Ынтымақ ,достық келісім Этносаралық бірлік - ел байлығы

    

 

   

 Міне, сол себепті де Нұрсұлтан Назарбаев ұлттык-мәдени бірлестіктердің жетекшілерімен кездесу кезінде осы мәселені күн тәртібіне шығарды. Бұдан кейіп 1995 жылдың наурыз айында Президент «Қазақстан халқы Ассамблеясын кұру туралы» Жарлыққа қол қойды.

Ассеамблеяның 1-ші сес-сиясы 24 наурызда өтті. Сол күннен бастап, ҚХА-ның барлык сессияларына бірлік, татулық, келісім ұғымдары өзек болуда. Қазіргі таңда біз сол кезеңнен бастау алған идеяны әлі де жалғастырып келеміз. Бұл идеяның құндылығы да, міне, осында», деді З.Саяпова.

Оның айтуынша, ҚХА алғашында Президент жанындағы кеңесші орган болса, 2007 жылы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар ені ізілгеннен кейін, сол бойынша Ассамблеяның Парламенттің 9 депутатын сайлайтын құқыққа ие болғанына тоқталды. «Демек, бүгінде ҚХА-ның конституциялық мәртебесі бар. Ассамблеяның негізгі қызметтерінің бірі ол этномәдени бірлестіктердің жұмысын үйлестіру.

Этномәдени бірлестіктер қоғамдағы келісім меп бірлікті дамытуға сеп болатын мүмкіндікке ие. Сондыктан, ҚХА-ның 20 жылдық даму тарихы қоғамдағы тұрақтылықты қамтамазсыз етуідің үлгісін көрсетіп берді», деді Мәжіліс депутаты.

Ал Шерзод Пулагов этномәдени бірлестіктердің қоғам өмірінде алар орнына баға бере келе, Астанадағы өзбек этномәдени бірлестігі, оның құрылу тарихы төңірегінде әңгімелеп берді.

«Біздің бірлестік 2007 жылы құрылды. Қазір ол 9,5 мыңнан астам өзбек ұлты өкілдерінің басын біріктіреді. Жалпы алғанда, этномәдени бірлестікгер ҚХА-ның ажырамас бөлігі. Себебі, этномәдени бірлестіктер ұлтқа, қоғамға қатысты мемлекеттік деңгейде көтерілген барлық мәселелерді тәжірибе жүзінде іске асыруға ықпал етеді. Яғни, олар халықпен тікелей жұмыс істейді.

Астана қаласындағы өзбек этномәдени бірлесгігі үшін өзбек ұлтының салт- дәстүрін, әдет-ғұрпын сақтау мен оны келер ұрпаққа аманаттау ғана маңызды емес, оның негізгі міндеті - ол қазақ жеріндегі қоғамдык бірлікті сактауға үлес қосу.

Бүгінде біз осы бағытты әрдайым назарда ұстауға ұмтыламыз», деді Ш.Пулатов.
Шараға қатысушылар, сондай-ақ, мұндай дәрістердің этносаралық келісімді жастар арасында кеңінен насихаттауға сеп болатынын жеткізді.


//Солтүстік Қазақстан. -2015. -6ақпан. -4бет.

Возможно вам будет интересно

Ұмытылмас сәттер

Ұмытылмас сәттер

                                         Ұмытылмас сәттерБиыл Ұлы Жеңіске 70 жыл. Бұл — баршаға орта... Читать полностью.

«Но остается в памяти навечно…»

«Но остается в памяти навечно…»

  В конференц-зале "Sabit" Северо-Казахстанской областной универсальной научной библи... Читать полностью.

Яворская В. Город торговый

Яворская В. Город торговый

ГОРОД ТОРГОВЫЙ   Крепость Петра построена. Военные зорко следят за окружающей местностью. Г... Читать полностью.