Тағзым етеміз

                                           Тағзым етеміз

 Шал ақын ауданындағы Кеңес ауылынан соғысқа аттанған жүзге тарта  азаматтың 33-і ғана оралды. Солардың бірі — атам Қабиболла Биғожаулы  1942 жылы Ұлы Отан соғысына шақырылып, ерекше ерлігімен көзге түсті. 152-  ші атқыштар бригадасында қатардағы жауынгер болды.

 Ол "Германияны жеңгені үшін" медалімен марапатталды. Елге 1946 жылы  оралып, зейнет демалысына шыққанға дейін механизатор болып, адал еңбек  етті.

 Мен Тәуелсіз Қазақстанда бейбіт өмірде дүниеге келдім. Соғысты тарихтан, атам мен балалық шағы  сол жылдармен тұспа-түс келген әжемнің естеліктерінең кинодан көріп, кітаптан оқығаннан білемін.

 Мектепте жас ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру жақсы жолға қойылған. Тарих мұғалімі Маржан  Адырбаеваның оқушылармен бірлесе отырып ардагерлер жайлы жинаған деректері мен  фотосуреттері мектептегі "Ер есімі — мәңгілік" атты стендке орналастырылған Олардың ерлігі бізге  үлгі.

 Бүгінде соғыс ардагерлеріне арнап жерлестері орнатқан ауылдағы ескерткішті мектеп ұжымы  қамқорлыққа алған. Оқушылар мен ұстаздар кектем шығысымен оның айналасына көшеттер мен  гүлдер отырғызып, жазуларын жаңартып, көркемдеп отырамыз.

 Аталарымыздың жанымен қанымең терімен көз жасымең келген бейбіт күн үшін біз олардың  ерлігіне басымызды иіп, тағзым етеміз. Біздің жарқын болашағымыз үшін құрбан болған ардагер  аталарымыз ешқашан ұмытылмақ емес.

Гүлжанат Биғожина, Кеңес орта мектебінің  9-сынып оқушысы.


// Солтүстік Қазақстан – 2015. – 9 мамыр. – 5 бет.

 

 

Возможно вам будет интересно

Мелодия сердца - мелодия души: [Северо-Казахстанская областная филармония]

Мелодия сердца - мелодия души: [Северо-Казахстанская областная филармония]

 Несомненно, у каждого человека в сердце живет любовь к музыке. Ею мы пытаемся сопроводить радо... Читать полностью.

Письмо султана Касыма Аблайханова оренбургскому военному губернатору с просьбой закрыть Кокчетавский окружной приказ  // Материалы по истории политического строя Казахстана. Т. 1. - Алма-Ата: Издатель

Письмо султана Касыма Аблайханова оренбургскому военному губернатору с просьбой закрыть Кокчетавский окружной приказ // Материалы по истории политического строя Казахстана. Т. 1. - Алма-Ата: Издатель

 Письмо султана Касыма Аблайханова оренбургскому военному губернатору с просьбой закрыт... Читать полностью.

Фундамент институциональных реформ

Фундамент институциональных реформ

На всенародном референдуме 30 августа 1995 года казахстанцы приняли Конституцию, которая придала мощ... Читать полностью.