ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕК ЖАСАЛАДЫ

   Солтүстік Қазақстан облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс мерекесіне дайындық және тойлау женіндегі өңірлік шаралар жоспары жасалды. Онда Ұлы Отан  соғысындағы Жеңіске үлес қосқан азаматтарға көлемі 100 айлық есептік керсеткішке дейін бір реттік төлемдер жасау кезделген Бұл тұралы облыстық жұмыспен   қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы хабарлады.  

Облыстық және аудандық (қалалық) бюджеттерден мына санаттағы азаматтар материалдық көмек алады: соғысқа қатысушылар мен мүгедектер - 100 АЕК көлемінде; Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқияр еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО орден-дері және медальдарымен марапатталған түлғалар - 25 АЕК көлемінде; жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша соғысқа қатысушыларға теңестірілген түлғалар - 5 АЕК келемінде. Басқарманың хабарлауы бойынша, барлығы 15 мыңға жуық солтүстік қазақстандықтардың төлем-ақыға қолы жетеді.

Сонымен бірге, 2015 жылы Петропавл қаласында және облыс аудандарында Ұлы Отан соғысы-ның қатысушылары мен мүгедектеріне, сол сияқты оларға жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша теңестірілген тулғаларға әлеуметтік кемек керсету жалғасатын болады.
Хабарламада айтылғандай, тіс протезін салуға, санаторлық-курорттық емдеуге, жатып емделу орнына барып-қайту жолақысына әлеуметтік кемек керсету жоспарлануда.
Обылыстық әкімінің баспасөз қызметі.



//Солтүстік Қазақстан. -2015. -31 қантар. -8бет

Возможно вам будет интересно

Петропавловцы присоединились к «Бессмертному полку»

Петропавловцы присоединились к «Бессмертному полку»

 Весь Петропавловск 9 Мая превратился в одну большую праздничную площадку, пишет газета «... Читать полностью.

Ұлтының ұлылығын аңсаған жазушы

Ұлтының ұлылығын аңсаған жазушы

Жерлесіміз, қазіргі Жамбыл ауданына қарасты Жаңажол ауылының маңындағы Елтінжал орман баурайындағы... Читать полностью.

АЛАШТЫҢ АЙБЫНЫ

АЛАШТЫҢ АЙБЫНЫ

                                               АЛАШТЫҢ АЙБЫНЫ    “Менің бабам, күйдірген қыр аптабы... Читать полностью.