СОТТЫҢ БЕДЕЛІН АРТТЫРУ ЖОЛЫНДА

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің судьяларының алдына «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету» институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған бірқатар тапсырмаларды анықтап берді.

Біздің облыстағы сот органдары Елбасы ұсынған 5 институттық реформаны жүйелі жүзеге асыру барысында жарияланған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын бірауыздан қолдап, оны орындауға белсене кірісіп кетті.

Сот саласына қатысты нақты шаралар легін Елбасы бағдарламаның 2-ші бөліміндегі 16-26-қадамдар аясында іске асыру керектігін атап көрсетті, яғни жаңа заңнамаларды әзірлеу, оның ішінде судьяларды іріктеу шартының өзін заман ағымы, уақыт талабына сай жетілдіру, сатыланған сот жүйесін оңтайландыру, осылайша сот төрелігіне қолжетімдікті қамтамасыз ету, аталмыш қызметтің халық арасында беделін арттыру көзделген Алқа билер соты қолданылатын салаларды кеңейту, олардың міндетті тұрде қатыстырылатын қылмыстық істердің санаттарын анықтау, барлық сот процестерін бейне және үнтаспаға жазу шараларын міндетті түрде енгізу судьялардың алдында тұрған міндеттер болмақ.

Солардың бірі — 22-қадамда адамның және азаматтардың конституциялық құқығын шектейтін барлық тергеу қызметі жөніндегі өкілеттілікті тергеу судьясына біртіндеп беруді қамтамасыз ету арқылы сотта айыптаушы және қорғаушы арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету көзделген.

Бұл қағиданың маңыздылығы ерекше, өйткені, ол ең бірінші істі объективті түрде қарауда және әділ дәйекті үкім шығаруда маңызды рөл атқармақ.

Осы жылдан бастап біз жаңа қылмыстық және қылмыстық процессуалдық заңнамамен жұмыс істеудеміз. Негізгі жаңашылдықтың бірі, қылмыстық іс жүргізуге сот бақылауын жүргізу үшін кеңейтілген өкілеттікке ие тергеу судьясын енгізу болып табылады.

Сонымен қатар, айыптау мен қорғаудың арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету үшін тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы негізінде жүзеге асыру қағидаларының сақталуы қылмыстық іс жүрмгізуге негіз болады.

Бұл қағида Қазақстан Республикасы Қылмыстық процессуалдық кодексінің 23- бабында нақты көрсетілген, онда қылмыстық процеске қатысатын тараптардың тең құқылы екендігі, яғни оларға ез ұстанымын қорғауға бірдей мүмкіндік берілгендігі айтылған.

Тараптар қылмыстық сот ісін жүргізу барысында өзінің ұстанымың оны қорғаудың тәсілдері мен құралдарын дербес және сотқа, басқа да органдар мен адамдарға тәуелсіз таңдайды.
Бұл ретте сот і әділдік және бейтараптылық танытып, тараптарға өздерінің про цессуалдық міндеттерін орындауға і және берілген құқықтарын жүзеге асыруға жағдай жасауға міндетті. Процессуалдық шешім тараптармен тең дәрежеде қамтамасыз етілген дәлелдемелерге негізделуі тиіс.

Еліміздің Негізгі Заңының 13-бабына сәйкес әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына, білікті заң көмегін алуға құқығы бар екені, қолданыстағы заңнамаларда көзделген реттерде ол тегін көрсетілетіні айтылған, Қазақстан Республикасы Қылмыстық процессуалдық кодексінің 67-бабында қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қорғаушының міндетті қатысуы нақты көрсетілген.

Оның ішінде іс сотта қаралған кезде оған мемлекеттік айыптауды қолдайтын прокурор (мемлекеттік айыптаушы) қатысса, қорғаушының қатысуы міндетті, яғни қорғаушыны сотталушының өзі немесе заңды өклдері, сондай-ақ, олардың тапсыруы бойынша басқа да тұлғалар шақырмаса, қылмыстық процесті жүргізетін орган процестің тиісті сатысында қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге міндетті, бұл туралы ол адвокаттардың кәсіби ұйымы үшін міндетті қаулы шығарады.

Бұл заңды қазіргі таңда соттар бұлжытпай орындауда. Сот тәжірибесінде кейбір сотталушылар құқықтық сауатсыздығы салдарынан қылмыстық іс қарау барысында қорғаушының көмегінен (кәсіпқой адвокаттан) бас тартып жатады, себебін қорғаушының көмегіне ақы төлеу керек деп түсіндіреді, бұл қате түсінік.
Қазіргі кезде жарыспалық қағидасының абсолюттік түрде іске асырылып жатқаны туралы айтуға, сөз таластыруға болады.

Ең басты мәселенің бірі — іске қатысушы кейбір азаматтардың құқықтық сауатсыздығы. Сот тәжірибесінде кейде сотталушылардың қорғаушылары болып жақын туғандары қатысады, бұған заңда рұқсат етілген.

Тәжірибе көрсеткендей, олардың заңгерлік білімдері жоқ, іс жүргізу тәртібінен хабарсыз, кейбіреулерінде, тіпті, тәртіптік мәдениеттіліктері болмайды.

Көп жағдайда сотталушының туғандары оларды қоғамдық қорғаушы ретінде тану туралы өтінішхаттарымен жүгінгенде бұл олардың қамауда отырған сотталушымен шектеусіз кездесіп түру мақсатында жасалады, ал сотта олардың мүдделерін қорғау туралы мүлде сөз қозғамайды. Мұндай қорғаушылар ісжүргізу кезінде сотқа дәлелденбеген, іске қатысы жоқ
өтінішхаттармен жүгінеді, ал оларды қанағаттандырудан бас тартылған жағдайда сотты айыптап, сот айыптау тұрғысынан істі қарауда деп шағым келтіреді.

Алдағы уақытта туғандарын қоғамдық қорғаушы ретінде тану туралы мәселені қараған кезде олардың құқықтық сауаттылығына мән беру керек, яғни заңгерлік білімі бар туысқандарын қорғаушы етіп тағайындағанда заңды басшылыққа алып, сапалы түрде сотталушының мүддесін қорғау керек.

Шынына келгенде, мұнда да сауаттылық пен адвокат әдебінің жеткіліксіздігі кейде көрініп қалады. Кәсіпқой қорғаушылар кей кезде өздерінің құқықтарын асыра пайдаланып, сот талқылауы тек сотталушыға қатысты және оның сотқа берілген айыптау шектерінде ғана жүргізілетінін біле тұра, судьяға дәлелденбеген қарсылық білдіреді, қаралып жатқан іске қатысы жоқ куәларды шақыруды, керек емес дәлелдерді сұратып алуды өтінеді, істің қаралу мерзімін созады, сот шешімі шықпай немесе үкім заңды күшіне енбей жатып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сотқа қысым көрсеткілері келеді. Мұндай жағдай сот қорғаушылардың ұсынымдарын қанағаттандырусыз қалдырған жағдайларда жиі кездеседі.

Сонымен қатар, сот іс жүргізуіне қорғаушылармен бірге мемлекеттік айыптаушылар да қатысады. Заң талаптарына сәйкес іске қатысушы тараптар іспен жан-жақты танысулары қажет, алайда, мемлекеттік айыптаушылардың сот процесіне нашар дайындалатындықтары кездесіп тұрады. Оның бірден-бір себебі — прокурорлардың жетіспеушілігі.

Өкінішке қарай, бір сот отырысында бірнеше прокурорлар, яғни әр процеске жаңа мемлекеттік айыптаушы қатысады, ол қажетті түрде істің қаралуына тиянақты дайындала алмайды, істің барлық құжаттарын зерделемейді, бұл процесс кезінде тікелей, дұрыс сұрақтарды қоя алмауына әкеп соғады. Заң талабына сәйкес сот барлық мән-жайларды анықтауы тиіс, сол себепті сотталушыға, куәгерлерге сұрақты соттың қоюына тура келеді. Алайда, қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған тұлғаның кінәсін дәлелдеу заңда мемлекеттік айыптаушыға және жеке айыптаушыға жүктелген.

Айыптау мен қорғаудың арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету үшін ең бірінші іс жүргізуге қатысатын тұлғалардың білімін және мәдениеттілігін арттыру қажет.
Судьяларға қойылатын талапқа сай кәсібилікті шыңдау керек. Қоғамдық қорғаушылар және кәсіби адвокаттардың тәртіпті болуы, заңмен белгіленген құқықтарын асыра пайдаланбаулары өте маңызды.

Сонымен қатар, іс жүргізуге мемлекеттік айыптаушылардың уақтылы, тиісті түрде қатысуларын қамтамасыз ету, оларға істі мұқият зерделеуге, сотта іс қаралғанда сапалы түрде дайын-далуына мүмкіндік жасалуы тиіс.

Істі қарау барысында мемлекеттік айыптаушы барлық қажетті дәлелдемелерді ұсынса, қорғаушы жақ сауатты дәлелдер келтірілсе, бұлардың барлығы сотқа мән-жайларды толық зерттеп әділ шешім шығаруына ықпал етеді.

Сот қылмыстық қудалау органы болып табылмайды, айыптаушы немесе қорғаушы тарап жағында әрекет етпейді және құқық мүдделерінен басқа қандай да болсын мүдделерді білдірмейді.

Сол себепті азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға кепіл бола алатын айыптау мен қорғаудың арасындағы теңгерімді нығайту қажет. Сот процесіне қатысушы тараптардың ең жоғары талаптарға сай келуі уақыт талабынан туындаған міндет болып табылады.

Сондықтан бүгінгі күні елімізде сот билігінің басты міндеті Конституцияда бекітілген адам және адам өмірін қорғау, оның бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

Әбдіқахар ЕРКЕБАЕВ, Петропавл қалалық сотының төрағасы.


// Солтүстік Қазақстан. — 2015. – 18 тамыз. – 2 бет .

 

Возможно вам будет интересно

Герой страны Тимофей Позолотин

Герой страны Тимофей Позолотин

 Великая Отечественная война 1941-45 гг. была не только страшной бедой для нашей тогда общей ст... Читать полностью.

Әнес, Ғ. Тұңғыш кәсіби қазақ ақыны - Мағжан Жұмабаев  / Ғ. Әнес // Ана тілі. - 2017. - 25 - 31 мамыр. - Б. 2

Әнес, Ғ. Тұңғыш кәсіби қазақ ақыны - Мағжан Жұмабаев / Ғ. Әнес // Ана тілі. - 2017. - 25 - 31 мамыр. - Б. 2

1923 жылы Түркістан Республикасының Мемлекеттік Ғылыми кеңесі Мағжанның қолына жолдама-хат беріп, Мә... Читать полностью.

Балтабаев, А.  Табиғатты сүйіп өткен ақын  // Soltústik QAZAQSTAN. – 2020.- 30 maýsym.- Б. 5

Балтабаев, А. Табиғатты сүйіп өткен ақын // Soltústik QAZAQSTAN. – 2020.- 30 maýsym.- Б. 5

Тәуелсіз ел болғаннан бергі уақытта ұлттық сана-сезімді жаңғыртуға, бұрынғы өткен асылдарымызды арда... Читать полностью.