Біздін Бельгер


Соғыс кезі тап болған соң дауылға
Ауып келген бір үй біздің ауылға.
Не көрсе де, бірге көрді елменен,
Бірге көніп, бірдей төзіп ауырға.

Ұзынтұра, үлкен неміс әбігер,
Он ауылға — жалғыз ғана дәрігер.
Жұрттың оған үйрегені соншалық,
Бельгер деуші дәрігерді бәрін ел

Есім көрші, Бекім көрші өбектеп,
Айран-сүтін берді көптеп, көмектеп.
Біздің жақтың кісілері әйтеуір
Бельгер үйін көрген емес бөлектеп.

Сол кісінің Гера деген баласы,
Үлкендерге үйірсегін қарашы!
Өңі жирен, өзі жиен секілді,
Ешкім оған болмаса да нағашы.

Омар-Коспан, құдай қосқан екі жан,
Екеуінің жалғыз ұлы — Ібіжан.
Ібіжанның досы болған Гераның
Қазақ бола бастауы да осыдан

Әркімнің де итшанасы бар үйде,
Шаңғы біте бермейтұғын әр уйге.
Елден бұрын дөңге шыққан екі дос
Өзгелерге жеткізбейтін, әрине.

Көбік қарда көсілдіріп шаңғымен,
Шоқ қайыңды шыр айналмақ алдымен.
Сарыбелге, Саздыағашқа тартады
Бірін бірі қуалаған қалпымен.

Тасөткелге, Тереңсайға барыпты, Күнұзаққа сансыз шимай салыпты.
Сары аязды сезбей қалған Гераңыз
Тобық майын тоңазытып алыпты.
Содан екен сырғанаққа келмеуі,

Ібіжанға, Темешке де ермеуі.
Үйден қыстай шығармады Гераны
Әкесінің күндіз-түні емдеуі.
Көпке дейін көшені бұл сағынып,

Кітап оқып отыратын сарылып.
Жастайынан бойға біткен жақсы әдет,
Көп оқудан көрген емес жалығып.
Сол окудың жететіндей түбіне,

Бас алмастан жүрді шәкірт күнінде
"Әр бейнеттің бір зейнеті бар" десек,
Бұдан асқан олжалы жоқ бүгінде,
Абай жырын, Мұхтар сөзін жаттаған,

Тілімізге аса жүйрік ақтабан
Әкесінің үміті мен сенімін
Біздің Герольд толығымен ақтаған
Тынымы жоқ өмір шіркін — желмая,
Егде тартты Гера менен Рая.
Екеуіне ғұмыр бер, деп тілейміз,


Ж.Нұрхан.Біздін Бельгер//Солтүстік Қазақстан. – 2014. – 28 қазан. – 4 б.

 

Возможно вам будет интересно

Сезон с Марией Велизарий

Сезон с Марией Велизарий

 В истории петропавловского театра, того, что теперь называется Северо-Казахстанским областным ... Читать полностью.

Исенов Б. Сын степи // Северный Казахстан. – 2011. – 27 октября. – С.7

Исенов Б. Сын степи // Северный Казахстан. – 2011. – 27 октября. – С.7

Готовится к изданню книга члена Союза писателей Казахстана, заслуженного работника культуры, почетно... Читать полностью.

"Куском нефрита на скале... - о гордом подвиге Чокана"

"Куском нефрита на скале... - о гордом подвиге Чокана"

 Шокан Уалиханов (Чокан Валиханов) - ученый-востоковод, литератор и историк, этнограф и фолькло... Читать полностью.