Шығыс Қазақстан - әрдайым достықты ту етіп келе жатқан өңір. Еліміздегі барша ұлт пен ұлысты ұйытып отырған келісім моделінің нығаюына ерекше улес қосқан шыгысқазақстандықтар көптеген идеялар мен жобалардың бастамашысы.
Таяуда Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына орай өңірде онкүндік шаралар басталды. Алдымен Өскемендегі Достық стеласының алдында шығысқазақстандық этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен ауқымды флэш-моб акциясы өтті.
Облыстык «Достық үйіндегі» «ЬІнтымак-Содружество» жастар бірлестігінің бастамасымен өткен акцияға жастар ұйымдарының белсенділері, жоғары оку орындарының студенттері және этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары қатысты. Флэш-мобқа қатысқан түрлі ұлт өкілдері өздерінің ұлттық нақыштағы әсем киімдерін киіп, қолдарына еліміздің Көк туын ұстап, бір шаңырақ астында жарасымды, өзара түсіністікте өмір сүріп жатқандықтарын паш етті.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялағаны белгілі. Ассамблеяның XXI сессиясында қабылданған бұл шешімнің мәні зор. Шығыс өңірінде жүзден астам ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады.
Мемлекет басшысының этносаралық келісім моделінің тиімді жүзеге асырылуының нәтижесінде өңірімізде барлық ұлт екілдері достык рәуіште, тату-тәтті тіршілік етуде, - деді Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының меңгерушісі Еркінбек Аязбаев.
Салтанатты шараның соңын-да флэш-мобқа қатысушы жас-тар еліміздегі татулық пен тұрақ-тылықтың, бейбітшіліктің нышаны ретінде зеңгір көкке шар ұшырады. Аталған шараның мақсаты
Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы аясында еліміздегі достық пен ынтымақты, бірлікті нығайту, Отанға деген сүйіспеншілік рухты ояту, жастарға патриотггык тәрбие беруді жандандыру. Осылайша, Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының ашылуы қарсаңында өткен флэш-моб акциясы шара шеңберінде өтетін онкүндіктің алғашқы шымылдығын түрді.
Бұл онкүндік барысында түрлі қайырымдылық акциялары, концерттер өткізіліп, дәрістер мен конференциялар ұйымдастырылды. Айталық, Достық үйінің ұжымы мен «Ынтымақ-Содружество» жастар ұйымы Зыряң ауданының Серебрянск қаласындағы балалар үйіне қайырымдылык кемек ұйымдастырды. Сондай-ақ, «Қайырымды қолдан махаббат-пен!», «Жан жылуыңды сыйла!» атты қайырымдылық акциялары өтті. Аталған акция аясында төрт баласын бағып отырған жалғызілікті ана Кенжегүл Қанапияноваға азық-түлік себеті жеткізілді.
«Вайнах» чешен-ингуш этномэдени бірлестігі Әскемендегі Ахмиров кентіндегі балалар үйінде концерт өткізді. Балалар үйінін директоры Аман Ісләмов кавказдық өткір билердің балалардың көңілін көтергенін жеткізіп, ризашылығын білдірді.
Сонымен бірге, «Сүйікті қалам» акциясы аясында этномәдени бірлестіктер мен хореографиялық ансамбльдер қаланың керікті орындарын аралады. Этномәдени ұйымдардың жастары Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Даңқ мемориалына, Ұлы Абайдың 170 жылдығы қарсаңында ақын ескерткішіне және геноцид кұрбандарына арналған «Хачкар» киелі тасына гүл шоқтарын қойып, бабалар рухына тағзым етті.
Өскемендегі жоғары оқу орындарында Ассамблея институтының маңызы женінде дәрістер оқылды. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалык университетінің «Қазақстан жэне құқық тарихы» кафедрасының меңгерушісі Галина Панковская Тәуелсіздік жылдары ішінде қоғамның рухани емірінде әлеуметтік жауагікершілікті сезіну, ұлттық сананың жаңғыруы сынды ете күрделі үдерістер жүргенін, тоқсаныншы жылдардың басынан бастап тарихты қайта зерделеу кезінде ең басты қол жеткізген байлығымыздың бірі халықтар достығын сақтап қалу болғанын атап керсетті.
1992 жылы Қазақстан халқының I форумында Президент Нұрсұлтан Назарбаев аталған фо-румды тұрақты еткізіп тұру идеясын айтты. Ал 1995 жылы 1 наурызда қоғамдық-саяси емірімізде ұлттық саясат саласындағы жаңа институт - Қазақстан халқы Ассам-блеясы пайда болды. Осылайша, ТМД елдері арасында еліміз'' алғаш рет этносаралық қоғамныңі қазақстандық моделін бекітті. Аталған институт құрылғаннан бері елімізде тұратын барлық ұлттардың өзара достығы мен келісімін нығайтуға үлкен септігін тигізді, - деді Галина Панковская.
ӨСКЕМЕН.
//Егемен Қазақстан.-2015. -6ақпан. -4бет.
ЭБС "Библиороссика"
ЛитРес: библиотека
Қазақстанның ашық кітапхана
Казахстанская национальная электронная библиотека
Қазақстанның ашық кітапхана
Электронное правительство
Рухани жаңғыру
Послание президента
Государственные символы