Қазақ хандығының құрылуы және Керей мен Жәнібек сұлтандар

 

 

Хандықтың құрылуы. Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан территориясында XIV- XV ғ. болып өткен әлеуметтік -экономикалық және этникалық — саяси процестердің заңды қорытындысы болды.

Тарихи әдебиетте В.В.Вельяминов-Зерновтан бастап, Шығыс-Дешті Қыпшақтың көшпелі тайпаларының 1 бөлігін Жошы ұрпағы Керей мен Жәнібектің басшылығымен Шу мен Талас өзендерінің жазығына көшуі Қазақ хандығы құрылуының басталуы болды деген пікір бар.

Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы төтенше маңызды оқиға болды. Ол улан — байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктуде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және тубегейлі шешуші роль атқарды.

1456 жылы Керей мен Жәнібек ханның Әбілқайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап Шығыс Дешті — қыпшақтан батыс Жетісу жеріне қоңыс аударуы қазақ хандығының құрылуына  мұрындық болған маңызды ' тарихи оқиға болған еді. Бұл оқиғанның мән-жайы мынадай болатын: 1428 жылы Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық қырқыста қаза болған соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге бөлінгенде өкімет үшін өзара қырқыс үдей түсті. Бұрынғы Ақ Орданың орнына Әбілхайыр құрған «көшпелі өзбектер» мемлекеті пайда болды.

Осы мемлекеттің территориясы XV ғ. орта шенінде Сырдариядан Сібір хандығына дейінгі Ұлан байтақ жерді алып жатты. Алайда бұл мемлекеттің ішіндегі өкімет үшін күрес бір сәтте толастаған жоқ. Әбілхайыр хан өзінің саяси душпандарын-Жошы әулетінен шыққан султандарды құдалауын тоқтатпады. Өкімет үшін күрес барысында  Дешті — Қыпшақтан өздерін қолдайтын жеткілікті күш таба алмаған Ұрыс ханның шеберелері-Керей мен Жәнібек XV ғ. 50 жылдары орта шенінде қарамағандағы ауылдары мен Шу өзенінің бойына көшіп кетуге мәжбүр болды.

Осы оқиғалар жөнінде Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің "Тарихи -Рашиди" атты шығармасында былай деп жазады: «Ол кезде Дешті-қыпшақ Әбілхайыр хан биледі және Жошы әулетінен шыққан султандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Керей мен Жәнібек Моғолстанға көшіп барады. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Манғолстаның батыс жағындағы Шу мен Қозыбас аймақтарың берді.

Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр (1468 ж.) дүние салды да, Өзбек ұлысының щаңырағы шайқалды. Ірі -ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей мен Жәнібекке көшіп кетті. Сүйтіп олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер- «қазақтар» депатады. Қазақсултандары 870жылдары (1465-1466 жж.) билей бастады». Сөйтіп, 1465-1466 жылдыры Шу мен Талас өзендерінің алқабында Қазақ мемлекетінің негізін салған дербес қазақхандығы құрылды.  Осы территорияға деректемелерде тұңғыш рет «Қазақстан» деген атау қолдынала бастады.

Қазақ хандығының нығаюы.Тарихи деректемелер алғашқы қазақ хандарының хандықтың территориясын кеңейтуге, Сырдария өңіріндегі қалармен Шығыс Дешті — қыпшақтың қырдағы аудандарындағы өз билігін нығайтуға бағытталған белсенді сыртқы саясаты туралы баяндайды. Әбілқайыр хандығы мен Моғолстанның құлдырауын пайдалана отырып, Керей мен Жәнібек XV ғасырдың 60 жылдырдың соңында қазақтар мекендеген бүкіл территорияның біріктіру жолында ойдағыдай күрес бастады.

Қазақ хандығының саяси -экономикалық базасын ңығайту үшін Сырдария бойындағы қалаларды қарату төтенше маңызды еді. Осы орайда, қазақ хандығының алдына 3 үлкен тарихи міндет қойылды:

1.Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті -Қыпшақ даласында бұрыннан қалып-тасқан дағдылы тәртібін қалпына келтіру (бұл тәртіп Әбілқайыр хандығындағы аласапран арқылы бұзылған) көшпелі шаруалардың көкейтесті мүддесі еді.

2.Шығыс пен Батыс арасындағы сауда керуен жолы үстінен орнаған Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Ясы (Түркестан) т.б. қалалары қазақ хандығына қарату. Бұлар осы өңірдегі саяси- экономикалық және әскери- стратегиялық берік база болатын.

3.Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық территолриясын біріктіру. Бұлардың ішіндегі ең маңызды міндет- Сырдария жағасындағы қалаларды қарату күресі болды.

Сырдария бойындағы қалалар мен Дешті — Қыпшақ даласы үшін күресте қазақ хандығының басты бәсекелесі және ата жауы Әбілқайыр хан еді. 1468 жылы қыста ол қазақ хандығын қиратпақ болып, Жетісуға жорыққа " атанды, бірақ сапары сәтсіз болып, жорық жолында қаза тапты. Әбілқайырдың қаза болуы қазақ хандығының ңығайуына және территорияның  көлемінің кеңеуіне үлкен себеп болды. Ол өлгеннен соң, оның елігінде  қиян-кескі феодалдық қырылыс басталып, хандық ыдырай бастады. «Өзбек ұлысының» шаңырағы шайқалды, ірі шиеліністер басталды.

Оныңқарамағындағы үлкен бөлігі Керей мен Жәнібек ханға көшіп кетті. Мұндай тиімді жағдайды дер кезінде пайдаланған қазақ хандары Керей мен Жәнібек бұдан 12 жыл бұрын өздері ауып кеткен ата қоңысы Шығыс Дешті-Қыпшақ қа қайта оралды.

Өз тілшімізден

Өз тілшіміз //Солтүстік Жұлдыз. 1 қазан. – 2015. – 3 б.

 

Возможно вам будет интересно

Достойно служить Республике Казахстан

Достойно служить Республике Казахстан

Накануне празднования Дня защитника Отечества и Дня Победы в Великой Отечественной войне Нурсултан Н... Читать полностью.

Самрат, Ж. Тараған абыройы шартарапқа... // Солтүстік Қазақстан. - 2017. - 14 желтоқсан

Самрат, Ж. Тараған абыройы шартарапқа... // Солтүстік Қазақстан. - 2017. - 14 желтоқсан

Мүтәллап Қанғожин ағамызбен сонау... тіл үшін күрес басталған тоқсаныншы жылдардың басында танысқан ... Читать полностью.

Григорий  Михеев

Григорий Михеев

                            &n... Читать полностью.