Солтүстік қазақстандық кеңес одағының батырлары

           

                                                          Солтүстік қазақстандық кеңес одағының батырлары
                                                                           Филипп Нижурин

1913 жылы қазіргі Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның Ефремовка ауылында туған. Ташкент облысының Сырдария кентінде еңбек етті.
1941 жылы қан майданға кірді. 214-ші атқыштар дивизиясы 302-ші жеке барлау ротасы атты барлаушылар взводының командирі, гвардиялық аға сержант Одер өзенінен өту кезінде көзге түсті.

1945 жылғы 17 қаңтарда барлаушылар фашистермен шайқасқа түсті. Олар он фашисті түтқындап, қүнды мәліметке қанықты.
Тағы бір жолы аға сержант Нижуриннің взводына жаудың артиллериялық орындарын және жаяу әскерге қарсы кедергілер жүйесін анықтау тапсырылды. Барлаушылар осы бір қиын тапсырманы да орындай білді.

25 қаңтарда Нижуриннің барі лаушылары өзенге бірінші болып табандарын тигізді. Өзеннен өту кезінде Нижуриннің взводы 128,2 жотасына бірінші болып бекінді. Олар бораған оқтың астында қалды. Фашистер жотаға он бір рет ұмтылып, ала алмады.

Нижуриннің взводы дәлдеп атып, фашистерді шегіндірумен болды.
1945 жылдың 3 наурызында ұрыс кезінде қаза тапты. Польшадағы Оттендорф селосында жерленді.
1945 жылы 10 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
                                                                                                                                            ("Североказахстанцы: Герои Советского Союза.
                                                                                                                                              Кавалеры ордена Славы. Генералы" кітабы бойынша дайындалды).


 //Солтүстік Қазақстан.-2015. -14ақпан. -3бет.

Возможно вам будет интересно

Книга "Свет Победы" презентована в Астане

Книга "Свет Победы" презентована в Астане

 В книге собраны документальные очерки журналистов "Казахстанской правды" о людях и п... Читать полностью.

Чокан Валиханов  (1835-1865)

Чокан Валиханов (1835-1865)

Чокан Валиханов — выдающийся казахский просветитель-демократ, ученый- востоковед, мыслитель и ... Читать полностью.

История Областной библиотеки имени Сабита Муканова. 1973 г.

История Областной библиотеки имени Сабита Муканова. 1973 г.

 В 1973 году Областная библиотека переходит в новое, типовое здание с площадью свыше 3000 кв. м... Читать полностью.