Қазақ хандығының құрлымына-550жыл-3

 

  Түркі-моңғол зерттеуші-ғалымдарының басым көпшілігінің пікірі бойынша, "қазақ" этнонимінің дұрыс аталуы - "қазақ". Орталық Азияның ежелгі ескерткіштерінде "казачество" түсінігі "еркіндік, еркін өмір-салт" уғымының баламасы ретінде қолданылған. Ол Шығыс және Батыс елдері авторларының жазған әдеби шығармалары куәландырғандай, сол мағынада көптеген ғасырлар бойы түсіндірілді.

Түркіславян қарым-қатынасының және байланысының беделді білгірі, академик Н.А. Баскаков: "казак-козак" сөзі керші түркі тілдерінен поляк және украин тілдері арқылы алынған болуы мүмкін және орыс тіліндегі жазбаларда алғаш рет 1395 жылы "жұмысшы, батрак" мағынасында, ал кейінірек "козак" мағынасында, яғни әскери шекарапық қорғаныста міндет атқаратындар ретінде тіркелгенін пайымдайды.

В. Даль "казак" - "козак" этнонимін "кезу, қаңғу", сол сияқты "гай-дук", "гайдамак" сездерінен пайда болуы мүмкіндігін атады. Н.А. Баскаков көрсетілген жоғарыдағы сөздердің мағыналарының барлығы бір-бірімен өзара байланыстылығын және жалпы мәні "тәуелсіз адам" ұғымын беретінін нақтылай келе, "бұл мағынамен түркі ұлты -қазақ (казах) - еркін тәуелсіз көшпелі атауымен де байланыстылығын" алғатарта, қорытынды жасайды. Г.Ф. Благова "қазақ" және "казак" этнонимінің үйлесуінің тегін емес екендігі жөнінде жазады. Ежелгі заманда Солтүстік Кавказда "касоги" деген өмір сүрген, қазіргі кабардин, черкес, абхаздықтардың ата-бабасы.

Бірақ бұл жағдайда "касоги" мен "қазақ" этнонимдерін фонетикалық ұқсастығына тіретін сияқты (Н.М. Карамзин (История государства Российского Соч. в 12-томах. М., 1993; В.О. Ключевский ("Курс лекций по русской истории"), қазақтың белгілі ғалымы Ш. Уәлиханов "Қырғыз шежіресі" зерттеуінде қазақ этнонимі және казачество ұғымы әлеуметтік құбылыс ретінде Русь жеріне Орталық Азия көшпелілерінен ауысты деген тұжырымды қолдайды.

Бәріңізге белгілі, Еуразияның түркі және славян тайпалары арасындағы алғашқы және мықты байланыстар б.д. Ч-МІ ғасырларда бекігенді. Кейінірек көшпелі түріктер, берендейлер, печенегтер өздерінің ағайындары половцылардан қорғанып, Днепр мен Донға қоныстанды. Ғылыми ортада "половцыларды" түркітілді кумандар және қыпшақтармен нақты бірегейлендіреді.

Ежелгі Русь географиялық жағынан Шығысқа, оның ішінде көшпелі халықтармен де жақын орналасқаң христиан дінін қабылдамастан бұрынақ олармен арада тығыз байланыста болған Әрине, олардың мәдениеті мен тілдерінің өзара әсері болған.

Кезінде О. Сүлейменовтің "Аз и Я" кітабында жазылғандай, "Игорь полкі туралы жырда" көптеген түркі тілінен шыққан сездердің кездесуі тегін емес және заңды
"Қазақ" сөзі, "казаковать" түсінігі сияқты түркітілді тайпалармен бірге Русь халқы ортасына енуі әбден мүмкін. Ш. Уәлиханов езінің "Қырғыз (қазақ) шежіресі" еңбегінде былайша жазады:"... казачество Азияда басталғаны және дамығанына күмән жоқ және татарлар арқылы орыстар арасына енді.... Русь үшін Украина сияқты кең-байтақ қырғыз (қазақ) даласы, бостандық пен бай олжа іздеуші батылдар мен батырлардың түйісу орнына айналды".

Н.М. Карамзин де осындай көз қарасты ұстанды. Ол: "...1444жылы Василий Темный кезеңіндегі жылнамашылар рязаньдық қазақтар туралы, жаңа замандағы даңқты ерекше жеңіл әскер женінде жазғанынан
хабар береді (Ряза^ьның татарлар орналасқан жерге тым жақындығына назар сала). Осы тұста, ХУІІІ-ХІХ ғасырларда Еуразия және Кавказ халықтарың ноғайларды, қазақтарды, қырымдық-тарды және, тіпті, әзірбайжандықарды да, яғни кептеген түркітілді халықтарды татар атауымен атағаны атау  өту керек.

Кіші жүз тайпаларының өздерін қазақтар деп атағандығы жөніндегі Ш. Уәлихановтың пайымы, Еділ бойы және Қырым хандары ұлыстарындағы әлеуметтік топтар ретінде қазақтардың өмір сүруі туралы біздің қорытындыларымызды тағы да бекіте түседі.

Яғни, 1517жылдар шамасында тарих бойынша олардың тарихта белгілі болған қазақтар атауы бір ғана Украинада ғана емес екендігі айқындала түседі.
Бірақ Н. Карамзин ойлағандай, ол Ресейде ежелгі Батый шапқыншылығында және жарлықұздармен қоршалғаң адам жүре алмайтын қамысты және ми батпақты Днепр жағалауында емір сүрген түріктер мен берендейлерге тән болуы мүмкін.

"Қазақ" этнонимінің пайда болу себептерін сипаттай келе қазақстандық ғалым В.П. Юдин

былайша жазады: "Казак сөзінің шығу мәніне қатысты келесіні байқауға болады. Қазақ сөзі қандай мән бергенін айқындау үшің ол этнонимге айналғанда, оның барлық "семантикалық" тарихын білудің қажеті жоқ. Пікірталасты доғару ушін этнонимнің семантикалық базасына қандай нақты маңызды мәселе қызмет атқарғанын білудің өзі жеткілікті.

Оның мәні бұрыннан бекіген Ол түрік халықтарындағы казачество институтын керсететің қазақ ретінде іс-қимыл жасайтын казактардың өмір салтына апаратын бейнесінің белгісі. Бұл сөздің көп аудармалары ұсынылды.

Сол аудармалардың барлығын да дұрыс және бұрыс деп айтуға болады. Аудармалардың басқа белігін жабулы күйінде қалдырып, казак қызметінің белгілі бір жағын дұрыс сипаттайды. Басқаша айтқанда, казак сезі аударылмайды.

Сондықтан орыстар оны аудармастан сол күйінде қабылдады" (ауд. - Қ. Ерім-бетова).
Қазіргі кезеңде этноним ретінде казак анықтамасы қандай да бір ұжымды белгілеу үшін алғашқы қолданылғанына жане бұл женінде қандай да бір ауытқу мен сенімсіз-дікке орын жоқ. Осындай адамдар тобы қоныс аударған кезеңде Керей және Жәнібекке ерді және сәл кейінірек Жетісуда оларға қосылды. Қазак атауының этнонимге айналу тарихы осы қоныс аудару кезеңінен басталады.

Дешті-Қыпшақ көшпелілерінің жеке біреуді немесе топтарын белгілеу ушің басқа да қолданыс жағдайында, оның этнонимге айналуы кездеспейді. Мұндай жағдайлар Керей мен Жәнібектің қоныс аударуынан бұрын да және кейін де көп болды. Деректерден үзінді келтіре отырып, біз түркі қауымындағы нөкер қазақтар туралы айғақ келтіре аламыз. Біріиілден, бұл "Шыңғыс-наме” ден алынған узіндідегі қазактар, Өзбек ханның Алтын Киіз үйін Қызыр хан олар (казактар) үшін қиратқан

Өтеміш-қажының белгілі "Шың-ғыс-наме" еңбегінде жоғарыдағы оқиғаны сипаттайтын белгілі факті-лер келтіріледі. Автор Алтын Орда-дағы дау-дамайлар туралы көріністерінде келесі мәселелерді баяндайды. "Ханша Тайдула (орыс деректері бойынша)
Қызыр ханды шақырып алды да оны Саин тағына хан қылды... және Қызыр ханға
тұрмысқа шығуды қалады. Ханның да оған үйлену ойы бар еді. Бірақ оның қасында бұл мәселеге келіспейтін найманнан шыққан бек- Құ-тылық-Бұғы болды.

Ол: "Үйленбе!" -деді. Оның сөзін тыңдады да, үй-ленбеді. Өзін жар ретінде қабылда-майтынын сезген бегімнің ханға де-ген сый-құрметі бұрынғыға қара-ғанда азая түсті.

Оған ашуланған хан да Алтын киіз үйді қиратып, ал алтынды өздерінің казактар ара-сында беліп алуға шешім қабыл-дайды. Мұны естіген бегім ханға адам жіберіп: "Райынан қайтсын!" -деген хабар жібереді.

Оның сезін елемеген Қызыр хан киіз үйді қи-ратты және беліске салды. Ханға ашу-ызасы келген Бегім өзінің бек-терін жинады жөне оны қуып жібе-реді. Қызыр хан кеткенмен, кейін өскер жинап, қайта Ақкелге келеді, Тайдулаға қарсы жорыққа аттанады жөне Алтын Орданың ханы болады. 

Тайдула бегімге ауыр елім жазасы кесілді".
Бұл үзіндіде назар аудартатын екі ақпараттың маңызы бар. Біріншіден, Қызыр хан өздерінің қазақтары арасында болғаң яғни әскери үзеңгілестерімен, некерлерімен Өтеміш қажы Алтын Орда тұсындағы казак атауын нақты жазады, яғни ХІІІ-ХІУ ғғ. Демек, әскери қауым ретінде ерекше артықшылығы, ұландар - "қазақтар" Алтын Орда түрғындары арасында танымал болған Жалпы алғанда, өтеміш қажы сол кезеңдегі Тоқтамыс және басқа жігіттердің ("о казакова-нии") қазақ болып жүрген іс-қимылдары туралы жиі атап етеді.

Ол кезеңдегі саны аз қазақтар кейінірек көбейіп, Алтын Орданың кең даласына тарады. Екіншідең Өтеміш қажы Қызыр хан Ақкөлге "кетті" деген мәлімет береді. Еділ бойында Оралдан Ақкөл атаумен көлдердін кезені болды.
Бірақ дәл осындай көлдер қазіргі Қазақстан аумағында да көп. Қызыр ханның Қазақстан жеріндегі Ақкөлге қоныс аударуы да әбден мүмкін.
В.П. Юдиннің "В "Устюжском летописном своде" жылнама жинағында Шайбани Ивак пен (Ибак) казактар-шибандар және казактар-ногайлар қосылып, алтын ордалық Ахмад ханның Ақ ордасына жасаған шабуылы туралы беріледі.

Ондай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Бірақ тек Керей мен Жәнібектің қоныс аударуы ғана казак сөзінің этникалық мазмұнын толықтырды. Бұл қоныс аударудың мәнін кейде әсерлеудің қажеттігі жоқтығы айтылуда және жазылуда. Бірақ оны бағаламауға да болмайды. Оның себебі, Керей мен Жәнібектің қоныс аударуының қазақ
халқының тарихындағы маңыздылығына хандықтың құрылу көзі ретінде бағаламау әділетсіз болар еді.

Бірақ бұл оқиға халықтың қалыптасуының бастауы немесе аяқталуы, процестердің басқа да деңгейлері болды ма, ол әлі зерттеу жұмысын жетілдіруді қажет етеді. Болжамдап айтқанда немесе кейбір фактілерге жүгінсек, өз алдына қазақ этносының құрылуының алғашқы кезеңі "казак" атауын қабыл-дауымен өтті деген пайым айтуға да болады.

Ұлы тарихшы және философ Арнольд Тойнбидің іргелі "Постижение истории" ("Тарихты түсіну", 419-429-66.) еңбегінен қызықты мысалдар табуға болады.

Ол былайша жазады: "Ненадежный татарский "gazag", одержавший победу над иранским катафрактом, разграбивший Багдад и заморивший голодом аббасидского халифа, был легковооруженным конным лучником устойчивого кочевнического типа, который впервые заявил о себе и заставил себя бояться в ЮгоЗападной Азии в киммерий-ских и скифских набегах на рубеже УІІІ-УІІ вв. до нэ". Автор "чагац" этнониміне берген түсіндірмесінде "цагац" - кезбе, тонаушы, теңіз қарақшысы деп көрсетеді. Осының соңынан "қазақ" сөзі шыға келеді. "Казак-казах" этнонимінің пайда болуы туралы біздің қорытындымыз Арнольд Тойнби тұжырымдамасымен бүтіндей сәйкес келеді.

Мұнда есте сақтайтын жайт, ағылшын авторы тек этнонимнің пайда болуы ғана емес, сол сияқты ол ағылшынтіл ді тарихшылар басқа тілдегі қолжетімді еңбектеріне жөне деректеріне сүйенеді.
Кептеген авторлар, мәселен, В. Вельяминов-Зернов және М. Худяков казактардың Ресейге татарлардан ,яғни түреілерде келгенін ашық жазады.
Яғни, әскери қауым ретінде көсіби сапаға иемденіп, олар өздерін "казактармыз" деп атаған Олай боса, Ш. Уөлиханов-тың тұжырымы толықтай объектив-ті жөне ғылыми негізделген М. Ху-дяковтан келтірілген дәйек, татар казактары 1546 және 1551 жылда-ры құрыптайға (Қазанда) қатысқан-дығы да өте маңызды.

Украин тарихшысы Олөкса Гай-воронский езінің "Повелители двух материков" монографиясында, ертеректе "қазақтар" деп еркін өмір сүру салтын ұстанатын Шыңғыс ұрпағының тере өкілдері аталғанын айтады. Сұлтан болған казактар болды, яғни билік жүргізушілер өкіпдері. Қорытындыласақ, "Қазақ" атауы анықтамасының бірнеше нұсқасы болды, бірақ түпкі мағынасы өзгеріссіз қалуы тиіс, олар "еркін адам" болған
Белгілі зерттеуші М. Тынышпаев бұл атауды қолданған келесі мысалды келтіреді: "1356 жылы "казактар" Мауреннахрға шабуыл жасады...". "1397 және 1410 жылдары қырым татарларының бір бөлігі Литваға қоныс аударды жөне езде-рін "казактар" деп атағандар король жанында қызмет атқарды". 1474 жылы Қырым ханы Меңлі-Керей III Иванға хат жазады: "Мне твоей земли не воевать, моим уланам, ни князьям, ни казакам". 1471 жылы Новгородқа жасалған шабуылға өзінің "казактарымен" Қасымның Данияр ханзадасы қатысты.

Басқа да бізге белгілі деректер бойынша, 1481 жылы Шайбани Ибак хан "1000 казакпен" және ноғайдың мырзалары Мұса және Жаңбыршы "15000 казакпен" қосылып, Ахмед ханға шабуыл жасаған 1499 жылы "орда казактары және Козелск түбіндегі азовтықтар келді және Олеша селосын алды". Қазан ханы Абдуллатиф 1508 жылы князь Василийге "өздерінің казактарын со-ғысуға жібермейтініне" уәде береді. Жоғарыдағы мысалдар "казак" терминінің еркің ерікті, тәуелсіз батыл-дылар қауымының таза әлеуметтік мәнін білдіреді.

1523 жылы Стам-булда орыс елшісі И. Морозовтың сұлтанға айтқан сөзі былайша беріледі: "Твои казаки азовские наших изымают в поле и водят в Азов и продают". Белгілі мемлекет қайраткері, ақың жазушы оәкен лин қазақтардың шығу тегі, "қазақ" - "казах" этнонимінің пайда болуы туралы терең де мағыналы жұмысын 1931 жылдың наурыз айында жариялады.
Украин тарихшысы Олекса Гай-воронскийдің пайымдауышіа, Қырым хандығының Буджак Ордасы бойынша славянтілді деректерде "казак" этнонимі "ақ қапалық казактар" ("белградские казаки") ретінде қолданылды, яғни Қырымдағы "Ақ-кермен" ("Ақ бекініс") Ақ-қала қаласы атауымен астасып жатыр (Ақ-Кермең қазіргі - Симферополь қаласы).

XVIII жөне XIX ғасырларда ті-лінде, дінінде және антропологиялық типі бойыииа да ортақ белгілерін жоғалтқан қазақтар мен казактар арасында бір-бірімен шиеленісті қақтығыстар болды. Олардың арасындағы болған бұрынғы байланыс бірнеше ғасыр бұрын үзілген еді, олар бір-біріне жат және тіпті де танымады. "Қазақ" этнонимін апып жүргендер XIX ғасырда мүлде басқа халықтар болып кеткенді.

Сонымен қатар олар бір-біріне қарама-қарсы екі жақта тұрды: біреуі Ресейге қатысы бойынша жері мен мемлекеті төуелді (қазақтар), кейін отарлы елге айнапғандар, ал келе-сілері (казактар) - метрополия мүддесіне сай, олардың тілегін орындаушы топ болатын
Ал Женібек пен Керей бастаған қауым әлемге "Қазақ хандығы, қа-зақ мемлекеті" келгенін паш етті. Сол заманнан бері Қазақ есімі та-рихи санаға, басқа елдерге танымал болды.

Бүркітбай АЯҒАН, Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор.


//Солтүстік Қазақстан.-2015. -7ақпан.-3 бет.

Возможно вам будет интересно

Көшелер сөйлейді. Новелла

Көшелер сөйлейді. Новелла

  САЛТАНАТТЫ керуен құрып, бірнеше машина совхоз орталығын бетке ұстай жылжып келеді. Күн шұғыл... Читать полностью.

Яворская В. Торговый дом купца Шамсутдинова

Яворская В. Торговый дом купца Шамсутдинова

ТОРГОВЫЙ ДОМ КУПЦА ШАМСУТДИНОВА До сих пор в центре улицы Ленина, бывшего Вознесенского проспекта,... Читать полностью.

Муканов К. Песни Ыбырая // Проспект СК. – 2010. – 15 октября. – С.9

Муканов К. Песни Ыбырая // Проспект СК. – 2010. – 15 октября. – С.9

В нынешнем году исполняется 150 лет со дня рождения известного казахского певца Ыбырая Сандыбаева. ... Читать полностью.