НАУРЫЗБАЙ ҚАСЫМҰЛЫ

                   

Қазақ халқының бодандық бұғауынан құтылуы жолында арыстандай айбаттанып, алқалы жаудан сескенбей өмірі ат үстінде, қан майданда өткен ерлердің бірі – Абылайдың немересі, Қасым сұлтанның ұлы Наурызбай батыр.

Жас Наурызбайдың ерлікке толы өмірі қамшы сабындай қысқа болса да, айбыны алты Алашқа танылды. Ағасы Кенесары көтерген жасыл тудың астында Наурызбайдың жас құрақтай желкілдеген бекзат ғұмырын айғақтаған тұлғасы атойлайды.

Кенесары қан майданды бастағанда бекзат Наурызбай небәрі он бес жаста еді. Наурызбай туарда анасы Асылтас қайтыс болып, жас бөбек ағасы Кенесары мен жеңгесі Күнімжан сұлудың тәрбиесімен өсіп, жетілді. Кенесары оны атымен атамай, “Науанжан!” деп еркелеткен.

Өзінің соғыс өнеріне жастай машықтануымен, батылдығымен ел ішіне атағы жайылған Наурызбай атақты Нысанбай жырау “Қоғамы күшті ер еді, киімді бала тудырған!” деп дәріптеген Кенесарының оң қолы бола білді.

1841 жылы Кенесары хан болып сайланғанда Наурызбай хан кеңесінің мүшесі болды.

Наурызбайдың бойында адам таңғаларлық қасиеттер тоғысқан еді. Ол соғыста тапқыр, ұрыста батыл, сөзге шешен, әнші-күйші, жауырыны жерге тимеген палуан, бүркіт, лашын ұстаған құсбегі, небір шу асауларды ауыздықтаған атбегі болды.

Жас батыр небәрі жиырма бес жасында сатқын қырғыз манаптарының қолынан қаза тапты. Ағасы Кенесары жау қолына түскенде, қоршаудан сытылып кетуге шамасы келіп тұрса да, Наурызбай өз еркімен қырғыз әскерлерінің тобына барып, Кенесарымен бірге азапты ажалға мойын ұсынды.

Қазақтың ұлы батыры Наурызбай Қасымұлының ерлігі мен асқақ тұлғасы халқымыздың ақындары мен жырауларының өлең-жырларына арқау болды. Кенесары-Наурызбай жорығын көзімен көріп, жаулармен шайқастарына куә болған Нысанбай жырау жас батырдың Қырғыз Алатауының Кекілік тауында болған жекпе-жектердің бәрінде Орман манаптың батырларын түгел жер жастандырған ерлігін жырлаған.


// — Солтүстік Қазақстан. – 2015. — 10 кыркүйек. – 11 бет .

Возможно вам будет интересно

Яворская В. Давно, друзья весёлые, простились мы со школою // Северный Казахстан. - 2004. - 22 окт. - С. 9

Яворская В. Давно, друзья весёлые, простились мы со школою // Северный Казахстан. - 2004. - 22 окт. - С. 9

ДАВНО, ДРУЗЬЯ ВЕСЕЛЫЕ, ПРОСТИЛИСЬ МЫ СО ШКОЛОЮ Май далекого теперь от нас 1954 года. Ярко светит со... Читать полностью.

Көпекбаева,Ә. Тарих сабағында / Ә.Көпекбаева // Қазақ тарихы.-1995.-№3.-С.69-70

Көпекбаева,Ә. Тарих сабағында / Ә.Көпекбаева // Қазақ тарихы.-1995.-№3.-С.69-70

Ұлы Абай шығлрмаларын тарих пәнін оқытканда үнемі пайдаланып келемін. Әсіресе,5,8, 9-кластарда Қазақ... Читать полностью.

«Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің»

«Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің»

  Осыдан үш ғасырдай бұрын өмір сүрген Шал ақын (Тілеуке Құлекеұлы) – қазақ поэ-зиясының ... Читать полностью.