Қазақ хандығының құрлымына-550жыл

          Қазақ хандығының құрлымына-550жыл

                                                                              Тамыры-терең,тағылымы-зор


Жаңа хандықтың құрылу процесі күрделі геосаяси жағдайда өтті. Бұл - Еуропадағы дамудың өріс ала бастаған кезеңі, яғни Ұлы географиялық ашулар дәуірі болатык Оңтұстікте севефидтік Иран шұғыл түрде қайта қаруланды. Шығыста Құбылай әулеті нығайды.
Қазақстан тарихының белгілі зерттеушілердің бірі - Клавдия Пищулина Қазақстан тарихының бес томдығында Қазақ хандығы-ның құрылуының хронологиясына қатысты өзінің дәйектерін келтіреді. Онда 1462 жылы Есен-Бұғының елімінен кейін және оның бауыры Йунус (Жүніс) ханның Ташкентке кетуімең Моғолстан билеушіперінің билігінің әлсіреген тұсында Жәні-бек пен Керей хандар билігі нығая түскені тұжырымдалады.  

Әбіл-қайыр ханның "1468/69 жылғы" өліміне байланысты, Қазақ ханды-ғының өз алдына дербес шығуы үшін Дешти-Қыпшақ даласындағы оқиғалардың барысын күтудің қажеті жоқ болатын. Профессор Б. Кәрібайдың пайымдауынша, Әбілқайырдың елімі - 1469/1470 жылдары болған. Осы жылдары Сырдария жағалауы қалалары ай-мағы мен Шығыс Дешті-Қыпшақтың далалық кеңістігінде қазақ хандарының билігі біршама нығаяды және кеңейеді.

А. Чулошников-тың пікірінше: "Мәселе өзбек ұлысындағы әулеттің ауысуында ғана тұрған жоқ, бастысы қазақ халқының құрылуымен, жеке мемлекеттің пайда болуында". Одан да басқа зерттеушілер, мысалы, Сапар Ибрагимов хандықтың құрылу мерзімін XVI ғасырдың басына жақындатып, Қазақ хандығының Х/-Х/І ғасыр аралығында құрылғанын айтады. Біздің пайымымыз, Қазақ хандығының құрылу процесінің ауыр және салыстырмалы түрде ұзақ жолдан өткенін қолдайтындар пікірімен сәйкес келеді.

"Қазақхандығының құрылуы бір мезгілде болған оқиға еместігін" Т.И. Сұлтанов әділ атап әтеді және оның пікірінше оқиғаның соңғы түйіні, "1470 жылы Әбілқайыр иелігіне Жәнібек пен Керейдің қайтып келуі және олардыңжоғарғы билікті басып алуы". Бірақ, қазақ хандығы құрылу датасына қойылатын нүктеге қалай болғанда да зерттеуші-лердің айқындаған 1465 жылды алу қажет. Қазақ хандығының құрылуы Атақты татар ғалымы М.Г. Сафаргалиев Әбілқайыр хан Сырдария алқабын қалдыруға мәжбүр болды және Арал теңізі жағалауына кеткен деп көрсетеді. Бұл "бірқатар өзбек одағының" қатты көңілін бұзды. Ап қазақтардың кетуімен (қоныс аударуымен) Әбілқайыр-мен кешпенді езбектердің аз ғана бөлігі қалды деп мәлімдейді.

Біз үшін өте маңызды ақпарат.
К. Пищулинаның пікірінше, Қазақ хандығының құрылуы Дешті-Қыпшақта емес, Батыс Жетісу (Моғолстан) жерінде жүргек Осы нұсқа шындыққа жақын келеді, бірақ көшпелі тайпалардың ауқым-ды жұмыла кірісетіндігін есепке ала, қазақ билеушілер билігінің Дешті-Қыпшақ жерінде тарағанын да жоққа шығара алмаймыз, оның үстіне бұл аймақтар географиялық жағынан ете жақын Айта кету керек, осы тұста К. Пищулина Зайн аддин Васифидің жазбасында Батыс Жетісу (Шу мен Талас апқапта-ры) аумағының алғаш рет "Қазақстан" атауымен аталынғаны, зерттеушілер көңілін аударғаны жөнін-де айтады.

Одан әрі оқиға куәгері Фазлаллах ибн Рузбихан Исфаханидің хабарламасынан Әбілқайыр хан өлімінен кейін езбектер елінде үлкен бассыздықтардың туындағаны жөнінде үзінді келтіріледі. Онда: "Қазақ ұлысында сұлтандар хан болғандары үшін өздерін мақтан тұтты. Мұндай жоғары лауазым бірінен кейін бірі, бірнешеуінің қолынан өткен соң хандықтын кезегі Бұрындық ханға жетті, ол - даңқты хандар әулетінен шыққан ұлыстың ұлыларының бірі" екендігін баян-дайды.
Әбілқайырдың немерелері жастық шағында "қазақ" болған, яғни аталары сияқты олар да еркін қазақ сатысынан өткен. Бір кездері Мұхаммед Маңғыстауға жақын ноғайлармен де тұрғаң бірақ кейін Түркістанға кеткен Кейінірек олар өздерін "өзбектерміз" деп атаған тайпаларды басқарады.

1499-1503 жылдары Әбілқайыр-дың немересі Мұхаммед Шейбани езіне сенімді "көшпөлі өзбектер-мен" Мәуереннахарды жаулап алуға кіріскені жайлы айта келе, өзбек мектебіне арналған оқулық авторлары жазған тарихи оқиға былайша ербиді: "Жорықта ол темуридтерді аңдаусызда бас сала-тын әскери тактиканы қолданған 1504 жылы Ферғана түпкілікті алынады, ал мемлекеттің астанасы Самарқанд қаласы болады". Мұхаммед Шейбани 1510 жылы сефевидтер (Иран) әскерімен шай-қаста қайтыс болды. Ал бөлесі Мұхаммедтің қазасын естіген Қасым қатты қайғырған жөне қызылбастардан кек алу үшін үлкен ұлы Әбілқайырды (!)жұмсаған.
Қазақ хандығының құрылуы қазіргі Қазақстан аумағы мен оған шекаралас ХIV-ХV ғасырлардағы аймақтардағы күрделі этносаяси, әлеуметтік-экономикалық және зтномәдени процестердің нәтижесі болып табылады. Бұл процестердің басты нәтижесі моңғолдық кезеңнен кейінгі мемлекеттер аясында (Ақ Орда, Моғолстан, Ноғай Ордасы, Сібір хандығы), біртұтас саяси бірлестік жолында бірігуге қажеттілікке мұқтаж, қазақ халқының қалыптасуының аяқталуына әкелген.

XV ғасырдың 60-шы жылдары сұлтандар билігі ездері құрған әлеуметтік құрылымда нығая түсті. Өздерінің көшпелі бірлестіктерге тән белгілері қалыптасты: билер соты, салық жүйесі, территориялық шекарапары, т.б. Сығанақ қаласы билеушілер ордасы хандықтың астанасына айналды.XV ғасырдың 70-90-шы жылда-ры Қасым мен Ақназар тұсында Қазақ хандығы нығайды және оның шекаралары кеңейді. Олар астананы Сығанақтан ауыстырды.
Көңіл белерлік мәселе, тарих ғылымының жаңа бағыттарының бірі - популяциялық генетикамен айналысатын ғалымдар тобы қазақ халқының біртұтас этнос ретінде қалыптасуы XV ғасырдың ортасы деген шешімге келуі сол кезеңдегі саяси оқиғалармен то-лықтай сөйкес келеді.

Жақсылық Сәбитовтың мәліметі бойынша ДНК сараптамасы қазақ руларының ХІII-ХVғасырларда емір сүрген ортақ ата-баба тұқымынан тараған еркектер жағының генетикалық ұр-пақтарынан тұратынын көрсеткен. Сонымен қоса қазақ руларының рубасыларының барлығы дерлік ХПІ-ХV ғасырларда емір сүрген және Алтын немесе Ақ Орданың бас әмірлері болды. Бірақ, олар-дың орналасуының ең ежелгі тари-хы Байкал езенінен Дунайға дейінгі кең-байтақ даланы қамтиды. Қып-шақ тілі негізінде қазақ тілі ХV-ХVI ғасырларда түпкілікті қалыптасты.
Жұртшылыққа белгілі қазақтар-дың "Алаш" деген де атауы бар. Дұрысы "Алаш баласы" ұғымы бо-луы тиіс. Аңыз-өңгімелер бойынша қазақтың барлық тайпалары ми-фологиялық Алаш тұқымынан та-райды. Ал шынында осы мезгілге дейін Алаш этнонимінің пайда болуы өлі де жұмбақ. Қазақтың ездерінен басқа құрамына ноғай-лар, езбек, қырғыз, түркімен қара-қалпақтар, тіпті, қалмақтар (ойрат-тар) кіретін "Алаштың алты бала-сы" ұғымының қалыптасуы ежел/ ден бастау алған және оның тамыры ежелгі түріктерге немесе Алтын Орда кезеңіне жайылады. Қазір Кавказ ноғайлары бізді "Алаш" деп атайды.

Жас Қазақ хандығы өмір сүруге қабілетті болып шықты. Әбілқайыр әлімінен кейін оның ұлысы ыдырай бастайды, кептеген тайпапар Мұхаммед Хайдар Дулати көрсеткендей, қазақ сұлтандары Керей және Жәнібекке жаппай кете бастайды. Ап 1465-1466 жылдары қазақ хандарының билігі түпкілікті бекиді, Әбілқайыр хандығы территориясының үлкен бөлігі қазақтар жағына өтеді.

Мұндай жағдайдың кереметтігі сод хандық басында бір-бірімен туысқан екі адамның тұруы.
Бірақ, тарихшылар (М.Әбусейіто-ва. Б.Карибаи) тұжырымдағандай, алғашқы хан Керей болғанды. Жас жағынан да үлкен болған еді, //Керейдің өлімінен кейін 1470 жылы ол билік Жәнібекке етеді. Жәнібек қайтыс болғанда хандық билікке Бұрындық келеді. Кейбір зерттеу-шілер оның есімін шежіре жазушылар дұрыс бермегенің нақтысында оның есімі, шындыққа жақын қазақ тіліндегі айтылуына сәйкес, Мұрындық болған деп есептейді.

Біздің ойымызша, қазақ тілінің лексикасына сәйкес Мұрындық есімі шындыққа жанасады.

Бір қызығы, ноғай (татар емес) тілінде мұрынды олар "бұрын" дейді, ал мұзды -"бұз" дейді. Қалай аталса да Бұрындық (Мұрындық) хан қазақтың көшпелі мемлекетінің негізін нығай-туда маңызды рөл атқарды. Одан кейінгі қазақ хандары өулетін

жалғастырушылар Жәнібек ханның ұрпақтары болды.
Керей мен Жәнібек хандардың жерленген орындары женінде де бірнеше нұсқалар бар. Бір аңыз бойынша, Керей Астана қаласынан 100 шақырым жердегі Қазақстанның солтүстігінде, ал Жәнібек бол-са, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Созақтан (Сығанақ) алыс емес жерде жерленгендігі айтыла-ды. Мұқият зерттеуді қажет ететін одан да басқа мәліметтер жетерлік. Осы мерейтойды еткізер кезде кептеген ізденістер, терең зерттеулер туар дегең тарихымызға қатысты жаңалықтар да болар деген ойдамыз.
Ескеретін жайт, Қазақ хандығы құрамының түпкі негізі, қазіргі тілмен айтқанда, кепұлтты интернационалды болды. Қазақтардың ездерінен басқа қалыптасушы хапықтың құрамына өзбектер, ноғайлар, қырғыздар, қарақалпақтар, қалмақтар, солтүстік кавказ халықтарының екілдері және араб қожала-рының ұрпақтары кірді. Кейінірек езбектер мен қазақтар арасы бөліне бастайды. Бірақ шығу тегінің ортақтығы есте сақталған Мысалы, "Өзбек - өз ағам, сарт - сада-ғам" деген ұғымдар бұл халықтардың өткені бірегейлігінен хабар береді.

Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің "Тарих толқынында" еңбегінде "Қазақ хандығы" Орталық Азиядағы тұңғыш ұлттық мемлекет болғандығын" атап өткен болатын Және бұл мемлекет бір орталыққа бағынған саяси құрылым болды. Қазақелінде ешқашан руаралық не аймақтық соғыс болмаған 2010 жылы Қазақстанның жаңа астанасы - Астанада Жәні-бек пен Керей хандарға ескерткіш орнатылды.

Әбілқайыр хан мемлекетінің ыдырауы, халықтың көшіқоны кептеген түркі халықтарының қалыптасуының аяқталу кезеңімен бір мезгілде болды. Бұл кезеңде тарихи аренаға қазақ, ноғай, езбек және басқа да этностар шығады.

Ескере кететін жайт, халықтардың құрылуы белгілі бір этникалық топтың басымдығымен жаңа мемлекеттердің қалыптасуымен ұштасып отыруы еді. Қазақ хандығының құрылуы және оның қалыптасуымен қатар "қазақ" атауының анықтамасы (дефиниция) этникалық бейне ала бастады. Егер Қазақ хандығы құрылғанға дейін "қазақ" атауы анықтамасына көбіне әлеуметтік өң берілсе, аллысыншы жылдардан кейің "қазақтар" немесе "өзбек-қазақтар" деп этникалық топтарды құраушылар атала бастады.
XV ғасырдың 60-шы жылдары көптеген авторлар "қазақ" ұғымына белгілі этникалық мән береді. Мұ-хаммед Хайдар Дулати: "... Жөні-бек жөне Кереймен бірге кеткен-дерді "қазақтар" деп атады және оларға осы атау бекігені" туралы жазады. Көптеген жылға созылған этникалық процестер нәтижесінде "қазақ" этнонимі және Қазақ хан-дығының құрылуы бекіді. Қазақ хандығының тұрғындар саны, әсіресе, Әбілқайыр ханның өлімінен кейін жаңа рулар мен тайпалардың келуі есебінен кебейді. Кеңбайтақ Қазақстанда қысқа мерзім ішінде этникалық қауым пайда болғанды. Жаңа мемлекет - Қазақ хандығы, оның территориясы мен этникалық шекарасы қалыптасты.
Қазіргі орыс тілінде "қазақ" атауы (қатаң "қ" сөздің басы мен аяғында) "казах" ретінде оқылады, адамның түркілік этнонимін білдіреді, өзініңру-тайпасынан бірқатар себептермен белінген жөне еркін далалықтарға айналған Осылай-ша "қазақ" этнонимі тұрақты әлеуметтік мөн алған және бірте-бірте түрлі деңгейдегі этностарға тарады (мысалы, орыстар арасындағы казактардың этнографиялықтобы).

Бүркітбай АЯҒАН, Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Мемлекеттарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор.



//Солтүстік Қазақстан. -2015. -5ақпан. -3бет.

 

Возможно вам будет интересно

Сахна самалы

Сахна самалы

Киелілігі - шыншайылықта. Шынайылығы - актердің сахнада "өмір сүре білуінде" жатыр. Те... Читать полностью.

Ақан сері

Ақан сері

 Ақан туралы білгендерін айтып һәм жазып берген Мырзалыұлы Баялы, Шыңғысұлы Қокыш, Бозайұлы Ысм... Читать полностью.

Трусов В. НЭП. Краткая эпоха подъема // Северо-Казахстанская область: страницы летописи родного края. - Алматы,1993. - С.153-192

Трусов В. НЭП. Краткая эпоха подъема // Северо-Казахстанская область: страницы летописи родного края. - Алматы,1993. - С.153-192

НЭП. КРАТКАЯ ЭПОХА ПОДЪЕМА Трудное начало Экстренные меры по выкачиванию хлеба все чаще наталкивал... Читать полностью.