ҰРПАҒЫНА МАҚТАНЫШ

                                                    ҰРПАҒЫНА МАҚТАНЫШ
 

Сұрапыл соғысқа қатысып, елге аман оралған екі адамның тағдыры үшін мен Жаратқанға қашанда риза шылығымды білдіремін.

Олар-әкем Қабдөш Бексултанов пен қайын атам Тілеген Игенбаев.

Бұл екі майдангердің Отанын неміс және жапон басқыншыларынан қорғар кезде жұрт қатарлы сапқа тұрып, соғыстан кейінгі жылдары елді қалпына келтіру үшін аянбай еңбек етіп, азаматтық тұрғыдан өздерін биік танытқандығы олардың ұрпағы үшін үлкен мақтаныш.

Сондықтан Жеңістің 70 жылдығына орай ардақты екі әкем туралы қалам тартуды өзіме міндет санадым.

Әкемнің жарық дүниеден озғанына 34 жыл. Ал қайын атам бүгінде 90 жасқа жетіп, әулетімізді өзінің әкелік жылы сезіміне, қуа-нышқа бөлеп отыр.

Әкем Қабдөш — Шал ақын ауда-нындағы Көктерек ауылының тумасы.

Бірақ, біз Новопокровка ауылында туып, балалық шағымызды осы елді мекенде өткізгендіктен, ол жер бізге ыстық көрінеді.

Ол ауылға әкем соғыстан оралғаннан кейін орнығып, кеңшарда көлік жүргізушісі болып еңбек еткен.

Ер мінезді, өзінің ішкі сезімін бүгіп ұстайтын әкеммен әңгіме құратын кездер жиі бола бермейтін.

Әкемнің алдына келіп, сұрақ қойып, жауап алу үшін оның көңіл күйін деп басуымыз керек еді.

Оның үстіне жастықтың да әсері болар, ол ез өмірі туралы әңгіме тарқатуға көңіл білдіргенде тізе бүгіп, сөз тыңдауды, оны мұқият ұғып алуды ойламаппыз.

Сондықтан қолыма қалам алып, әкем туралы не білемін деген кезде өз сауалыма өзім жауап бере алмай, тосылып та қалдым.

Әкемнің біз үшін өнеге болған үш қасиетін ұмытпаймын.
Өйткені. Ол қасиеттер бізге тағыпым ғана болып қойған
жоқ, бойымызға қанмен сіңген.
Әкем ер мінезді, бір айтқан сезін қайталағанды ұнатпайтын еңбеккор және өте таза адам болатын.
Еңбексүйгіш жан кеңшардың жұмысын үлкен жауапкершілікпен атқарып, ортасында сыйлы болды.
Ол майданда да жүргізуші болды.
Сол кездегі майдангерлерге ортақ бір мінез — соғыс туралы әңгімені көп өрбіте бермейтіндігі.
Сондықтан болар, оның қай жерде, қандай майданға қатысқандығы, қандыбалақ жолдастары мен соғыс кезіндегі тіршілігі туралы әңгімесін есіме түсіре алмадым.
Біздің білетініміз: ол 1941 жылдың шілдесінде соғысқа шақырылып, 546-шы жеке автокөлік батальонының құрамында Екінші дүниежүзілік соғысқа басынан аяғына дейін жанкештілікпен қатысып, жеңімпаз ретінде аман-есен елге оралғандығы.
Әкем қан майданға өзімен бірге аттанып, қаза тапқан ағасы Қапезді жиі есіне алып, көңіл күйі түсіп отыратын.

Оның соғыс жылдары және соғыстан кейінгі атаулы мерекелерге табыс етілген медальдарын сіңлім сақтап жүр.

Баршамыз Жеңіс күні қарсаңында бас қосып, сол медальдарды сандықтың түбінен шығарып, әкемізді есімізге алып, көңілімізді бір босатып аламыз.

Әкемнің жұртты тәнті ететін қасиеті тазалығы болатын.

Ол отырған жерде қыл жатпайтын. Қора-қопсысын жылан жалағандай етіп жинап қоятын.

Әкемнің қол қусырып отырған кезін көрмеппін, тіпті, бізді де енбексіз отырғызбайтын .
Сондықтан жазғы демалыста кеңшардың маңында жеңіл-желпі жұмыс атқарып, үй шаруашылығына көмектесіп, ысылып өстік.

Анам Заткен екеуі бір-бірін сүйіп қосылғандықтан, замандастары олардың арасындағы сыйластық пен түсіністікке сүйсіне қарайтын.

Олар алты қызы мен бір ұлының бойына туыстық сыйластықты, бауырмалдықты, кішіпейілдікті сіңіре білді.

Әкем 67 жасқа қарағанда, дәл Жеңіс күнінің қарса-ңында, 8 мамыр күні өмірден озды.

Мен әкеммен 18 жыл бірге болсам, қайын атама келін болғаныма 33 жылдан асып барады.

Байқасам, әкеме қарағанда қайын атамды жақсы танитындаймын.Біреудің ала жібін аттамайтын оның адалдығы мен ақжарқындығы ұрпағына үлгі.

Тілеген Игенбайұлы 1943жылы майданға аттанып, армия қатарынан 1950 жылы оралған.

278-ші атқыштар дивизиясының 851 -ші запастағы атқыштар полкінде Отан алдындағы міндетін абыройлы атқарып келген.

Бейбіт заманның тіршілігіне оңай араласып кеткен ол ұзақ жыл қайнаған еңбекгің ортасында жүріп, өзін адамгершілігі жоғары, іске жауапты еңбеккер ретінде таныта білді.Атамдай жаны таза адамды кездестіру қиын.

Оның басқаға деген жанашырлыгы қашанда үстем тұрады.

Тіпті, ауылда өзіне тиесілі пәтердің кезегі келіп тұрған кезде оның кілтін жас маманға ұстата салған да менің атам болатын.

Осы жылдың 5 наурызында қайын атамның 90 жасқа толғанын әулеті болып тойладық.

Зайыбы Рутай екеуі 11 бала тәрбиелеп, қайын енем "Алтын алқа" иегері болып отырғандығы да көкірегімізге мақтаныш ұялатады.

Біз әкемнің, одан кейін қайын атамның майдангер екендігін мақтан тұтып, бала күннен бұл мерекені жүрегімізге жылы қабылдап өстік.

Бүгінде әкем көз алдымызда жоқ болса да, жүрегіміздің түкпіріндегі оған деген құрмет пен сағыныш бізді осы күні ерекше бір сезімге бөлейді.

Ал атамның баршамызға ақылшы болып ортамызда отырғанына разымыз. Осы екі адам — біздің отбасымыз үшін құрметті де ардақты жандар.

Ақбаян ИГЕНБАЕВА.СУРЕТТЕРДЕ: (сол жақта) Қ. Бек-сұлтанов; (оңжақта)Т. Игенбаев. Петропавл қаласы.


// Солтүстік Қазақстан. – 2015. – 18 сәуір. – 4 бет .

Возможно вам будет интересно

Ағыбаев, С.     Биік еді Ебе ағаң, аласармас

Ағыбаев, С. Биік еді Ебе ағаң, аласармас

«Тегінде тегін бе екен Ақан сері, Бұл да бір емес пе екен ердің ері? Өз ұлын, өз ерлерін еск... Читать полностью.

Галицкая Л. Улица, создающая настроение  // Проспект СК.-2008.-10 октября.-С.2

Галицкая Л. Улица, создающая настроение // Проспект СК.-2008.-10 октября.-С.2

 УЛИЦА, СОЗДАЮЩАЯ НАСТРОЕНИЕ    Когда нас просят назвать свой адрес, мы, не задумыва... Читать полностью.

Батыр Баян

Батыр Баян

Тәуелсіз ел болған қазақ мемлекеті өткенін түгендеп, барын барша... Читать полностью.