола облысы.


//Егемен Қазақстан.-2015.-3ақпан.-2бет.

 

Возможно вам будет интересно

Носить Казахстан в своем сердце: [Международная конференция "Казахстанский путь: Единство. Патриотизм. Реформы"]

Носить Казахстан в своем сердце: [Международная конференция "Казахстанский путь: Единство. Патриотизм. Реформы"]

 В Астане Мажилис Парламента провел Международную конференцию "Казахстанский путь: Единств... Читать полностью.

Муканов К. Дружба на всю жизнь: [Шокан Уалиханов и Григорий Потанин] // Северный Казахстан. - 2005. - 3 окт. - С. 5

Муканов К. Дружба на всю жизнь: [Шокан Уалиханов и Григорий Потанин] // Северный Казахстан. - 2005. - 3 окт. - С. 5

ДРУЖБА НА ВСЮ ЖИЗНЬ Наши замечательные земляки Шокан Уалиханов и Григорий Потанин были ровесникам... Читать полностью.

А рельсы вели на юг

А рельсы вели на юг

Пользуясь современными благами цивилизации, мы даже не задумываемся, что жизнь без электричества, ав... Читать полностью.