Шығыс Қазақстанда Конституцияның 20 жылдығы кеңінен аталып өтеді

ӨСКЕМЕН. 5 ақпан. Биыл Шығыс өңірінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай «Жеті Жарғыдан Конституцияға дейінгі егеменді мемлекет» атты ведомствоаралық акция өтеді. Оған облыстың барлық деңгейдегі прокуратура, сот, әділет, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің өкілдері мен мәслихат депутаттары қатысады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

«ҚР Конституциясының 20 жылдығын мерекелеуге арналған маңызды қоғамдық шаралар облыс көлемінде жыл бойы өткізіледі. Шаралардың негізгі басымдығы құқықтық мәдениетті қалыптастыру, мемлекет қызметінде заңның үстемдік ететінін насихаттауға бағытталады. Бұл шараларға өңірдегі барлық қалалар мен аудандардағы жастар да, ардагерлер де қатыса алады», – деді облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар.

Шығыс Қазақстан облысының ақпараттық орталығында БАҚ өкілдерімен брифинг өткізген Ж.Омардың айтуынша, мерейтойдың мерекелік бағдарламасы шеңберінде ғылыми-тәжірибелік конференциялар, дәрістер, сынып сағаттары, патриоттар форумы, мерекелік шерулер сияқты көптеген шаралар ұйымдастырылады.

Ал тамыз айында шығысқазақстандықтар жалпыхалықтық акция аясында Конституция күнінде 16 жасқа толған азаматтарға жеке куәлікті тапсыру салтанатына куә болады. Бұл шара Өскеменнің барлық тұсынан көрініп тұратын мемлекеттік рәміздер орналасқан Ботпай тауында өтеді. Онда жылдағы дәстүр бойынша жас мемлекеттік қызметкерлер де салтанатты түрде ант қабылдайды.

Сондай-ақ «Мен – Қазақстан Республикасының азаматымын!» атты облыстық флэш-моб акциясы өтеді. Акция шеңберінде мектеп жасына дейінгі балалар бір мезетте еліміздің Әнұранын шырқайды.

Думан Анаш.

Дерек: egemen.kz.

Сурет: Шығыс Қазақстан облысының ақпараттық орталығы.


// Егемен Қазақстан. - 2015. - 5 ақпан

Возможно вам будет интересно

Алапат жылдар азабы

Алапат жылдар азабы

Бала да болсақ соғыс жылдарындағы ел басына түскен ауыртпалықты үлкендермен бірге көріп, қанқұйлы не... Читать полностью.

Досжан, Д.  Ғалымның айқын ізі : эссе / Д. Досжан // Ана тілі . - 2014. - 13-19 ақпан

Досжан, Д. Ғалымның айқын ізі : эссе / Д. Досжан // Ана тілі . - 2014. - 13-19 ақпан

Қара сөздің хас жүйрігі, сөзі – көл-дария, ойы – айдын, шабытты, өнімді жазушы марқұм Дү... Читать полностью.

Әбсаттаров, Р.  Алтын тұяқ

Әбсаттаров, Р. Алтын тұяқ

 Біз жақсыға жақын жүретін, жақсының тәрбиесін көріп, оны үлгі тұтып өсетін халықтың ұрпағымыз.... Читать полностью.