Мәжитұлы, Ә. Аютас

Есіл өзенінің жаркабағындағы Аютас шыңы әудем жерден мұнартып көз тартады. Ел аузындагы аңыз бойынша, осынау өрнекті құздың «Аютас» аталуы казактың белгілі де беделді батырларының бірі - Құлекенің есімімен баиланысты. Тарихи дерекнамаларға карағанда, ХVІІІ-ғасырдың бірінші жартысында ұланғайыр қазақ жерін жатжұрттык жаулардан корғаған Құлеке, Тілеке атты ағалы-інілі батырлар өмір сүрген. Құлеке батыр Абылай ханның жаугершіліктегі үзеңгілес серігі болумен қатар, көрнекті саясаткер ретінде ел мен ел арасын бітістіріп, елшілікте де жүрген.

Құлеке, Тілеке ауылдары «Актабан шұбырынды, алкакөл сүлама» зұлматында Сыр бойынан үдере көшіп, Арқаға ат басын тіреп, Көкшетау маңындағы Азат бекетінің түбіне қоныс аударады. Осы елді мекенде 1748-ші, яғни жылан жылғы көктем - Құлеке батыр шаңырағына қуаныш ала келеді. Аппақ сазандай ұл көріп, оған ақ тілекпен азан шақыртып, Тілеуке деген ат қойылады. Кейін Шал ақын аталып, артына өшпес әдеби мұра қалдырған, міне, сол Тілеуке. Бұл окиғаны кейінге қалдыра тұрып, Аютас хикаятын әрі қарай өрбітейік.

Арада екі жыл өткен соң, 1750-ші жылы тағы да аласапыран шапқын-шылық болып, Есіл бойын жайлаған қалмақтар мен естектер қазак қолдарынан соққы жеп, атамекеннен түре куылады да, Құдайберді, Бәйімбеттен тараған елдер Көкше атырабынан көшіп келіп, өзеннің екі бетіне қапталдай орналасады. Құлеке ауылы Есілдің сол жак бетіндегі құздың маңындағы ну орман-тоғайлы жерде шаңырак көтереді. Күндердің күнінде жылқышылар қанға боялып, жалба-жұлбасы шыққан киім-кешек пен домалап жатқан екі бас сүйегін көреді. Сұмдықтың апандағы аюдан келгенін іші сезген жылқышылар, жан-дәрмен ауылға шауып барып, көрген-білгендерін Құлеке батырга баяндайды. Делебесі дуда қозар батыр қару жарағын асынып, Балтабек дейтін балықшының салына отырып, өзен жағалауына келеді. Түсе калады да, найзасын алға кезеп, тура апанға тартады. Іздегенге сұраған дегендей, адам иісін сезген аю да апанынан ақырып шыға келеді. Қандай жау болса да беті қайтып көрмеген, хас батыр қорбаңдаған жыртқышқа найза салады. Жан бермек оңай емес, аю да өзінше шалт қимыл жасап, алдыңғы аяғымен найзаны ортасынан омырып жіберді. Денесіне қарудың ұшы тиіп, ызаланған жыртқыш болаттай тырнағы мен қашаудай тістерін бірдей жұмсап, батырдың санын, иығын, оң колын жаралайды. Намыска тырысқан Құлеке тістеніп, бар күш-қайратын жинап, аюға сапыны қайта-қайта сұккылайды. Сөйтіп, бір өзінде қырык кісінің күші бар дейтін макұлықтың жанын жаһаннамның түбіне жібереді. Содан бұл жер «Аютас» атаныпты.

Мәжитұлы, Ә. Аютас /Халық даналығы.- Қызылжар, 2009.- Б. 67
 

Возможно вам будет интересно

Яворская В. Н. Дар общения (Из опыта работы лектора общества "знание", преподавателя педагогического института) // Энтузиасты идеологической работы.- Петропавловск, 1986.- С. 23-25

Яворская В. Н. Дар общения (Из опыта работы лектора общества "знание", преподавателя педагогического института) // Энтузиасты идеологической работы.- Петропавловск, 1986.- С. 23-25

ДАР ОБЩЕНИЯ (Из опыта работы лектора общества "Знание" преподавателя педагогического инст... Читать полностью.

Естен кетпес кездесу   немесе Ғабеңнің аманаты

Естен кетпес кездесу немесе Ғабеңнің аманаты

1980 жылдың жазы болатын. Дәл сол жылы қызылжарлықтар қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, әйгілі жазуш... Читать полностью.

В Боровом 1941 года

В Боровом 1941 года

 Война. Фашисты рвутся в Москву. Чтобы спасти от гибели лучшие умы страны, целый эшелон ученых ... Читать полностью.