ТАРИХИ ТҰЛҒАҒА ТАҒЗЫМ

Бұл күндері бүкіл елімізде кең көлемде аталып етіп жатқан Қазақ хандығының 550жылдықмерекесі Жамбыл ауданында да жалғасын тапты.
Мерекелік шара осы ауданның Благовещенка мен Майбалықауылдарының арасындағы Гүлтебе деген жердегі зиратта тұрғызылған Қожаберген жырау кесенесінің басында басталды.
Благовещенкада-ғы Ғабдол-Бари атындағы мешіттің имамы Тұрғали имам Толыбай сыншы, Қожаберген жырау, Сегіз Сері аруақтарына Құран бағыштады.
Содан кейін аудан әкімінің орынбасары Зейнолла Мәкенов, тойға облыстық ардагерлер ұйымының ұйымдастыруымен Қызылжардан арнайы келген қонақтар-ұйым төрағасы Ескендір Елеусізов, осы ауданның тел тумалары — есту қабілеті кем балалар мектеп-интернатының директоры, Петропавл қалалық мәслихатының депутаты Жангелді Тәжин, облыстық тарихи-өлкетану мұражайы жанындағы "Асыл мұра" орталығының қызметкері Ахметжан Қуантаев, ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі Амандық Жантеміров Қожаберген жыраудың үш жүздің қолын 23 жыл бойы басқарып, қазақ жерін жоңғар шапқыншылығынан қорғаған ерлік істерін, елшілік, ақындық қасиеттерін тілге тиек ете қеле, оның асыл мұраларын келешек ұрпаққа жеткізудің маңыздылығына тоқталды.
Зират басындағы тарихи тұлғаларға Құран бағыштау рәсіміне қатысқан облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова және қонақтар
аудан орталығы — Пресновка ауылында орнатылған Қожаберген жырау ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, баба рухына тағзым етті. Содан кейін Қожаберген жырау алаңында мерекелік шара жалғасын тапты.
Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған облыстық деңгей-дегі мерекенің Жамбыл ауданында өткізілуінде өзіндік мән барын айта келе, тойға жиналған қауымға облыс әкімі Ерік Сұлтановтың құттықтауын жеткізді.
Даңқты бабамыздың арманы орындалып, еліміз егемендік алғалы бері Қожаберген жырау тарихи тұлға ретінде руханиятымыздан өзінің лайықты орнын алды.
Басына айшықты кесене тұрғызылды, есімі көшелер мен алаңдарға, мектептерге берілді. Тарихшылар ол туралы көптеген монографиялар, мақалалар жазды, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, басқа да шаралар өткізілді. Бұл іс осымен бітпек емес. Ендігі міндет осындай тарихи тұлғалардың ерлік
ұлыстардың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, ел экономикасын нығайтуға, тұрақтылықты сақтауға сүбелі ұлес қосып келе жатқандығын ерекше атап өтті. Облыстың құрметті азаматы Болат Сағындықов та Қожаберген жыраудың өмір жолы, ел қорғауда жасаған ерлік істері, "Елім-ай" дастанының тарихымызды саралаудағы алар орны туралы айта келіп, өзінің тарихи тұлғаға арнаған жыр шумақтарын оқып берді.
Осы алаңға жиналған қауымға аудан көркемөнерпаздары Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған театрландырылған қойылымды ұсынды.
Той термешілер жарысына, мерекелік концертке ұласты Обпыс. орталығынан келген қонақтар Қожаберген жырау атындағы қазақ орта мектебінің мұражайында болды.
Мектеп директоры Зәуре Бектасова мен аудандық оқу бөлімінің басшысы Нәзира Әбдірахманова қонақтарға Қожаберген жыраудың, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Иван Шухов, Сафуан Шаймерденов сынды жерлес жазушылардың өмірлері мен шығармашылықтарына арналған жәдігерлерді, батырлар киген сауыттарды, олардың соғыста қолданған қару-жарақтарын көрсетті.
Мұражай жәдігерлерін көру барысында Анархан Дүйсенова аудан мектептерінде Қожаберген жыраудың өмірі мен ерлік істеріне байланысты қандай іс-шаралар өткізіп жатқанын сұрап білді.
Анархан Қалиқызы аудан мектептерінде осы орайда шығармалар байқауларын, ашық сабақтар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар және басқа да танымдық шаралар өткізу қажеттігін айтты. Ауданның әрбір оқушысы Қожаберген кім деп сұрағанда мүдірмей жауап бере алуы керек, сонда ғана біз жастарды отансүйгіш-тікке тәрбиелей аламыз, деп атап көрсетті облыс әкімінің орынба-сары.
Жамбыл ауданындағы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған облыстық деңгейдегі мерекелік шаралар көкпар тарту, күрес, атжарыспен жалғасын тапты.

(Өз тілшіміз)


// Солтүстік Қазақстан. – 2015. — 13 қазан. — 3 бет.

Возможно вам будет интересно

Баймуканов М. Медика сделали дворянином // Петропавловск KZ. – 2011. – 20 октября

Баймуканов М. Медика сделали дворянином // Петропавловск KZ. – 2011. – 20 октября

Медика сделали дворянином  Алексей Мухин родился 4 октября 1871 года в городе Кострома в се... Читать полностью.

Козлов,В. К юбилею Абая /В.Козлов//На страже .-1995.-27июля.- С.7

Козлов,В. К юбилею Абая /В.Козлов//На страже .-1995.-27июля.- С.7

Во исполнение приказа МВД Республики Казахстан, с учетом, что 1995 год реше¬нием ЮНЕСКО объявлен... Читать полностью.

Трусов В. Какого цвета победа? // Северный Казахстан. - 2004. - 27 окт. - с. 6.

Трусов В. Какого цвета победа? // Северный Казахстан. - 2004. - 27 окт. - с. 6.

КАКОГО ЦВЕТА ПОБЕДА?  30 октября 1919 г. после упорных боев был освобожден Петропавловск от ко... Читать полностью.