КӨНЕ ДӘУІР ДЕРЕКТЕРІНЕ СҮЙЕНСЕК...

                                                                                   ӨНЕ ДӘУІР ДЕРЕКТЕРІНЕ СҮЙЕНСЕК...

Қазақ хандығының тарихи бастаулары туралы ой толғағанда оның басын 1991 жылдан алу керек пе, елде орта ғасырларға бойлау жөн бе?
Қазақ мемлекеттілігінің мәселелеріне Қазақстанның, Ресейдің, Түркияның, Украинаның жене АҚШ-тың барлығы 200-ден аса тарихшылары толғанысқа берілген конференцияда осы тақырып әңгіме арқауына айналды.

Қазіргі күннің өзінде зерттеушілер Орталық Азия мемлекеттерінің тарихы туралы білімімізді кеңейтетін, оған түзетулер енгізетін, бұрындары кейбір мемлекеттердің мүддесіне орай жасырылып келген, зерттелмеген деректерді тауып отыр.
Осы орайда венециялық монах Фра Маоро 1460 жыл шамасында жасаған әлем картасы сол уақыттағы барынша түбегейлі және ауқымды дерек көзі ретінде айтарлықтай орын алады.

Колумбия университетінің профессоры, зерттеу авторы Рафис Абазов әлем картасын жасаудың және бул орайдағы еуропалықтардың құпиясы туралы айта келіп:

"Қазақ мемлекеттілігінің тарихы туралы деректердің ішінде орта ғасырларда Батыс Еуропада жасалған карталардың алатын орны ерекше. Олар Қазақ мемлекеттілігінің тарихын ғана емес, сонымен бірге сол уақыттағы күрделі де қитұрқы заманның саяси және экономикалық қарым-қатынастарының аясын-дағы Қазақ мемлекеттілігі туралы таным-пайымды бейнелейді", — деді.

Венециялық саяхатшының дәйектемелері
Бұл картаны шамамен 1450-1460 жылдардың аралығында Португалия королінің тапсырмасымен Венеция маңындағы Сан Джиовани монастырінде венециялық карта жасаушы монах құрастырған .
Бұл орта ғасыр дәуіріндегі жұмбақ та талас тудыратын карталардың бірі. Сондықтан ол әлемнің көптеген елдерінің зерттеушілерінің ынта-ықыласын аударып келеді.
Орта ғасырдың басқа да сая-си-мәдени карталарымен қатар ол да үлкен қызығушылық тудырады және Қазақ мемле-кеттілігінің құрылуы мен тарихын зерттеу ушін маңызды дерек көзі бола алады. Әсіресе, Қазақ хандығының 550 жылдығы жайындағы ғылыми пікірталастар тұсында оның орны ерекше.

Алдымен тарихи дерек ретінде картаның жасалуы қызықтырады. Ол сол кездің көп-теген саяхатшылары мен саясатшыларының жеке әңгімелеріне негізделіп дайындалған.

Бұл ретте олардың арасында венециялықтар мен генуялықтар ғана емес, сонымен бірге осы қалалардың азиялық қоныстарында тұрған саудагерлер, саяхатшылар мен елшілер де бар.
Азиялық қоныстардың тұрғындарының көбі — сол уақытта Қазақ мемлекеттілігінің негізі қаланған Орталық Азиядан шыққандар. Бұлардың арасында қазақтың және басқа да тайпалардың өкілдері, атап айтқанда, қып-шақтар болуы әбден мүмкін.

Осы кездері түркінің аса танымал жазба ескерткіштерінің бірі — "Кодекск Куманикус" — "Құман тілінің сөздігінің" (1330 жыл ) жасалғаны белгілі. Осынау латын-қыпшақ-парсы тілдерінің сөздігі жақын да жан-жақты байланыстарға арқау болды десек, жаңылмаймыз. Оны белгілі ғалым Александр Гаркавец баяндап берген

Екіншіден, картаның көлемі 2,4 х 2,4 метр болғандықтаң оған 3 мыңға тарта жазбаша атаулар, белгілер енгізілген. Сол кезеңнің ерекшеліктерін ескеретін болсақ, картада Венецияның қазіргі Қазақстанның аумағындағы мемлекеттік құрылымдармен дипломатиялық және әскери қарым-қатынастарының тарихын қамтитын құпия таңбалар мен жазулар орын алуы мүмкін.
Үшіншіден, егер жалпы Орталық Азияның тарихымен тұтас қарайтын болсақ, әрине, ортағасырлық жазбаша құжаттардың пайда-ланылғанын білеміз. Қазіргі тілмен айтқанда, Фра Маоро осы өңірдің саяси, әскери және мәдени жағдайына сараптама жасаған Өкінішке қарай, бұл деректердің көбі бізге жетпей қалған

Фра Маороның құпиялары

Фра Маоро 1464, яки 1465 жылдардың бірінде өмірден озғаннан кейін оның бүкіл ғылыми-техникалық мұрасы жұмбақжағдайда жойылып кеткен екен. Сондықтан оның ауқымды зерттеу жұмыстары жайында тап басып айту оңай емес. Қандай мұрасы аман қалған? Картаны жасауға Португалия королі V Афонсо (1432-1481) тапсырыс берген Зерттеуші Пиеро Фалчеттаныңжобалауынша, картаның бірінші нұсқасы корольдің қолына тимегең ал екіншісі Марчиано мұрағатында сақтаулы. Оның пайымдауынша, көптеген ұйымдар, корольдер айналасындағы құпиялар өзгелердің назарына түспеуі ушін картаның Венециядан шығарылмауына мудделі болған
Картаның қазіргі Қазақстанның аумағына қатысы бар орталық тусындағы жазбалар айрықша ықылас аударады.
Онда бірнеше қалалар сипатталған географиялық-саяси жағдай туралы түсініктемелер берілген жазба орналасқан. Жазба "Шағатай хандығы" деп аталады.
Бұл жазбада өңірдегі стратегиялық маңызы бар 12 өркендеу устіндегі қала жайында айтылады. Осы географиялық жазбаның қасында "Шағатай" деп аталған жер бар.
Оның жанында екі қаланың аты жазылған Соларға қосымша көптеген елді мекендер, өзендер мен жолдар көрсетілген. Бұларды одан әрі зерттеу керек.
Бұл карта өңірді мекендейтін тайпалардың барлығын бірдей атап шығу мақсатын көздемеген. Алайда, венециялықтар сауда және саяси қарым-қатынастар орнатуды ұйғарған ірі мемлекеттік құрылымдар картада аталған
Соның өзінде картада назар аударуға тұрарлық бірнеше деректер табылады. Карта Венеция мен Батыс Еуропаның Қазақ хандарымен экономикалық, саяси байланыстарыныңтарихын танытатын ақпараттар мен құпияларды ашып көрсетер еді.
Біріншіден, бұлар XV ғасырдың екінші жартысындағы Ұлы Жібек жолындағы экономикалық қарым-қатынастар мен сауда-саттыққа байланысты тарихты ашып көрсетеді.
Картадағы көліктердің сансыз суреттері пәрменді сауда-саттық қатынастары жүріп жатқанына және Ұлы Жібек жолы жалғаса беретініне венециялықтардың сенімді болған-дығындәлелдейді.
Екіншіден, карта қазақ тайпалары мекен-деген аумақтың экономикалық және қаржы жағдайын зерттеуде деректерге қол жеткізе алады.
Бір қызығы, Фра Маоро мен венециялықтар қазақ далаларын бос жатқан аумақ демей, олар географиялық жағынан үнемі дұрыс аталмаса да, онда алуан қоныстарды көрсетеді.

Үшіншіден, венециялықтар сол кезеңде осы еңірдің саяси құрылымында шағатайлықтарды үлкен рөлге ие деп санаған Картадағы шағатайлықтардың саяси рөлі жайындағы жекелеген жазбалар осы ойға негіз болады.
Мүмкін, Фра Маороның езі осы өңірден шыққан шығар. Өйткені, Осмаң Темір және басқа да әулеттердің өкілдері сияқты, хандар мен сұлтандар балаларының білімдерін жетілдіру үшін олардың саяхат жасауына рұқсат беріп отырған

Халықаралық дипломатия және Қазақ мемлекеттілігі

Бұл карта басқа құжаттармен бірге Қазақ мемлекеттілігінің құрылуының және сол дәуірлердегі дипломатиялық қарым-қатынастардың сыртқы саяси негіздеріне ой жіберуге жол ашады.
Мемлекет және оны басқару туралы теориялар мемлекеттілік ушін ішкі және сонымен бірге сыртқы негіздер болуын талап етеді. Осы ретте Фра Маороның картасы басқа мате-риалдармен бірге Қазақ мемлекеттілігінің сыртқы саяси негіздері туралы сөз қозғауға мумкіндік береді.

Солардың бірі — көптеген еуропалық мемле-кеттердің және, әсіресе, Венецияның Атырауды солтүстік жағынан айналып өтіп, Қазақстанның теріскейіндегі жолдармен Ұлы Жібек жолын қалпына келтіруге мүдделі болғандығы. Темір әулетінің өзара қақтығыстары және Осман сұлтандарының 1453 жыпы Константинопопьді басып алуы венециялықтардың осынау құрлықаралық далалық сауда-саттық қарым-қатынасына аса теріс ықпал жасады.
Сондықтан венециялық көпестер мен саудагерлер тауарлар мен адамдардың шығыстан батысқа кедергісіз және қауіп-қатерсіз қатынасуы үшін орталықтандырылған мемлекеттілік жүйенің қурылуын қолдауға ықылас қойған.

Екіншіден, Еуразия кеңістігінде дала жолдарымен қатынасып, сауда жасау арқылы игілікке кенелген адамдар да болған. Осман мемлекетінің және Орталық Азияның саудагерлері мен саяхатшыларының басым көпшілігі Венецияда, сондай-ақ, Италияның басқа да қалаларында тұрған. Солардың ішінде қыпшақтар мен басқа түркі тайпаларының өкілдеріде бар.
Үшіншіден, Қазақ мемлекеттілігінің сыртқы негіздері де болған. Нақ осы уақытта венециялық саяхатшылар мен миссионерлердің іс-әрекеті жанданған. Венециялық саяхатшыпар Николо Контидің (1395-1469), Джон Каботтың (1450-1500), Себастиан Каботтың (1474-1557) Таяу Шығыста, ОңтүстікжәнеОрталықАзияда болғандағы жазбалары нақ осы кезеңді қам-тиды. Атап айтқанда, Венецияда және Батыс Еуропаның басқа да мемлекеттерінде Шы-ғысты жетік білген саясаткерлер мен мемлекет қайраткерлері болған. Айтпақшы, Пиеро Фалчетта Фра Маороның Николо Контимен және басқа да саяхатшылармен кездесіп, ақылдасып отырғанын алға тартады.

Осыларды саралай келгенде бұлардың Қазақ даласының өкілдерімен байланыстар орнатқанына болжам жасауға болады. Әрине, біздің қолымызда қазір осы болжамды нақтылайтын деректер жоқ. Десек те, венециялықтардыңҰлы Еуразия даласындағы мемле-кеттермен тура дипломатиялық байланыстар орнатуға үлкен ықылас қойғанының жанама деректері осылайша ой түйіндеуге мүмкіндік береді.
Венецияның, Рим мен Ватиканның мурағаттарындағы деректер буған жол ашуы мүмкін.

Әлия САҒЫНДЫҚОВА, журналист.


// Солтүстік Қазақстан. – 2015. – 23 шілде. – 3 бет .

Возможно вам будет интересно

Трусов В. Северо-Казахстанская область в годы Великой Отечественной войны//Неделя СК.-2006.-5 мая. - С.5

Трусов В. Северо-Казахстанская область в годы Великой Отечественной войны//Неделя СК.-2006.-5 мая. - С.5

Северо-Казахстанская область в годы Великой Отечественной войны Воина. Она подразумевает кровь, бол... Читать полностью.

Большие перспективы Акжарского района

Большие перспективы Акжарского района

Районный центр Акжарского района - село Талшик постепенно преображается. И все это благодаря неравно... Читать полностью.

"Батыр Баян" дастанындағы Баян бейнесі

"Батыр Баян" дастанындағы Баян бейнесі

  Баян батыр туралы жырды Баян ағаның (Баянғали Әлімжанов) домбырада орындауында алғаш тыңдаған... Читать полностью.