Дәстен Баймұқанов

Дәстен Баймұқанов - есімі өңірімізге танылған өнер иесі. Әнші, термешілігіне қоса, сазгер де. Айтыскерлігімен де белгілі.

Ол 1991 жылы еліміздің Тәуелсіздігіне арнап «Қазағым» әнін шығарды. Сөзін де өзі жазды.

Әннің алғашқы орындаушысы - Дәмеш Құрманкина. Кейін әнші Біржан Есжанов та осы әнмен сахнаға шығып жүр.

Дастен Абылайұлының басқа да әндері бар. Ол, сондай-ақ, күй де шығарған. "Дәуір" атты күйін облыстық филармонияның Сегіз сері атындағы халық аспаптары оркестрі қабылдап алды.

Дәстен Баймуқанов кәсіпкер болғандықтан, өнерлі жастардың облыстық байқауларын өткізуге қаржылай көмек көрсетіп, меценаттық қырынан да танылып келеді.


ҚАЗАҒЫМ

Сөзі мен әнін жазған Дәстен БАЙМҰҚАНОВ

Қазағымның алып ұшқан
Ақ жүрегі жалын құшқан
Кең даламның құшағындай-ай.
Ақ тілегі арман құсы,
Бақ тілегі қорған құсы,
Күннің әзін тұсағандай-ай.

Қ-сы:

Қазағым, ақ ниетті данасың,
Қазағым, жалындайсың, жанасың.
Қазағым, ар-ожданды санасы,
Адымдап ақ арманға барасың,
Болар күннің болашағын болжап барасың!


Тағдыр жүгін арқалаған,
Ауыр күні тарқамаған,
Сондадағы мойымайтын-ай.
Қайсар мінез қайратыңа,
Қайта мініп, қайтатула
Ұлыс күнін тойлайтындай-ай!

Қ-сы:

Арай күннің шапағатын,
Ұрпақтардың аманатын,
Ертеңіне жеткізетін-ай.
Қол ұстасқан жастар тұрып,
Тарихыңды дастан қылып,
Ертеңімен өткізетін-ай!


Дәстен Баймұқанов // Солтүстік Қазақстан. - 2014. - 6 қараша. - 7 бет

Возможно вам будет интересно

Был педагогом по призванию: [100 лет со дня рождения заслуженного учителя Казахской ССР Виталия Ивановича Сакуна]

Был педагогом по призванию: [100 лет со дня рождения заслуженного учителя Казахской ССР Виталия Ивановича Сакуна]

 Исполнилось 100 лет со дня рождения Виталия Ивановича Сакуна, заслуженного учителя Казахской С... Читать полностью.

Шухов, И. Ветер разлуки / Илья Шухов // Простор. – 1996. - № 8. – С.12 – 38.

Шухов, И. Ветер разлуки / Илья Шухов // Простор. – 1996. - № 8. – С.12 – 38.

Илья Шухов Ветер разлуки Повесть в миниатюрах, эскизах и воспоминаниях Часть вторая Журналь... Читать полностью.

Муканова Г. Личность евразийской величины: [Кожаберген Жырау] // Северный Казахстан. – 2013. – 25 апреля. – С.9, 12

Муканова Г. Личность евразийской величины: [Кожаберген Жырау] // Северный Казахстан. – 2013. – 25 апреля. – С.9, 12

 ЛИЧНОСТЬ ЕВРАЗИЙСКОЙ ВЕЛИЧИНЫ К 350-летию со дня рождения Кожабергена жырау О выдающихся лич... Читать полностью.