Осыдан 20 жыл бұрын Қазақстанның тәуелсіз халқы республикалық референдумда өз таңдауын жасап, еліміздің Ата Заңын қабылдаған болатын. 1995 жылы қабылданған Конституция елдің турақты және қарқынды дамуының негізін қурып, қоөамдық және мемлекеттік қурылыстың басты қаеидаттарын бекітті, маңызды әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалардың қуқықтық іргетасын қалады. Басты қужатта Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырғаны айтылып, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі қуқықтары мен бостандықтары екені ерекше көрсетілген болатын.
Елімізде заңдардың орындалуын және құ-қықтық тәртіпті қамтамасыз етуде конститу-циялық орган ретінде прокуратура мемле-кеттік қуқық қорғау жүйесіндегі үйлестіру институтының рөлін атқарып келеді. Елімізде заң актілерінің қолданылуың мемлекет мүдделерінің, онда түратын азаматтардың құ-қықтарының қорғалуын қадағалау міндетін бір ғасырға жуық уақыт бойы атқарып келе жатқан прокуратура Конституцияға сәйкес жоғары қадағалаушы орган ретінде ел Президентіне ғана есеп береді.
Облыс прокуратурасы ел Конституциясын басшылыққа ала отырып, заңдылықтың сақ-талуын қадағалау арқылы қүқықтық тәртіпті нығайту, адам қүқықтарының қорғалуын қамтамасыз етуде тиісті қадағалау шарала-рын жүзеге асырып келеді. Әсіресе, азаматтардың еңбек құқығын қорғауға, бюджет қаржысының мақсатты пайдалануына, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықпен және басқа да қылмыстүрлерімен күресті күшейту-ге және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға баса назар аударылуда. Жалпы өткен жылы еңбек қатынастары саласында 34 тексеріс өткізіліп, 4 мыңнан астам адамның құқықтары қорғалса, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бойынша еткізілген тексерістер кезінде 3 мыңға жуық заңсыздық анықталып, 8 мыңнан астам жасөспірімнің құқығының тапталуына жол берілмеді.
Ата Заңда көрсетілгендей, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың кез келген қызметкерлері үшін бірінші кезекте адам құ-қықтарын жүзеге асыру міндеті тұрады. Сондықтан да өңір жұртшылығының тарапынан келіп түскен өтініш-арыздар дер уақытында қаралып, заң талаптарына сәйкес тиісті шаралар қолданылуда. 2014 жылы прокуратураға келіп түскен арыздар бойынша 90 ұсы-нылым қаралып, 42 наразылық қанағаттан-дырылған болатын Нәтижесінде 120 адам тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 31 қылмыстық іс қозғалды.
Жүктелген міндеттерді жұзеге асыра оты-рып, облыс прокурорлары 665 тексеріс еткізіп, оның барысында 17 мыңнан астам заң бұзушылықты анықтады. 14 мыңға жуық аза-маттың конституциялық құқықтары қорғалды. 875 миллион теңгенің шығыны қайтарылып, тексерістер қорытындысы бойынша 2090 адам түрлі жауапкершілікке тартылды.
Қылмыстық істің сотқа дейінгі сатысында заңцы процессуалды шешімдердің шыға-рылуы да прокуратура органдарының қадағалауында. Былтыр күдіктілерді ұстау бойынша қылмыстық-процессуалды заң талаптарының орындалуын қадағалау бойынша 5702 тексеріс жүргізіліп, 12 адам заңсыз қамаудан босатылды.
Адамдардың конституциялық қүқықтары мен бостандықтарын қорғау прокуратура қызметкерлерінің қатысуымен ететін сот про-цестерінде де жүзеге асырылады. Қылмыстық істер бойынша мемлекеттік айыптаушы қызметін атқаратын прокурор сот ісінің объективті және әділ сотжүргізілуіне ықпал етеді.
Бүгіннен бастап жаңа Қылмыстық, Қыл-мыстық-процессуалды және Қылмыстық іс жүргізу кодекстері өз күшіне енетін болды. Сот ісін жүргізудің жаңа келбеті мемлекеттік аппаратының толық дайындығын қажет етеді. Жаңа Кодекстердің енгізілуімен құқық қорғау саласында да жүйелі әрі түбегейлі өзгерістер орын алмақ. Адам қүқықтары басты орынға қойылатын жаңа құжат талаптарына бейімделу және заң аясында нәтижелі жұмыс істеу бірінші кезекте прокуратура қызметін жақсартуды талап етеді.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар-баевтың биылғы жылғы "Нүрлы Жол - болашаққа бастар жол" атты Жолдауында жаһандық дағдарыс кезеңінде елдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудің негізгі бағыттары айқындалып, жүзеге асыру жолдары көрсетілді. Бұл мақсаттарға Ұлттық қордан бәлінетін қомақты қаражатты мемлекеттік органдар мен үйымдардың тиімді пайдалануын прокуратура органдары жіті қадағалауына алмақ.
Бүгінде біздер экономикалық, саяси және қоғамдық емірдің жаңа жағдайларында жұ-мыс істеп келеміз. Алдымызда жоғары кәсі-билікті және еңбекқорлықты қажет ететін маңызды міндеттер тұр. Конституция тараулары мен дербес баптарында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыра отырып, еліміздің әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болуына, өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылуына, азаматтық қоғамды жетілдіруге бағытталған прокуратура органдары осы жылы жаңа қарқынмен жұмыс істеуге әзір.
Саяси, мәдени, рухани және экономикалық дамуымыздың қайнар көзі ретінде танылған Конституциямыздың өміршеңдігі ұзағынан сүйіндіргей!
Бірлік ТӘШІМОВ,
Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары.
Тәшімов Б. Тәуелсіздігіміздің тұғыры, елдігіміздің тірегі // Солтүстік Қазақстан. - 2015. - 1 қаңтар. - 3 б.
ЭБС "Библиороссика"
ЛитРес: библиотека
Қазақстанның ашық кітапхана
Казахстанская национальная электронная библиотека
Қазақстанның ашық кітапхана
Электронное правительство
Рухани жаңғыру
Послание президента
Государственные символы