Семен Киреев

 

 1916 жылы Алтай елкесіндегі Косихин ауданының Червовый селосында туған. 1939 жылы үй ішімен Булаев (қазіргі Мағжан Жұмабаев) ауданындағы "Чис-тов" кеңшарына көшіп келді. Он-да есепші болып еңбек етті.

1941 жылдың 17 шілдесінде аудандық әскери комиссариаты армия қатарына шақырды. Ол кіші лей-тенанттар курсын тамамдады. 1942жылы майданғакірді.
1944 жылдың маусым айында 272-ші атқыштар дивизиясын-дағы 1061-ші атқыштар полкінің взвод командирі, лейтенант С.Киреев әскери қызметте жүрген 7-ші армияның әскерлері Свирь өзенінен өтуге дайындалып жатты.

Осы бір қиын күндері лейтенант С.Киреев қаһармандықгың үлгісін көрсетті. 25 маусымда Питкяранта қаласына шабуыл басталды.
Фин әскері көптеген сарбазынан, офицерлерінен және техникасынан айрылғаны-на қарамастан, қарсылық көрсе-туін тоқтатпады.

1944 жылдың 10 шілдесінде жау қорғанысының маңызды торабы — Питкя-ранта қаласы алынды. Лейте-нант С.Киреев оны азат ету ке-зінде ауыр жараланды, шілденің 17-інде ауыр жарақаттың салда-рынан көз жүмды.

КСРО Жоғар-ғы Кеңесі Төралқасының 1944 жылғы 21шілдедегі Жарлы-ғымен оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Лодейное Поле қаласының қақ ортасында Семен Киреевке орнатылған ескерткіш бар. Сол қаладағы бір көше Батырдың есімімен аталады. Мағжан Жұ-мабаев ауданындағы ол өскен ауылдың мектебі де С.Киреевтің атында.


//Солтүстік.Қазақстан.-2015.-7ақпан. -4бет

 

Возможно вам будет интересно

Мазаев Гавриил Иванович // Рыженко С. Странники мы на земле. – Петропавловск-Штайнхаген, 2008. – С.178-182

Мазаев Гавриил Иванович // Рыженко С. Странники мы на земле. – Петропавловск-Штайнхаген, 2008. – С.178-182

Мазаев Гавриил Иванович // Рыженко С. Странники мы на земле. – Петропавловск-Штайнхаген, 2008. – С.178-182 Читать полностью.

Яворская В. Н. Родная улица моя

Яворская В. Н. Родная улица моя

РОДНАЯ УЛИЦА МОЯ Петропавловск - город многонациональный. Еще первые путешественники отмечали, что ... Читать полностью.

Созаққа Сәбит келгенде

Созаққа Сәбит келгенде

 1965 жылдың қоңыр күзі, қыркүйек айының 28-і күні кештетіп аудандық комсомол комитетінің хатшы... Читать полностью.