Ыстық мекен

                                                                                 Ыстық мекен

Қазақстан тәуелсіздігінің алгашқы мерейтойын біз Алматыда қарсы алдық.  

Онда он адамнан қуралган солтүстікқазақстандық делегация өкілдері республикамыздың сол кездегі астанасына форумга барган едік.

Соны қарсаңында Нұрсултан Әбішулы Назарбаевтың ұсынысымен "1992 жылгы 13-15 желтоқсан аралыгында Қазақстанда турып жатқан түрлі улт өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы халқының форумын өткізу туралы" қаулы қабылданган болатын.
Тоқсаныншы жылдардың басы Қазақстан үшін ең бір қиын кезең болды.

Ол кезде өзінің тәуелсіздігін енді ғана алған еліміздің алдында тұрған басты міндет қолда бармен күнелту еді. Кеңес одағының ыдырауы тұсында саяси қауіп оты өршіп, халықтар арасындағы алауыздық шиеленісе бастағандықтан, бұрынғы КСРО азаматтары алдында "Не істеу керек? Қайда қашу керек?" деген сұрақтар кескестеп шықты. Бұл өте қауіпті үрдіс болатын.

Құлдыраған экономика, энергетикалық дағдарыс пен қаржының жоқтығы, оның үстіне кеден, шекара, жаңа азаматтық деген түсініксіз жайттар адамдарды әбігерге түсірді. Ол, әсіресе, солтүстікте айрықш Ресеймен шектес еді.

Көпшілікті толғандырған мәселелердің бірі -этносаралық қатынастар. Осыған байланысты түрлі митингілер де ұйымдастырыла бастады.

Петропавлда ол кезде бірнеше ұлттық-мәдени орталық құрылған болатын. Сондықтан біз штаб ретінде өз диаспораларымызбен жұмыс жүргізуге кірістік. Олардың бірі тарихи Отандарына қайтқысы келетіндерге жәрдемдессе, енді бірі жерлестерінің жаңа жағдайға созды

Қаланың орталық алаңда-рында ұйымдастырылған митин-гілер түрлі бейберекетсіздіктерге үгіттеуге бағытталды. Сондай жиындардың бірінде орыс қауым-дастығының жетекшісі, музыкант Владимир Максимович Кардашов алаңға жиналғандар алдында сөз алып, езінің биязы үнімен:
Қайырымды жандар, сіздер не істеп жатырсыздар? Бұл жер біздің Отанымыз, сіздермен осы жерде қанша жыл бірге тұрдық, - десе, кәрістердің ұлттық-мәдени орта-лығының жетекшісі, профессор Феликс Апексеевич Сим 1937 жылдың қысында өзінің және жүз-ден астам кәрістердің отбасын Қиыр Шығыстан жер аударып, қазақ жеріне, оның ішінде Петропавл маңына әкеліп тастаған-дығын айтып, оларға жергілікті халықтың көрсеткен көмегін тілге тиек етті. Сол сәтте дүрліккен бұқара сап тыйылып, олардың жүріп өткен жолдарын көз алда-рынан өткізгендей болды.

1992 жылдың желтоқсаны. Алматыдағы Спорт сарайына түр-лі салада еңбек етіп жүрген қайрат-керлер, зиялы қауым, ғалымдар, депутаттар, түрлі ұлт өкілдерінен құралған мемлекеттік қызмет-шілер, діни конфессия мен ұлттық-мәдени орталықтардың жетекші-лері жиналды. Бұл ел халқының басын қосып өткізген ең алғашқы үлкен кеңес болатын.

Онда Прези-дентіміз адамдардың пікірлерін тыңдап, кеңіл күйлерін бағамдап, көпэтносты мемлекетіміздегі тұрақтылықты сақтап, болашаққа жоспар әзірлеуді кездеді. Кеңес одағы ыдыраған тұста Балтық жағалауындағы елдер мен Кав-казда ұлтаралық шиеленістер басталып, оның өзге өңірлерде де белең алу қаупі туындады.
Кеңес барысында еткір де қызу пікірталастар болғандығы күні бүгінге дейін есімде. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бәрін байыппен талдап, жиынға қатысушы-ларға олардың әрқайсысы бойынша нақты шешім қабылдауда ортақ көзқарас болуы керектігін түсіндірді. Кеңесте сөз алғандардың ойларын қорыта келе

Президент өтпелі кезеңнің қиындығына тоқталып, болашақтағы жоспарларын да ортаға салды.
Елдегі ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты сақтау үшін бірігу идеясы пайда болды. Қазақстан халқы Ассамблеясын құру шешімі де 1992 жылы өткен форумда қабылданды. Сол кездерді Нұр-сұлтан Әбішұлы: "Ол кез еліміздің ертеңін айқындайтын, нақты ше-шім қабылдайтын жылдар бола-тын, қандай да бір шалыс қадам жасау ел дамуының бүкіл траекториясын түбегейлі өзгертуі ғажап емес еді", - деп еске алады 1995 жылы наурызында Алматыдағы Үкімет үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының алғашқы сессиясы өтті. Оған ұлттық-мә-дени орталықтардың жетекшілері мен еліміздіңзиялы қауым өкілдері шақырылды. Басты тақырып "Ортақ үйіміздегі келісім мен бейбітшілік ушін" деп аталды.

Солтүстік Қазақстан облысының делегациясы құрамында "Қазақ тілі" қоғамынан Қ.Омаров, кәрістердің ұлттық-мәдени орталыгынан -Ф.Сим, "Лад" қоғамынан В.Кар-«эшпн . я.чірбайжан ұлттык-мәдени орталығынан - К.Гусейнов, армян ұлттық-мәдени орталығынан - Р.Аракелов, неміс ұлттық-мәдени орталығынан  .Шутяева, татар-башқұрт ұлттық-мәдени орталығынан осы жолдар-дың авторы барса, делегацияны Солтүстік Қазақстан облысы кіші ассамблеясының жетекшісі В.Маслаковбасқарды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының бірінші және одан кейінгі сессияларында мемлекеттік тілмен қатар, елімізді мекендеген өзге халықтардың да тілдерін дамыту, адамдарды патриотизм мен интернационализмге тәрбиелеу, Қазақстан Конституциясы-ның алғашқы жобасын талқылау секілді маңызды мәселелер қарастырылды. Ассамблея мүше-лері сессияға Қазақстан Респуб-ликасы Президенті жанындағы консультативтік кеңес құқығымен қатысты. Әр сессия соңында республикадағы барлық этностық топтардың мүдделері ескерілетін құжаттар қабылданып отырылды.

1995 жыл. Елде тағы да қиын жағдай. Энергетикалық дағдарыс, жарық жоқ, кәсіпорындардың барлығы тоқтады. Петропавлда қорғаныс саласындағы зауыт-тардың жабылуынан отбасыларын асырап отырған он мыңнан астам адам жұмыссыз қалды. Әр жерде түрлі митингілер ұйымдастырылып жатты. 1995 жылы Қазақстан халқын құжаттандыру басталып, тұрғындар алдында азаматтықты таңдау құқығы тұрды.

Нұрсұлтан Назарбаев өзінің "XXI ғасыр тоғысында" атты кітабында: "Біздің тарихымыздың қиын кезеңінде Ассамблея шы-найы халық өкілділнің ұйтқысы бола білді. Ол елдің саяси, әлеуметтік, экономикалық жаңғыруы жолында күрделі мәселелерді шешуде басты рөлге ие барлық ұлттарды топтастырудың қоғамдық органы ретінде құрылды", -депжазды.

Қазақстан ұлтаралық тығыс орын алған жоқ. Себебі, адамдардың этностық ұстаным бойынша бөлінуінің алдын алу үшін барынша жағдай жасалды. Бұл ретте посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттердің көбінде мұндай олқылықтар орын алып жатты. Елімізде өңір басшыларына, депутаттарға, қоғам қайраткерлері мен Ассамблея өкілдеріне үлкен жауапкершілікжүктелді. Халықтың көңіл күйі мен ертеңге деген сенімі біздердің әр қимылымыз бен әр сөзімізге тікелей байланысты болды.

Бәрін жаңадан бастадық. "Дінге жүгіну, тарихқа үңілу, әр этностың мәдениеті - тек іргетас қана емес, түрлі этностардың бірлесіп емір сүруінің философиясы. Қазақтардың қонақжайлылығы, немістердің дәлдігі, кавказдықтардың қарттарға бас июі, еврейлердің білімділігі. Біз осылардың бәрін бір-бірімізден үйренуді өзімізге мақсат еттік.

Маған біздің "Сабантой" мерекемізге жас-кәрісіне, ұлтына қарамастан, халықгың көптеп жиналып, ез шеберліктерін танытуы, татарлардың ойындарына етене араласулары қатты ұнайды. Мұндағы басты қасиет -адам-гершілік, бір-бірлерімен сыйластықта өмір сүру.
2001 жылы жаңа елордамыз Астанада тәуелсіздігіміздің он жылдығын атап өтердің алдында Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы етті. Жиынның негізгі бөлігінен соң Ассамблеяның кептеген өкілдеріне мерейтойлық медальдар табысталды. Олардың қатарында мен де болдым. Кешкісін Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен арнайы фуршет ұйымдастырылды.
Әр сессиядағы басты тақырып халық бірлігін нығайту, елдің қауіпсіздігі мен одан әрі дамуы төңірегінде әңгіме өрбіді. Ассам-блея өзінің құрылған күнінен бас-тап негізгі міндеттерін толығымен атқарып, Қазақстанның жаңа жағдайда қарқынды дамуына мүмкін-діктер туғызуда. Қазақстан халқы Ассамблеясының тәжірибесі бугінде шетелдерге де кеңінен танымал.

Астанаға Қазақстан халқы Ас-самблеясының 15-ші сессиясына келгенім ойыма оралады. Қалып-тасқан дәстүр бойынша сессия жұмысы басталғанға дейін делегацияларды басшылар қарсы алып, біз жаңа астананың за-манауи құрылыстарымен танысу мүмкіндігіне ие болдық. Бас қа-ланы әр кез аралаған сайын сәулет кешендеріне, сарайларға мұражайларға иларға, стадиондарға, саябақтарға таңданысым басылмады.

2010 жылы солтүстікқазақстандық делегация өкілдері үшін айрықша болды. Біз "АЛЖИРҒА" жол тарттық. Жоқ, бұл солтүстік Африкадағы мемлекет емес, бұрынғы Ақмола қаласынан таяқ тастам жерде, мидай жазық далада, желдің өтінде салынған "Отанын сатқандардың әйелдерінің Ақмола лагері". "АЛЖИРДЫҢ" атауы осы.

Өз халқымен күрес үшін мұны 1937 жылы сол кездегі билік басындағылар ойлап тапқан. Одан бері 70 жыл өтті, алайда сол шақтағы жазықсыз адамдарды қанау, қинау картиналары көз алдымыздан өткендей болды. Сондықтан да болар, жол бойы бізді бір унсіздік биледі. Осы-лайша лагерь орнапасқан жерге де келіп жеттік. Бұрынғы Ақ-моланың орнында қазір Қазақ-станның бас қаласы Астана бой көтерсе, бұрынғы лагерь орна-ласқан жер де бүгінде адам танымастай болып өзгергендігіне көз жеткіздік.
¥зақ жылдар бойы тележурналист болғандықтан, мен саяси қуғын-сүргін құрбандары жайлы материалдарды көп зерттеп, солақай саясаттың құрбаны бол-ғандардың балаларымен сұхбат-тасып, депортацияға ұшыраған-дар мен жер аударылғандар жайлы бірнеше циклдық хабарлар әзірлеген болатынмын. Алайда, мұнда көргеніміз ешкімді де бей-жай қалдырмады. Лагерьден тек жүк вагоны ғана қалыпты. Кезінде оған әйелдер мен балаларды тиеп, осында әкелген. Бұл жердегі барактардың барлығы тың игеру жылдары жермен-жексен етілсе де, 1926 жылы шығарылған бүл вагон еткенді еріксіз еске түсіреді.

Қырық адамға шақталған вагонға бір мезетте жетпіс адамға дейін тиепті кезінде.
Баға жетпес мұражайлық жәдігір.Ішіне бас сұқсаң уақыттан адасқан боласың. Ішінде жартылай бүк түскен әйелдің тұлыбы жатыр. Шыны көздерінен сол шақтағы қорлықты аңғарасың. Алайда, көргендерімді бейнетаспаға түсіруге жүрегім дауа-ламады. Экскурсиядан соң бізге аталмыш лагерьдің тұтқындары жайлы бейнефильм, фотосу-реттер мен мұражай экспозициялары көрсетілді. Артынан бізді қара мәрмәрдан тұрғызылған ұзын қабырғаға әкелді. Оған лагерьде болған тұтқын әйелдер мен олардың балаларының есімдері тасқа қашалып жазылыпты.
Қамауда болғандардың жалпы саны - 8 мың адам. Егер бұған Қарағанды лагерьлерінің тұтқын-дары, Петропавлдағы түрмеде қа-мауда болғандар, Кавказ, Батыс Украина, Поволжье, Қиыр Шы-ғыстан жер аударылғандарды қоссаң, қазақстандықтардың отба-сылық портретін көруге болады.
Сол кездегі Сталиннің солақай саясатының кесірінен түрлі ұлт өкілдеріне "халық жауы" деген жала жабылып, олар қазақ жеріне зорлықпен қоныс аударылды. Көзі тірілері қазақтардың сол кездегі бауырмалдығына ризашылық-тарын білдіріп жатса, енді бірі Қазақстанды өздерінің екінші Отаны деп есептейді. Себебі, олар осы жерде өсіп-өніп, тамыр жайды.
Бүгінде Қазақстан 130-дан астам этносқа ортақ мекен бола білді. Олар ондаған жылдар бір шаңырақ астында тату-тәтті күн кешіп.еңбекетуде.
Бұл ретте мен Президентіміздің командасында болғанымды мақтан тұтам. Біз өз өңірімізде бейбітшілікті сақтауға үлесімізді қостық, демек, онымыз көпұлттық еліміз үшін атқарылған міндет деп білемін.

Раиса Бикмухаметова Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы, Қазақстанның құрметті журналисі.


// Солтүстік Қазақстан.-2015. -27қантар. -4 бет.

Возможно вам будет интересно

Андреева, И. Чтобы жизнь повторилась сначала... - Петропавловск: ТОО "Северный Казахстан", 2019. - 188 с.

Андреева, И. Чтобы жизнь повторилась сначала... - Петропавловск: ТОО "Северный Казахстан", 2019. - 188 с.

 Читать книгу Читать полностью.

Соғысқа кеткен сәйгүліктер

Соғысқа кеткен сәйгүліктер

1941 жылы басталған соғыс салмағы майданға аттанған азаматтар мен олар... Читать полностью.

Шестериков В. Из лирики разных лет // Провинция. – 2010. - №3. – С.3-10

Шестериков В. Из лирики разных лет // Провинция. – 2010. - №3. – С.3-10

 Владимир Шестериков     ИЗ ЛИРИКИ РАЗНЫХ ЛЕТ   НА СТРЕМНИНЕ   ... Читать полностью.